Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖЕТІ МОДУЛЬ  ИДЕЯСЫ КІРІКТІРІЛГЕН «Х.ЯССАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ -

ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯСЫ КІРІКТІРІЛГЕН «Х.ЯССАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1613 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Аблаева Ирсай Зайниддиновна
Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылы, Яссауи атындағы ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі

ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯСЫ КІРІКТІРІЛГЕН «Х.ЯССАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде елімізде білім беру ісін жаңартудың демократияландыру мен ұстанымдары ретінде , олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты - өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру . Ол үшін, әрине , бұған дейінгі атқарылған іс-шараларды , жеткен жетістіктерді жүйелі дамытып, ұлттық мектептің оқыту жүйесіндегі үлгілі үрдіс , озат та озық тәжірибелерді қалың көпке кеңінен насихаттап , осы бағыттағы түйінді де келелі мәселелерді дұрыс жолға қою - сауапты істердің басты талаптардың қатарына жататын бәріміз білеміз . Мұның өзі айта келгенде , қоғамдың өмірдегі өскелең өзгерістерді жіті таразылап, қазіргі кезеңдегі оқу жүйесін , тәлім-тәрбие ісіне сергек қарауды қажет етеді. Мен осы мақсатта Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша алған теориялық білімімді тәжірибеде қолданбақ болып Х. А. Яссауи атындағы жалпы орта мектебіне бардым . Мен сол аты аталған мектепте бастауыш сыныпқа сабақ беремін. Тәжірибемнің алғашқы күні мектептің басшысына кездесіп, 4 апта бойы оқыған оқуымның мақсаты және оның 7 модульдың оқушыларға білім беруде жақсы нәтиже беретінін айттым. Мектеп басшысы «Қадамың құтты болсын» деп, жүзі балбұл жанып, зор ілтипатпен қарсы алды. Мектептен Үшінші деңгей бағдарламасын оқып үйренуге бастауыш сыныптан алғаш барған мен болғандықтан директор өзі қызығып жан - жақты сұрақтар қойды . Кейін директордың мектеп оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жолдады . Ол кісіде мені жақсы ілтипатпен қарсы алып , маған арнайы сынып ажыратып берді . Кейін мен әріптестеріммен кездесіп , оларға Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсының жеті модулімен таныстырып , сол модульдар бойынша мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесінде әріптестерімнің өздеріне өзгеріс енгізуім керектігін түсіндірдім . Әріптесім Ф.Хаджиевамен кеңесе отырып, мен тәжірибемді 4 - « В » сыныбында өткізуді жөн көрдік .
Мектептегі тәжірибемнің бірінші аптасында 4 - «В» сыныбына тәрбие сағат өттім . Тәрбие сағат оқу барысында байқағаным сыныпта жоғары бағамен оқитын оқушылар төмен бағамен оқитын оқушылармен бір орында отырмайды және оларды жетелеу, көмектесуге ынтылмайды. Сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында «Менің жанұям және менің мақсаттарым » тақырыбында тренинг өткіздім.


Ынтымақтастық атмосфера орнату

Тренингтің мақсаты: оқушылар бір-бірлерін жақыннан танып - білуге және олардың топтасып жұмыс алып баруларына мүмкіндігін кеңінен ашу . Керекті материал: Қызыл түсті, әдемі гүлшоқ. Тренингтің барысы: Оқушылар кезекпен орындарынан тұрып, өздерінің есімдерін атайды. Есімін кім қойғандығын , не үшін қойғандығын, қандай мағынаны білдіретіндігін айтып өтті . Жанұя мүшелері туралы кеңінен айтып, түсіндіріп өтеді.Келешектегі мақсаттарын кезекпен айтып, бір - бірлеріне гүлшоқтарын өткізеді . Мысалы : Мысалы менің есімім Асадбек. Есімімді атам қойған. Жанұясы туралы және келешектегі мақсаты туралы айтып сыныптастарымен өз армандарын бөліседі . Бір - бірінің армандарымен мақсаттарын бөліскен адамдардың қарым-қатынастары жаман болуы мүмкін емес. Келесі сабақтарда 4 - « В » сыныбында ынтымақтастық атмосфераның қалыптаса бастағанын байқадым . Бірінші сабақтарда топтасып жұмыс істеуге құлшыныстары жоқ оқушылар тренингден кейін өзгере бастады .Топтық жұмыс барысында ауыз біршілік дағдылары қалыптаса бастағанын байқадым . Бұл жағдайдан кейін топтық жұмыс жасайтынымызды айтқан кезде оқушылар ерекше көңіл-күймен қабылдайтын болды.


Өрмекші торы әдісі
Оқушылардың сабақ барысында көп мағлұматтарды қабылдап, есте сақтаулары үшін бірінші болып сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды маңызы ерекше екендігі анықталды . Бастауыш сынып мұғалімі Ф.Хаджиева мен бірігіп осы сыныпқа арнап орта мерзімді сабақ жоспарын жасадық. Мұғалім бұрын – соңды ондай әдіс тәсілдерді көрмеген. Ол тек бағасы жоқ оқушыдан сабақ сұраған , топпен жұмысты сайыс деп түсінген , оқушылардың сыни тұрғынан ойлауына мән бермеген , тек 4 - 5 баға алған оқушы ғана талантты және дарынды оқушы деп есептеліп келген . Мен келесі сабағымды Блум таксаномиясы бойынша өтетінімді айттым . Оқушыларды бағалау үшін бағалау критериясын істеп шықтым . Сабақты сәлемдесуден бастадым . Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында « Жылы тілек » тренингін өткіздім . Балалар бұрын соңды істеп көрмеген сергіту сәтін жасаттым . Сергіту сәтінен кейін оқушылар сабаққа дайын екенін сезінді . Кейін сурет қиындылары арқылы сыныпты төрт топқа бөлдім . Одан кейін сыныпты бүгінгі сабақ жоспарымен таныстырдым . Оқушылар сабақ жоспарына қарсы болған жоқ . Сабақтың бағалау критериясымен оқушыларға бір - бірлеп таныстырып шықтым .

Венн диаграммасы
Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер модулі.
Блум таксономиясы бойынша алғаш «Білу» де тағы бір модульді қолдандым . Ол оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер модулі. Осы модульдің ішіндегі диалогты оқыту сабақ өту барысында тиімді екенін байқадым. Диалогты оқытудағы 4 - сынып оқушыларына жас ерекшелеріне сай зерттеушілік әңгіме сай келеді. Зерттеушілік әңгімеде әрбір оқушылар ақылға қонымды мәлімет ұсынады, әрбір оқушының идеясыпайдалы ретінде бағалағанымен , мұқият бағалау жүргізеді , топ мүшелері бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді , топтағы қатысушылар келісімге келуге тырысады ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 40 бет)
Есімімді атам қойған. Жанұясы туралы және келешектегі мақсаты туралы айтып сыныптастарымен өз армандарын бөліседі . Бір - бірінің армандарымен мақсаттарын бөліскен адамдардың қарым-қатынастары жаман болуы мүмкін емес. Келесі сабақтарда 4 - « В » сыныбында ынтымақтастық атмосфераның қалыптаса бастағанын байқадым . Бірінші сабақтарда топтасып жұмыс істеуге құлшыныстары жоқ оқушылар тренингден кейін өзгере бастады .Топтық жұмыс барысында ауыз біршілік дағдылары қалыптаса бастағанын байқадым . Бұл жағдайдан кейін топтық жұмыс жасайтынымызды айтқан кезде оқушылар ерекше көңіл-күймен қабылдайтын болды.
Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлдім . Жаңа тақырыпты әр топқа бөліп бердім
1- Ахмет Яссауи өмірі
2- Ахмет Яссауидің ұстаздары
3- Ахмет Яссауидің Түркістанға қайтуы
4- Ахмет Яссауи өсіеттері
Оқушылар алдымен берілген тапсырманы өздері жеке оқып дайындалды, одан соң жұп болып бір - біріне түсіндірді , кейін топ болып талқылады. Бұл тапсырма барысында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасты нығайтты. Өздері меңгере алмаған білімдерін топтағы басқа оқушылардан сұрап үйренді.
Ол сұрақтар сол кезге дейін оқып үйреніп келгендері. Алғашы әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындады және топ болып талдады, дұрыс не бұрыс екендігін айтты . Топ мүшелері берілген сұрақтарды бір - біріне үйретіп отырды . Оқушылардың сабаққа деген ынтасы тағыда жоғарылап кетті. Мен диалогты оқыту нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
Сабақ беруде де, оқытуда да тілдің басты рөл екенін түсіндім. Сауалнаманы және топтық жұмысты пайдалануды қоса алғанда, жеке басты оқытуды дамытуға ықпал ететін педагогикалық нысан ретінде әңгімелесуді қалай тиімді пайдалану керектігін ұғыну туралы өз идеясынын білдіреді.
Бастауыш және негізгі мектептерде сабақ беруде және оқытуда диалогтық тәсілдерінің жиынтығын өзінің ағымдағы іс-тәжірибесінде пайдаланады.
Сыныптағы диалогтік тәсілдерді бағалауды үйренеді.
Диалогтік тәсілдер оқытуды жетілдіруге қалай ықпал ететінін түсінеді .
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету .
Әр топқа жеке-жеке постер тарқаттым . Берілген өсиетте не туралы айтылған? тақырыбы бойынша алған білімдерін постерге түсіруге , тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беріп отырдым . Оқушылардың ерекшеліктерін , негізгі қасиеттерін тексердім .
Ахмет Яссауи өмірі
Ахмет Яссауидің ұстаздары
Ахмет Яссауидің Түркістанға қайтуы
Ахмет Яссауи хикметтері байланыстырып түсінтірді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылық ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзілді. Бұл сабағымда қызығушылықты ояту кезеңіндегі «Ойлану» әдісін қолдандым. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөлісті, тобында талқылады. Айту, бөлісу ортаға салу арқылы оның ойы ашылды, талқылады.
Осылайша шыңдалған ойға бірте-бірте қадам жасай бастады. Оқушылар бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы біліммен ұштастырады.
Екінші кезең мағынаны тану. Бұл кезеңде оқушылар ИНСЕРТ әдісін қолдадым . Бұл әдісте оқушылардың көпшілігі білгім келедіні таңдаған. Ой –толғаныс кезінде оқушылар жасаған постерін қорғады. Бұл әдісте оқушылар Ахмет Яссауи хикметтерін түсіндірді.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.
Блум таксономиясы бойынша алғаш «Білу». Онда 7 модульдің бірі оқыту және оқуда АКТ-ны пайдалану модулін қолдандым . Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу мақсатында алдымен интерактивті тақта көмегімен оқушыларға жаңа тақырыпты слайдтар арқылы түсіндірдім .
Ахмет Яссауи өмірі
Ахмет Яссауидің ұстаздары
Ахмет Яссауидің Түркістанға қайтуы
Ахмет Яссауи өсіеттері құрылымы деген тақырыпшаларды интерактив тақтада түсінтірілген кезде оқушылар бірден түсіне бастады. Сабақ аяқталғанға дейін бағалау критериясын интерактив тақтада бақылап отырдылар. Онда «Оқу пирамидасы» да оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызында көрсетілім арқылы сабақ өтілсе оқушылар 30 % сабақты есте сақтап қалады . Жаңа тақырыпты әр топқа бөліп бердім.
1.Ахмет Яссауи өмірі
2.Ахмет Яссауидің ұстаздары
3.Ахмет Яссауидің Түркістанға қайтуы
4.Ахмет Яссауи өсіеттері. Оқушылар алдымен берілген тапсырманы өздері жеке оқып дайындалды , одан соң жұп болып бір-біріне түсінтірді , кейін топ болып талқыладылар . Кейін Джиксо әдісі бойынша олар орындарын ауысып бір - біріне тақырыпшаны түсіндіреді . Оқу пирамидасы бойынша алған білімдерін талқыласа оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа 50 пайызыны құрайды. Жаңа тақырыпқа қатысты « Миға шабуыл » әдісін қолдандым. Онда оқушыларға . Ахмет Яссауи кім? Ол қай жерде туылған ? Оның атасының есімі кім? Оның алғашқы ұстазы кім? Оның жастық шағы қай жерде өткен? Яссауидың қандай кітабы бар? Кітабында не туралы жазылған? деген сұрақтар қойдым. Оқушылар топпен талқылап отырып , сұрақтарға жауап берділер.
«Түсіну» онда оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер модулін қолдандым. Талантты және дарынды балаларды оқыту .

Көрсетілім
Талантты және дарынды балаларды оқыту, модулін қолдандым. Белгілі бір салаға байланысты даулы мәселені талқылауға яғни «Берілген өсиетте не туралы айтылған?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар бұрынғы алған білім негіздерін пайдалана отырып , мәселені шешу жолдарын топпен талқылады . Дебат басында оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелер анықтап алынды. Оқушы әрқашан да өз ойларын ортаға салып отыру керек. Өйткені дебатта натиже сан қилы пікірлердің тоғысуынан пайда болады. Топ ішінде басқа топтағы қарсыластардың пікірлерін мұқият тыңдау керек. Қарсыластарының сөздерін бөлмеу керек . Оқушылар өз ойларын толықтыруға мүмкіндік беру. Оқушылар өз пікірлерін ойталқының аяғына дейін ұстануға міндетті емес. Керісінше , олар пікірлерін өзгерту арқылы олар өздерінің икемділігін, ойларын ұшқыр екендігін аңғарты .
Оқушылар дебатта мынадай білімдерін дамыттылар :
Өзіндік пікір қалыптасады
Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіре білу
Пікірлердің айырмашылығын аңғару
Басқалардың пікірлерін сыйлау
Басқалардың өзіңмен келіспейтіндігін көріп , олармен келісімге келу керектігін түсіну
Өз пікірін өзгерте білу , басқа пікірлерді ұстануда қайшықпау , басқаларға бейімделу керек
Тыңдау жасап, шешім қабылдау
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса , басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса , келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін . Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн , біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін . Бұл мәселеде топдағы әрбір топ мүшесі өз ойларын ортаға тастап отырды . Зерттеушілік жұмыстарының барысында оқушылардың білім алуы , тыңдалымы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976ж .) пен Мерсердің (2000ж) айтуынша , зерттеушілік әңгіме – талқылау - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар ортақ проблеманы шешті. «Жинақтау» онда оқушылар топпен бірлесіп постерге салған суреттері арқылы жаңа сабаққа байланыстырды. Ойларын түйіндеді.Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасады.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі



Бағалау
Оқушылар сабақ басында түсіндірілген бағалау критериясы бойынша өзін-өзі бағалады .
Оқушыларға алғаш болып бағалау критериясы не оны қалай қолдану керек , топта бір-бірін қалай бағалау керектігі туралы түсінік берілді.
Кедергілер: Бұл іс тәжірибемді жүргізү барысында мынадай кемшіліктер болды.Уақыттың жетіспеуі, формативті бағаны қоюда, өзімнің интерактивті тақтаны толық менгермегенім жане сабақта шу болуы.
Кедергілерді жою: Топ ержесімен регламент сақтауға көңіл бөлдім. Бағалау критерийін жасадым. Интерактив тақтада жұмыс істеуді үйрендім.
Мен алдағы уақытта оқушыларға оқытудағы жеті модулді негізге ала отырып жұмыс істеймін, дұрыс бағыт-бағдар бере отырып,оларды өздігінен ізденуге,мақсатына жету жолдарын сыни тұрғыдан ойланып табуға мүмкіндік беруді көздеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Мұғалімге арналға нұсқаулық. 2015 ж
2. Мектептегі іс - тәжірибемнен 2015ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.