Меню
Назад » » »
«Жеті жарғы» және оның қоғамдық рөлі
загрузка...

загрузка...
«Жеті жарғы» және оның қоғамдық рөлі

Батырбекова Гүлбаһар Нұрмаханбетқызы
Б.Өтен атындағы мектеп-интернаты кмм,
тарих пәнінің мұғалімі

ХҮІІ ғасырда қазақ хандығына жан-жақтан қауіп төніп, елдің ауыз бірлігі әлсірей бастайды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
«Жеті жарғы» қазақ халқының мемлекет жəне құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. Оның қайнар бастауы қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дəстүрі, əдет-ғұрыптары. Бұлар бірнеше мыңдаған жəне жүздеген жылдар көшпелі ортада, Евразияның ұлан-байтақ даласында сақталып, толықтырылып, XVII ғасырдың соңында XVIII ғасырдың басында жаңа редакцияға түсті» [1]
«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақтың тайпа, ру басылары «Жеті жарғы» заңдар жинағы негізінде жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
«Жеті жарғыны» жасауға үш жүздің билері мен өкілдері қатысқандықтан, ондағы міндеттер мен құқықтар барлық қазақ жерінде қолданылды. Жыл сайын күзге қарай Ташкенттен қырық шақырым жерде, Ангрен өзенінің сол жақ жағалауындағы Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері бір-екі айға жиналып, кеңес құратын. Бұл жиындарда халқымыздың тағдырындағы сыртқы жаулардан қорғану, көші-қон жолдарын реттеу, ел-жұрт арасындағы дау-дамайларды шешу сияқты ең маңызды мәселелер талқыланатын. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. «Күлтөбенің басында – күнде кеңес» деген ұғым сол уақыттардан қалған.
Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Өлген адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген, ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер-де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ — 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген. «Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс-деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас атып өлтіру. Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар өлім жазасына кесілген.
Қылмыстық істерді билер соты қараған. Билер соты барысында екі жақ келісуі бойынша өлім жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда; егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда; жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда; «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Ал, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен.
«Қазақта батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Бұл екеуі де Абылай заманында қарттық басып, тұғырдан түскен кісілер. Абылай ханның хан болып дəуірі жүріп тұрғанда құнға кесім қылдырған, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып билік қылдыратұғын биі Күлік Шобалай баласы Жəңке батыр би екен. Бұл кісінің құнға қылған кесімі қара құн - жүз жылқы, он екі жақсы; сүйек құны – елу жылқы, алты жақсы; өнер құны тоқал құн болады - тоғыз жақсы. Бұл үш құн еркекте Көтеш ақынға алынған, ұрғашыда Ұлбикеге алынған. Əлгі айтылған батырлардың бірде-бірі жауда өлсе, «жеті ердің құны алынсын» деп кесім қылған. Жауғаш, Биғаштың Жауғашы қалмақта өліп, жеті ердің құнын алған. Жақсы дегеннің басы жетім, қалы кілем, қара нар, мылтық, сондаймен тоғыз болады. Ұрғашының құны еркектің бір көзінің құны – елу жылқы, алты жақсы. Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылға шейін билік айтпайды екен, босаға күзеттіреді екен. Босаға күзеттіргеннің мəнісі – сол атының құйрығы кесілген үйден бір жылға дейін кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен. Шідер ұрлағанға шідері қайыс болса, үш атқа үш балағын салып, үш атты үш жаққа айдайды екен. Үш ат үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады екен. Аттың құйрығының құны – кісі кұны болды. Шідер құны – үш ат болды. Біреудің малын ұры ұрлап сойып жеп қойған болса, ол ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің қолына береді екен. Мал иелері атқа мініп алып, тақымына салып сүйрей жөнеледі екен. Өлшеулі мерзімді жері болады екен, соған дейін тартады екен. Өлсе өліп кетті, өлмей қалғанда «Салауат» деп қоя береді екен. Солай тартқанда адамның мойны жарты кез ұзарып кетеді екен» [3]
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті жарғының» түпнұсқасы жеткен жоқ. «Жеті жарғы» атауын алғаш рет Əз Тауке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының əскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне қатысты деректерді мол жинайды.
Н.Гродеков пікірінше «Жеті жарғы» Қасым мен Есім хандардың заманындағы қазақтың ескілікті заңдарының негізінде жасалған: «Хан Тауке собрал на урочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные обычаи ханов Касыма и Ишима (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в новые обычаи, называемые – «жеты жарға» [2]
Орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының»11 үзіндісін 1820-жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті жанрында жарияланған.
«Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы. – Алматы, 2006
2. Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. –Ташкент, 1889. Т. 1.
3. Абылай хан. Тарихи жырлар /Құраст. С.Дəуіт. – Алматы, 1993. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Жеті жарғы» және оның қоғамдық рөлі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 296 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar