Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жіктеу есімдіктерінің септелуі -

Жіктеу есімдіктерінің септелуі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3290 | Размер: | Автор: гость
. Орал қаласы №37 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Машгулова Айжан Калыковна

Сыныбы: 4 «в» Күні 18.03.2015
Сабақтың тақырыбы:
Жіктеу есімдіктерінің септелуі
Мақсаты:
Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуі туралы мәлімет беру, түсіндіру, тереңдету.
Күтілетін нәтижелер:

А. Жіктеу есімдіктерінің септелуінің мағынасын түсінеді.
В. Жіктеу есімдіктердің септелуіне сөйлемдер құрастырып, оны мәтіннен таба біледі.
С. Сөйлемде жіктеу есімдіктері қай септікте тұрғанын ажыратады.
Қажетті құрал-жабдықтар:

Видеоролик, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, тосынсый-рефлексияға.

Сабақ барысы:
Саб. кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

мин Психологиялық дайындық: Келген қонақтарды, оқушыларды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтау. «Кәмпиттер» тренингі арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Топ ережесін еске түсіру.
1.Зер салып, мұқият тыңдау
2. Ашық, өз еркін анық айта білу
3.Біреудің ойын бағалау
4.Сабаққа белсенді қатысу. Қозғалысқа түсіп 4топқа бірігу.

Оқушы ойланып жауап береді.

Тұсау
кесер

мин

мин Бүгінгі сабағымыз морфология тарауын, соның ішінде есім сөздердің түрленуін бекітуге арналады. Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазу.
Өз біліміңді тексер. (Өткен тақырып бекітуге тест орындау)
1.Есімдік деген не?
А)сөз табы В) сөз тіркесі С) сөйлем
2. Есімдік қалай қолданылады? А) сұрақтарға жауап беру арқылы В) қолданылмайды С) есім сөздердің орнына қолданылады Д) етістік сөздерінің орнына қолданылады Е) мұндай сөз табы жоқ
3.Есімдіктің сұрақтары бар ма?
А)не істеді? Неғылды? Қайтті? В) қай есім сөздің орнына жұмсалады, сол сөз табының сұрағына жауап береді с) жоқ
4 Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз: А) ендеше, соңдықтан
В) туралы, үшін С) мен, сен, ол
5. «Мен» жіктеу есімдігінің барыс септігінде түрленіп тұрғанын көрсетіңіз:
А) менің В) менде С) менімен D) маған
Тақтадан тест кілті беріледі, оқушылар өздерін тексереді.
Қолпаштау әдісі арқылы бағалау
Үй жұмысын тексеру. 4-жаттығу. Видеоролик жіберіледі (алдынғы сабақты бекітуге арн.)
1.Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін қандай мереке?
Наурыз мерекесі әр жылдың наурыз айының 22-жұлдызында өтеді. Бұл күн Қазақ күнтізбесінде, сонымен қатар шығыс күнтізбесінде жаңа жыл, яғни жыл басы ретінде аталады. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы наурыздың 22-жұлдызында күн мен түн теңеседі. Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық мерекелерінің ішіндегі ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Бұл күнді қазақ халқы ерекше қадірлеп «Ұлыстың Ұлы күні» деп атаған.
Жіктеу есімдіктерін әртүрлі септікте қолданып, сурет бойынша әңгіме құрап жаз. (Слайдта бағалау критерийлері жазулы)
Шеңбер бойынша дәптерлерін алмастыру. Бағдаршам әдісі арқылы бағалау, интерпретация жасау. Оқушылар құрастырған мәтіндерін оқиды.
Зерттеушілік әңгіме:
Тақырыпты оқу, топта талдау. «Жіктеу есімдіктерінің септелуі» Сабақтың табыс критерийлерін оқушылармен бірге табу.
Сабақтын табыс критерийлерін анықтау:
А.Есімдіктерді дұрыс танып біледі
В. Сөйлемде жіктеу есімдіктері қай септікте тұрғанын ажырата алады.
С. Әдеби шығармаларда жіктеу есімдіктерінің септелуін анықтап, мағынасын түсінеді, өмірде қолдана алады, мысалдар келтіреді.
Оқушылар күннің жадын жазып, дәптерлеріне тест жауаптарын жазады.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Төмендегі критерийлер бойынша бірін – бірі бағалайды.

Бағалау критерийі:

Сурет бойынша құрастырған әңгімелері нақты, дәлелді, жіктеу есімдіктерін әртүрлі септікте қолдана алған Жасыл түс
Сурет бойынша құрастырған әңгімелері түсінікті, бірақ жіктеу есімдіктерін аз қолданған. Сары түс
Сурет бойынша әңгіме құрастырған, жіктеу есімдіктерін қолданбаған. Қызыл түс
Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу.
Негізгі бөлім:

мин

1-жаттығу. Мәтінін 4 топқа бөліп беру. Карточкада жазылған сөйлемдерді талдау.
- Жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын айту.
- Есімдіктердің түбірі қай септіктерде өзгерген?
Оқулықтағы 1 тақырыпшаны оқып, «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру.
1топ-Мұқан есебін шығара алмай басы қатып отырған. Сол сәтте оның ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді.
2 топ- Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алғысы келді.
3 топ- Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды.Мұқан оған ренжіп қалды.Есікке қарай беттеген оны Сәкен тоқтатты.
4 топ- Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан оған риза болып, үйіне қайтты.
Ойлануға түрткі сұрақтар:
Есімдіктер қалай түрленеді? (септеледі, жіктеледі,көптеледі,тәуелденеді)
Мұқан мен Сәкенге мінездеме беру Венн диаграммасы арқылы

Кедергісі бар балаға: осындай жағдай сенің өміріңде орын алды ма?(«жадылық серуен» техникасы) Бүгін сабақта білімге құмар, өнерсүйгіш ,елде «домбырашы қыз» атанған кісі туралы айтқым келіп тұр.

2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып мәтінді көшіріп жаз.
Есімдіктер қай септікте, қай жақта тұрғанын айту. (Синтаксистік талдау жасау)
- Құрманғазы, Дина туралы не білесіңдер? Әйел адамның ауыр жүгін ысырып қойып, өнерді қалай қастерлеуді үйреткен алып ана. Өте қайратты,қажырлы кісі болған дейді. Ел басына қаралы күн туғанда ҰОС 4 бірдей арысын майданға аттандырды. Сұрапыл соғысқа аттанып, оралмаған қанша адам? Мұрат,Жұрынбай атты ұлдары соғыста көз жұмды. Соғыс жеңіспен аяқталды.Дина Н. Жеңіске арнап күйін шығарды.Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болады?
Құрманғазы менің әкем Кенжемен дос еді.Әкем зор денелі, қарулы, жиын-тойларда күреске қатысатын.Сондықтан халық оны палуан Кенже деп атайтын.Құрманғазы біздің үйге жиі келіп тұратын.Мен оның күйлерін зейін қойып тыңдайтынмын.Осыны сезген Құрманғазы маған күй үйрете бастады. Домбыра тартуды тастамай, оны жалғастыра беруімді өсиет етіп айтатын.
І жақ Мен (айтушы)
ІІ жақ Сен (тыңдаушы)
Сіз
ІІІ жақ Ол (бөгде жақ)
Көпше
І жақ Біз (тыңдаушы жақ)
ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ)
Сіздер
Олар (Бөгде жақ)

Сергіту сәті: Мен, сен, ол, олар
Бәрімізде бір ұжым.
Мынау сынып,бұл ұстаз,
Қуанышты күн бүгін. Осы сергіту сәтінде біздер қандай сөздерді пайдаланып тұрмыз?(Есімдік сөздер)
Қандай есімдік пайдаландық?» (мен, сен, ол, олар-жіктеу есімдіктері) Бәрі, бұл, мынау-сілтеу есімдіктері.

Терме диктанты 3-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін теріп жазып, сұрақ қою және қай септікте тұрғанын айту.
Біздің (кімнің?)І.с. 3 жақ, к.т. Менімен К.с.1 жақ,ж.т.,Біз а.с. 1 жақ,к.т., Біздің і.с.,1жақ,к.т.Менің і.с,1 жақ, ж.т.
Шығармашылық тапсырма
1-топ: Бос уақытыңда сен немен айналысқанды ұнатасың? жіктеу есімдіктерін пайдаланып, сол туралы 4-5 сөйлем жазыңдар
2-топ:. Мен- жіктеу есімдігін септеп жазу.
3-топ: Есімдік туралы не білдіңдер тірек-сызба арқылы көрсету. (флипчартқа)
4-топ: Бірінші сөзі жіктеу есімдігі болып келген ән аттарын жаз.

5-жаттығу( ауызша)
1) Топтарға тапсырма: Жақша ішіндегі мен тұлғасының қайсысы жіктеу есімдігі, қайсысы көмектес септік жалғауы екенін анықта.
1.Бүгін сабаққа сені(мен)бірге дайындаламын.
2.Інімнен бұрын (мен) келдім.
3.Осы(мен)әңгіме бітті дегендей үндемей қалды.
4.Тісін ақсита ырылдап тұрған итті көрген (мен) қаша жөнелдім.
Семантикалық картамен жұмыс.


Венн диаграммасын ойластырып, жасау.



.

.

Мәтінмен жұмыстанады, дәптерлеріне мәтінді көшіріп жазады

Шығармашылық жұмыс.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Топтар бір-бірінің жауаптарын тыңдай отырып, олардың түсіндіру дәрежесін бағалайды.

Оқушылар сөйлемдерін оқып, бірге талдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Семантикалық кестені толтырады.

Қорытынды: Рефлексия: Алғыс айту
Алдарыңыздағы Өзін-өзі бағалау парағын толтырып болсаңыз, тосын сыйды ашып қараңыз. Ішінде не бар?
«Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас»- дегендей, алдарыңызда екі жолақ қағаз.Егер сіз өз біліміңізге сенімді,сабақта қателескен жоқсындар-қызыл жолақты,
Әлі де түсінбеген жерім бар,әлі де жұмыстану керек дегендер-сары түсті жолақтарды і алып мына суретті аяқтайық.Мынау біздің күніміз.
Жарқыраған, әлемге аяң тәуелсіздігіміздің арқасында басқа мемлекеттермен тең, қазақ елі деген елімізде арқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын .

Үй жұмысы: 4-жаттығу, ережелерді қайталау.

Рефлексия жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.