Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жоғарыдан  екі қолмен допты беру және тосу -

Жоғарыдан екі қолмен допты беру және тосу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1417 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Жоғарыдан екі қолмен допты беру және тосу
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ойын арқылы ептілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру.
2. Оқушылардың қимыл қабілетін дамыту.
3. Бірлікке, татулыққа, инабаттылықа тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар: доптар, секіргіш, ысқырық, секундамер, гимнастикалық орындықтар.
Өтетін орны: спорт зал
Дайындық бөлімі:
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Саппен баяу жүгіру, оң жақ және сол жақ қырмен жүгіру, артқа және алға қарап жүгіру, жүріп келе жатып арнайы жаттығулар жасау, оң қол жоғарыда сол қол төменде, әр адамда қолды екі рет артқа қарай сілтеу, әр адымда қолды аяқтың ұшына тигізу, қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, өкшемен жүгіру, қолды белге қойып, аяқтың сыртқы қырымен жүру.

Негізгі бөлім:
1. Сапқа тұрғызып оқушыларды үш топқа бөлу. Топпен жаттығуларды жасау, қолды белге қойып 1-4 басты оңға қарай айналдыру. 5-8 басты солға қарай айналдыру. Қолды кеуде тұсына ұстап 1-2 алға, 3-4 оңға бұрылып қолды артқа сілтеу. Қолды белге ұстап 1-2 оңға денені бүгу, 3-4 солға денені бүгу, бастапқы қалыпқа келу денені алға еңкейту, қолмен аяқтың ұшына тигізу, қолды бүгу, сол аяқтың тізесін сол қолдың шынтағына тигізу, қолды бүгу сол аяқтың тізесін оң қолдың шынтағына тигізу 6-8 рет жасау. Қолды белге ұстап екі аяқпен секіру 6-8 рет жасау, қолды белге ұстап оң аяқпен сол аяқпен кезек-кезек секіру 6-8 рет жасау, орында тұрып аяқты жоғары көтеріп жүру, бір топ орнында тұрып пар-парымен жоғарыдан екі қолмен доп беру және тосу. Жеке 2-3 жаттығу жасау, екі топ белтемірге, ұлдар тартылу, қыздар белтемірге асылып аяқты тік көтеру 6-8 рет жасау, скакалкамен 10 рет секіру, 3-топ гимнастикалық скамейкада шалқадан жатып бір минутта денені ұлдар 20 рет қыздар 10 рет ысқырық бергенде 1-2-3 топтар орындарымен ауысып жаттығуларды қайталау, спорттық ойын ережесі бойынша ойнау 1-2-3 топтар арасында жарыс.

Қорытынды бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу, 2-3 рет саптық жаттығулар жасау, сабақты қорытындылау, баға қою.
Үйге тапсырма: Ұлдар кермеде тартылу, қыздар шалқадан жатып денені көтеру.

Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
КММ «Алға орта мектебі»,
Дене шынықтыру пән мұғалімі
Косаев Азамат Рысбекович.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.