Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жусан иісі -

Жусан иісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2023 | Размер: | Автор: гость
. Күдерова Эльмира Іскендірқызы,
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі, Бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Созақ ауданы ,Шолаққорған ауылы
Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі

Білімділік мақсаты: Сайын Мұратбеков өмірімен таныстыру.
Өз жинаған білімдерін іске асыруларына жол көрсету, яғни сйпаттау, әңгімелеу, мінездеме беруді жүзеге асыру.
Тәрбиелік: Жанашырлыққа, аяушылыққа үйрету, қиындыққа төзе білуге баулу.
Дамытушылық: Автордың ойын жалғастыра отырып, қиялдарын, ойларын дамыту, сөздік қорын байыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі .Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, талдау , сұрақ-жауап
СТО жобасының стратегиясы : Болжау, хат жазу, ой қозғау
Не болу керек: Автордың негізгі ойын тауып, өз ойларымен жалғастыру, жоспарлау.

Жаңа сабаққа дайындық:
Топтарға бөлу
1. «Алғырлар» тобы
2. «Тапқырлар»
3. «Жүйріктер» тобы «Алғырлар» мәнерлеп оқып шықса.

Мәтінмен жұмыс:
1. Мәнерлеп оқу
2. Жаңа жолды бөліп оқу
3. Мұғалім:
- Балалар осы әңгіме сендерге қандай сезім тудырды? Аянышты. Олай болса мәтіндегі өзіңе аянышты жерлерін белгілеп отырамыз. Теріп оқу:
1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқы
2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы
3. Аянның қора ішіндегі кейпін суреттеген жерін тауып оқы

4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқы
5. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы

Мәтінді бөліктерге бөлу, әр бөліктің мазмұнын айту «Тапқырлар» тобы - Жоспар құру:
1. Соғыс зардабы
2. Аянға келген қаралы қағаз
3. Аянның қорадағы кейпі
4. Аянның балалар үйіне кетуі
5. Аянды еске алу
6. Жусан иісі
«Жүйріктер» тобы толығымен мазмұндайды Өздікжұмысы:
1. Әңгімеде қай кездегі оқиға суреттелген?
2. Аянның достарымен қоштасар кездегі көңіл - күйі қандай болды?
3. Әңгімеге өзің қандай ат қоясың?
4. Осы әңгіме біз оқыған қандай әңгімеге ұқсайды?
Венн диаграммасы. «Жусан иісі» мен «Жетім» мәтінін салыстыру, ұқсастығын таба отырып әңгімелеу.
«Алғырлар» тобы.
Авторлық үстел: Аянға мінездеме
Қосымша сұрау: Осы әңгімені оқығандарыңыз бар ма? Аян неге аяғын сылтып басады?

Қорытынды бөлім:
«Тапқырлар» тобы: Сұрақтарға жауап бере отырып өз ойларын
дәлелдеу
1. Бұл әңгімені «Аянның жетім қалуы» деп атауға бола ма?
2. Аянның шыдамдылығы туралы не айтуға болады?
3. Ол кездегі «жетімдік» пен қазіргі кездегі «жетімдіктің» айырмасы бар ме?
4. Аянның өмірін жазып, сонымен бірге жүрген, қиналғанда достық көмегін ұсынған кім деп ойлайсыздар?
5. Автордың ойы қандай, неге «Жусан исі» деп аталған?
Мұғалім: -* Сабақтың басында сіздер өз балалық шақтарыңызды еске
түсірдіңіздер.

Барлығы да қуанышты, күлкілі болды. Ал бүгінгі әңгімеде Аянныңөмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар дей отырып сабағымызды қорытындылаймыз.

Үй тапсырмасы: Мазмұндау. Осы әңгімені өз бетіңмен жалғастыр.
Бағалау. Әр топтағылар өз - өздерін бағалайды.
Оқушылармен жұмыс:
Не болу керек: Мәтінді жүйелі әңгімелей білу, негізгі кейіперді сипаттай білу,
мінездеме беру
Не білу керек: Автордың негізгі ойын тауып, өз ойларымен жалғастыру, жоспарлау.
Үй тапсырмасы: 5 топпен жұмыс
Үй тапсырмасын қорытындылау: М. Мақатаев «Қырқыншы жылдар»
Жаңа сабаққа дайындық: Топтарға бөлу. бағалау парағы
«Алғырлар « «Тапқырлар» « Жүйріктер»

2 топ.

1. Мәнерлеп оқу
2. Барлығы көз жүгіртіп оқиды Алғырлар» - Теріп оқу
1. Аянның қара қағаз алған жерін тауып оқы
2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы
3. Аянның қора ішіндегі кейпін суреттеген жерін тауып оқы
4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқы
5. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы « Тапқырлар» - Жоспар құру
« Жүйріктер» тобы – мазмұндайды
« Алғырлар» - Сұрақтарға жауап бере отырып өз ойларын дәлелдеу.
1. Автордың ойы қандай?
2. Бұл әңгіме сендерге қандай сезім тудырды?
3. Неге « Жусан иісі» деп аталған?
4. Осы әңгімені қалай аяқтар едің?

5. Аянның шыдамдылығы туралы не айтуға болады?
6. Соғыс кезіндегі балалардың өмірі мен сендердің өмірлеріңді салыстырып айта аласыңдар ма?
7. Аянның өмірін жазып, сонымен бірге жүрген, қиналғанда достық көмегін ұсынған кім деп ойлайсыңдар?
Авторлық үстел. Аянға мінездеме «Тапқырлар» тобы өз ойларын жеткізеді.
Мұғалімнің көмегі. Неліктен аяғы ақсақ?
Өздікжұмысы:
Үй тапсырмасы: Мазмұндау
Қорытынды бөлім «Алғырлар» тобы сұраққа жауап алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.