Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл басы - Наурыз мерекесіне арналған сценарий -

Жыл басы - Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7613 | Размер: | Автор: гость
. Жыл басы - Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.
Отанын, елін, жерін, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар, т.б.
Мейрам өтетін жер салт- дәстүрлерге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерін киіп келеді.
Ұлатты сөздер жазылады:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы – Наурыз!»
«Құт береке мейрамы- Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойналып тұрады.
Жүргізуші:
«Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!»
Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Әр отбасына бақыт пен байлығын ала келсін!
Тойға арнап, ән -жырларын айтуға келген балаларды қошеметпен қарсы алыңыздар!
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар, әнменен
Қарсы алайық көктемді.
Ән «Көктем»
(Ортаға Әжей шығады)
Әже:
Бүгінгі мерекеге Астанадан арнайы келдім. Тойларың құтты болсын! Тойларың - тойға ұласа берсін! Мен де, бұл тойға құр қол келмедім, өзіммен шашуымды да ала келдім.

Жүргізуші:
Рахмет, әже ! Алыс жолдан шаршап келдіңіз ғой, мына үстелге отырып ,сәл демалып алыңыз!
(Ортаға жүгіріп Тазша бала шығады.)
Тазша бала:
О, халайық, халайық!
Шырқап әнге салайық
Көптен күткен ұлы той,
Құшақты кең ашайық!
Сүйіншілеп мен келдім,
Думандата бастайық!

Жүргізуші:
Сүйінші сұрап келген, Тазша баламызға көп рахмет! сыйлап, құрмет көрсетелік. Төрлет, Тазша бала қонағымыз бол!
(Тазша бала жайғасып отырады.)

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Музыка ойналып,Наурыз ортаға шығады)
Наурыз:
Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Шуақты көктем нұрымен,
Төгілтіп ән мен күй жырды,
Тіршіліктің бастауы,
Келіп тұр, міне, жаңадан
Наурыз айы мен болам!
(Шашу)
Әже:
Қош келдің, жаңа жылым!
Қадамың құтты болсын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!- деп, шашуын шашып,Наурызды қуана қарсы алады.
Жүргізуші:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу -маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
Ән:«Наурыз-Думан»

Жүргізуші:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы- жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Балалардың мерекелік тақпақтары:
1 бала:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қунышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала:
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз Наурыз!

3 бала:
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік,біз сізге!
Хош келдіңіз Наурыз!

Наурыз:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Шырқап әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық!
Би «Қара жорға»

Жүргізуші:
Наурыз тойға арналған,
Балалардан тарту бар.
Тамсандырып тақылдап,
Тақпағын айтсын, балалар.
(Балалардың тақпақтары.)
4 бала:
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.

5 бала:
Ата- бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығына тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.

6 бала.
Қауыша алмай қанша жыл,
Қалдық сенен адасып.
Сағындырып сен келдің,
Төрлет, есіктің бәрі ашық!

Тазша бала:
Өнерлі балалар екенсіңдер, менің де сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ұлттық ойынымыз «Қамшы алу» -деп , аталады.
Ойын шарты: Балалар шеңбер етіп байлаған арқан ішінде тұрады. Екі жаққа қамшылар қойылады. Белгі берілгенде балалардың біреуі шапшаң қамшыны алуы керек.

Жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректкерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен,шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз ата төрлетіңіз!
(Қыдыр ата батасын береді.)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!(Әумин!)
Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.