Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері. -

Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3046 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері.
Мақсаты:
1. Жаз және күз мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін қорытындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғатты өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы туралы білім беру.
2. Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Топтағы балалармен өз білгенін бөлісе алуға, пікірін айта алуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жаз, күз мезгілдерін бейнелейтін иллюстрациялар, өсімдіктер бейнеленген карточкалар, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: тіршілік.
Билингвальды компонент: Егістік- поле, шабындық-луг.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педогогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1 2 3
Мотивациялық- қозғаушылық Педагог жаз, күз мезгілдері туралы өлеңдер оқиды:
«Көлім, көлім, көлім» деп,
Қазда келлді маймаңдап;
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жазда келді жайраңдап.
Сарғайды торғай
Сап-сары маңдай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
М.Әлімбаев

Жыл мезгілдерін еске түсіруді сұрайды. Әр мезгілдің үш айдан тұратынын еске түсіреді. Балалар өлең мазмұны бойынша не түсінгендерін қысқаша айтады.

Жыл мезгілдерін атап береді.
Ұйымдастырушылық ізденістік Балаларға сұрақтар қойылады:
-Қазір қай мезгіл?
-Мұның алдында қандай мезгіл болды?
-Жаз айларын атаңдар.
Жаз мезгілін бейнелейтін сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.
-Жаз кезінде дала, орман, сабақтар қандай болып көрынеді?

-Жазда құстар мен жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

-Қандай жәндіктерді бақыладыңдар?(Педагог балалардың жауабын толықтырып, нақтылайды).

-Күн мен түннің ұзақтығы туралы не айтасыңдар?
-Адамдар қандай еңбек түрлерін атқарады?
Билингвальды компонент:
Егістік-поле, шабындық-луг.
-Егін жинау қайсы айда басталады?

-Балалар, сеендер жазда егістікке, шабындыққа, баққа, бақшаға бардыңдарма? Қазір біз сендермен «Не қайда өседі?» ойынын ойнаймыз.

-Ал өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай керек?
Бүгін біз өсімдіктердің тіршілігі үшін судың қажет екеніне көзімізді жеткізіп көрейік.
Бір шоқ гүлдің данасын алып, сусыз қалдырамыз. Біраз уақыттан соң сусыз қалған және судың ішіндегі гүлдерді салыстырамыз. Қандай айырмашылықтары бар?
Сепгіту сәті:
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай.
Педогог күз көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді.
-Күз туралы білетіндеріңді айтыңдар. Ауа райы қандай болады? Ағаштар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай өзгерістер байқалады? Есік қағылады. Қонаққа қарға келеді. Балаларға ол естіген оқиғасы туралы айтып береді:
Жәндіктер ормандағы алаңқайға жиналып, қысты қалай өткізетіндіктері туралы айта бастады. Көбелек: «Мен ескі сарайдың шатырының астында жылы қуыс бар, сонда жасырынамын» дейді.Құмырсқа: «Ал мен...»-деді. « Ал біз...»,- деп ызылдадаы арарлар.
«Ал мен ...»,- деп сыбырлады құрт. Жәндіктер не туралы айтуы мүмкін?
-Аңдар тіршілігінен нені байқадыңдар?

Адамдар қандай еңбек түрін атқарады?

Дәптермен жұмыс.
-Күз мезгілі.

-Жаз мезгілі.

-Маусым, шілде, тамыз.

-Дала, орман, саябақ жап-жасыл болады.
Гүлдер жайқалып өседі. Күн ыстық болады.
-Жазда құстар балапандарын ұясынан ұшырады. Жануарлар мен құстар үшін азық жеткілікті болады.
-Шегірткелер шырылдап, аралар гүлден гүлге ұшып- қонады.Көбелектер гүлден айнымайды.
-Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.
-Үй жануарларына қысқа шөп дайындайды, орманнан жидектерді жинайды.
-Тамыз айынан бастап егін жинай бастайды.
Балалар өсімдіктер бейнеленген карточкаларды тез алып, орман, шабындық, егістік, бақ, бақша бе»неленген үлкен картадағы бос торкөздерді толтырып жасырады.
-Жылу, су, жарық.
Балалр тәжірибе жасайды.
Біраз уақыттан кейін тәжірибенің қорытындысын бақылайды.
Өз қорытындыларын айтады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

-Күн салқындай бастайды. Жаңбыр жиі жауады. Күн өткен сайын ауа райы суыта береді.Жапырақтар сарғаяды,
Біртіндеп шөптер қурай бастайды. Құмырсқа: «мен илеуімнің түбіне ұйықтауға кетемін»,-деді. Құрт: «Мен ағаштың қабығының астына жапсырамын»,-деді. Ара: «Мен қуыстарға тығыламын»,-деді.

-Аңдар қысқа дайындалады,азық қорын жинайды,індерін жылылайды,жұқа жүндерін жылы жүнге ауыстырады,кейбір аңдар ұйқыға дайындалады.
-Адамдар егінді,жеміс,көкөністерді жинайды.Үй жануарларына қысқа азық дайындайды.Отын-суын қамдайды.
Тамсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік Жаз және күз көріністерін қатар қойып,салыстыру жұмыстарын жүргізеді:
-Жаз мезгіліне тән белгілерді тез атап шығындар.Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.
Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:топтағы балалармен пікір алмасуды,табиғатты бақылауды;

Түсінеді: жаз және күз мезгілінетән белгілерді;
Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы біледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.