Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жылқы. Сәбит Мұқанов. -

Жылқы. Сәбит Мұқанов.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1225 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.
Мақсаты: Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,
Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Портрет дегеніміз не? Мінездеумен қандай айырмашылығы бар? Балалар бақшада не істеді? Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен? Оны қалай емдеуге болады? Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жықы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс. Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма? 2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.

Жылқының пайдасы Дәлел
1. Еті Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.
2. Қымызы Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.
3. Терісі Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.

ҮІІ. Қорыту. Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз. 1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жылқының тағы қандай пайдасы бар ? 2. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.