Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жылдамдық . Уақыт. Қашықтық -

Жылдамдық . Уақыт. Қашықтық

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1972 | Размер: | Автор: гость
. Хайтенова Салима Оринтаевна,
№ 12 Т.Рүстемов атындағы
мектеп-гимназия бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Сайрам ауданы
Тақырыбы: Жылдамдық . Уақыт. Қашықтық

Сабақтың мақсаты: 1. Сандарды ауызша, жазбаша көбейтуге, бөлуге баулимын. Оқушылардың әр түрлі бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерін меңгерту, қашықтық, уақыт, жылдамдыққа байланысты білімдерін пысықтап тиянақтау.
Дамытушылығы: оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл-ойын, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу.
Тәрбиелілігі: балаларды өз Отанын, елін сүйетін, әрбір істі саналы түрде орындауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық, аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдістері: түсіндіру, «Ой шақыру» және «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, көрнектілікпен жұмыс, кестемен жұмыс, тестпен жұмыс, сызғыш, циркульмен жұмыс.
Көрнектілігі: қозғалысқа байланысты формула макеті, сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, сызғыш, циркуль, ұран сөз, дөңгелек, шеңбер макеттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
–Балалар, бәріміз білеміз, қазір көктемнің сәуір айы келді. Күн де күліп тұр, біз де күндей жадырап сабағымызды бастайық. Оқушыларды сабақ бастамас бұрын үш топқа бөліп аламын.
Бөлу үшін 1) Алғырлар 2) Тапқырлар 3) Үздіктер деп таңдау арқылы отырғызамын.
I топ - «Алғырлар» тобы.
II топ - «Тапқырлар» тобы.
III топ - «Үздіктер» тобы болып, бөлініп отырады.
II. «Ой қозғау» стратегиясы
– Балалар, тәңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларын бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық.
Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
1. Жылдың жетінші айын ата. (шілде)
2. Бүгін аптаның қай күні? (алтыншы)
3. 490 мен 1-дің көбейтіндісі. (490)
4. Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш нелер? (геометрик фигуралар)
5. 714 пен 719-дың арасында қандай сандар бар? ( 715, 716, 717, 718)
6. Есік қандай геометриялық фигура? ( тік төртбұрыш )
III. Сабақ мазмұнымен таныстыру
– Балалар, біз бүгін жылдамдық, уақыт, қашықтық қозғалыстарға байланысты есептер шығарамыз.
IV. Тірек білімді еске түсіру.
– Балалар, өткен сабақтар бойынша білімдерімізді сынап көрейік, өрнектерді тақтаға шығарады.
I топ. 1) Ұзындық өлшем бірлігі не?
2) 5700 * 70
II топ. 1) Ауырлық өлшем бірлігі не?
2) 280356 : 623
III топ. 1) Уақыт өлшем бірлігі не?
2) 2030 * 254
– Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз?
Балалар жылдамдық, уақыт, қашықтықты қалай табатыны туралы ережелерді естеріне түсіріп өтеді. Формулаларын айтып өтеді.
V. Жаңа сабақ.
– Бүгінгі сабағымызда жылдамдық, уақыт, қашықтық қозғалыстарға байланысты есептер шығарамыз.
№ 1. I топқа « а » , II топқа « ә », III топқа « б ».
а) t=4 мин
S=1км=1000м
V=S:t=1000:4=250 м/м
ә) t=30 мин
S=30 км=30000 м
V= 30000:30=1000 м/м
б) t=10 мин
S=1км=1000м
V=S:t=1000:10=100 м/м
№ 2. . I топқа « а » , II топқа « ә », III топқа « б ».
а) V1= 12 км/сағ
V2= 10 км/сағ
T= 2 сағ
S0= 40 км
S=?
S= (V1+V2)•t +S0= (12 + 10 ) • 2 + 40 = 84( км)
ә) V1= 12 км/сағ
V2= 10 км/сағ
T= 2 сағ
S=84 км
S0=?
S0=S - ( V1 + V2)•t = 84 - ( 12 + 10 ) • 2 = 40 км
б) V2=12
T= 2 сағ
S0= 40 км
S=84 км
V1 = ? км/сағ
V1= (S - S0):t – V2= (84-40):2-12= 10 км/сағ
VI. Сергіту сәті.
«Сәйкес санды тап»
320, 270, 460, 390, 230, 360, 380, 270, 320.
1000 = ? + ? + ?
1000 = ? + ? + ?
1000 = ? + ? + ?
1710, 290, 560, 530, 1850, 450, 250, 1900, 370.
1000 = ? – ? – ?
1000 = ? – ? – ?
1000 = ? – ? – ?
VII. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары.
Тауардың массасы Тауардың құны
1000 г ? теңге
500 г 400 теңге
250 г ? теңге

VII. Сабақты бекіту кезеңі
– Бүгінгі сабақтағы білімдеріңді бекіту үшін тест жұмысын таратамын, жылдам белгілеп шығасыңдар.
1. V1 = 20 км/сағ V2 = 26 км/сағ S = 460 m t = ?
a) t=2 сағ в) t=5 сағ ә) t=10 сағ
2. V1=60 км/сағ V2=80 км/ сағ t=2 сағ S = ? км
a) 280 км в)140 км ә)360 км
3. t =3 сағ V2 = 5 км/сағ S = 27 км V1 = ? км/сағ
a) 5 км/сағ в) 4 км/сағ ә) 6 км/сағ
4. Жақындау жылдамдығы неге тең?
а) Жылдамдықтардың қосындысына
ә) Жылдамдықтардың айырмасына
б) Жылдамдықтардың көбейтіндісіне
5. Автокөлік 65 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша жолды жүріп өтеді?
а) 67 км ә) 120 км б) 130 км

IX. Сабақты қорытындылау.
X. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма беру.

Тәуелсіз елдің жемісі сендерсіңдер !
Алар қашықтықтарың (S) ұзақ,
Жылдамдықтарың ( V ) шапшаң,
Уақыттарың ( T ) мағыналы болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.