Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жылыжай жұмысын жүргізу тәжірибеміз -

Жылыжай жұмысын жүргізу тәжірибеміз

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1791 | Размер: | Автор: гость
. Жылыжай жұмысын жүргізу тәжірибеміз
Қазығұрт ауданында Тұманбек Алиев әкім болып тұрғанда, ол ауыл округтерін аралауға шығушы еді. Сөйтіп, барлык ауыл округтерінде жеке- жеке «көшпелі әкімдік мәжілісін» өткізетін. Ха- лыктың мүң-мүктажын тыңдайтын. Сондай можілісте ауыл округіне қарасты мектептердің бас- шыларына жылыжай салу жөнінде тапсырма беретін. Мүндай жылыжайдың оқушы балаларды еңбекке баулуда, дүрыс тәрбиелеу- де орны өзгеше екенін түсіндіретін. Сөйтіп, аудан- дағы мектептердің көпшілігінің жанынан жылыжай салынған. Уақыт өте келе олардың біразының тірліктері божырап, жүрдім-бардым жолға түсіп кеткенін жасыра алм£ймыз. Ал, бірнеше мектептің бас- шылары түрақты онім алып отырған, өздеріне пайда әкеле бастаған жылыжай- ларда көкөніс дақылдарын өсіру мен күтіп баптауды игсріп, іс-тәжірибесін да- мытып отырған жағдайлары да бар.
Жігерген ауыл округіндегі Абай атьгадағы жалпы орта мектебінде 2009 жылы жаз- да күрделі жөндеу болған. Білімүясының едені ауыс- тырылып, терезелеріне уақыт талабына сай пластик койылған. Жөндеу кезіндегі еденнен шыққан ескі ағаш- тар, бүрынғы ағаш терезелері бір кәдеге жарар деп бүзылмай, үқыпты сақ- талған.
2010 жылы қыркүйекте, жаңа оқу жылының басын- да Абай мектебіне Балта Жүнісов директор болып келген. Балтекең сол кездегі ііудан басшысы Түмекеңнің тапсырмасымен аталмыш білімүясында көлемі 100 м2 келетін жылыжай салуды қолға алған. Айналасына 30 сантиметр биіктіктс іргетас қүйылған соң қабырғала- рына әлгі екі қабатты әйнектен түратын ағаш терезелері қойьтлған. Еденнің бүрынғы ағаштары шатырына пайдаланылған. Шатыры күн соулесі мол түсетіндей етіп арнайы жы- лыжайға арналған үш қабатты қабықшамен жа- былған. Қабықшаның бірінші қабаты ішкі жылу- ды сақтайды, сыртқа шы- ғармайды. Ортаңгы қабаты берік, онша-мүншаға жыр- тылмайды. Ең соңғысы, яғни сыртқысы — жылы-
жайда егілген кокөніс да- қылдарын қардан, жаңбыр- дан, суықтан, ыстықтан қорғайды. Жылыжайдың қүрылысы өте жылдам қар- қынмен жүріп, бас-аяғы бір аптаның ішінде, қазан айы- ның 10-ы күні аяқталған. Арнайы пеш орнатылған. Айналма ыстық су жүйесі жүргізілген. Жыльгжай мек- теппен байланысты емес, өз алдына жеке жылу қазан- дыгы арқылы жылытылады. Егілген коконіс дақылдары тамшылатып суарылады. Ең алғаш жылыжайға күзгі қырыққабат, 2011 жылы ақпан айының соңында қияр егілген. Біз, еңбек пәнінің үйірме жетекшілері Мейірманқұлов Әбдіқайым және Бурабаев Өмірсерік, жылыжайдың жүмысына оқушыларды тартып, оларды еңбек етуге тәрбиелеп келеміз. Арнайы желең киген оқушылар жы- лыжайға егілген қырыққа- бат (оны орамжапырақ деп те атайды), қияр және қызанакты отайды, арам шөптерден тазалайды, уақтылы суғарады, кезі кел- генде табиғи тыңайтқыш- пен қоректеидіреді.
2012 жылы қаңтарда қырыққабат, кейінірек күзгі қияр егіліп, өнімдері жиналып алынған. Бір айтарлық жай, нақ осы білімүясында мектептердегі директорлардың жылыжай- да кәкөніс дақылдарын осіру және күтіп баптауға арналған аудандық семина- ры үйымдастырылған. Мек- теп басшысы Балта Төре- бекүлының өзі баяндама жасаған. Бүл семинар тәжірибе алмасу жағынан өзгелерге көп көмегін тигізген.
Ағымдағы жылы жылы- жайға арналған кекөніс түрлерінің үрықтары, дәндері әкелініп, кошет- терін өсіріп, ақпан айында орамжапырак, ерте көктем- де қияр мен қызанақ қон- дырылған. Таяуда біз Абай мектебінің жылыжайына арнайы барған болатынбыз. Бізді білімүяның басшысы Балтекең мен еңбек пәнінің мүғалімі Өмекең қарсы адды.
— Қазір орамжапырақ тау- сылған. Қызанақ пен қияр- ды жазғы демалыста мектептегі сауықтыру лагерінің балаларына пай- даланып келдік. Ендігі жер- де тамыз айының 10-ьгаан бастап «Жігерген» балабақ- шасының бүлдіршіндеріне сыйға тартудамыз. Жылы- жайда көконіс дақылдарын өсіру жоне оларды күтіп баптау оңай емес. Оның иесі ең алдымен жылу мөлшері, жарықтандыру, ылғалдылык, қүнарлы то- пырақ. желдету секілді бес қағиданы жатқа білуі тиіс. Болмашы бір қателік ала- тын онімінді жоққа шыға- руы мүмкін. Топырақты дайындау мен тыңайтудың, көшеттерді өсіру мен көшіріп отырғызудың, өсімдікті ашық жағдайға икемдеуге бағытталған жа- рықпен, ауамен және жы- лумен шыныктырудың, көкөністерді күтіп, баптау- дың өзіндік сырлары бар, — деді Б.Жүнісов.
Өткен жылы тамыз мәслихатында біздің білім ұямыз жылыжай жағынан II орын алды. Ал, биыл одан да жоғары көрсеткішке жететінімізге сенімдіміз. Біздің іс-тәжірибеміздің дұрыс қалыптасқанына көзіміз жетіп, әрі қарай дамыта береміз. Жылыжай жұмысын жүргізу тәжірибеміз басқаларға үлгі-өнеге болсын дейміз.

Мейірманқұлов Әбдіқайым,
Бурабаев Өмірсерік
Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округі, Абай атындағы жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімдері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.