Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыр  және  опера -

Жыр және опера

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1305 | Размер: | Автор: гость
. №64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназия. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
Бакирова Айгуль Балтаходжаевна
Сабақтың тақырыбы: Жыр және опера
Сабақтың мақсаты:
1) Халық фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін
музыкалық сауатты, эстетикалық және рухани жанынан жете дамыған
жеке тұлғаны тәрбиелеу;
2) Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармашылығына
балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу және
өз халқының әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрлері жөніндегі түсініктерін
қалыптастыру;
3) Музыканы таңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру.
Сабақ типі: Аралас
Сабақ көрнектілігі: Түрлі суреттер, буклеттер, күйтеспа.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі;
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, өйткені біздің сабағымызға қонақтар қатысуда. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жыр және опера».
Бұл тақырыпты өткен сабақта бастағанбыз. Бүгін жалғастырамыз.
2. Үй тапсырмасын пысықтау:
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақтағы үй тапсырмасының орындалуын тексеріп өтейік.
Қазақ халқы-ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен
қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған лиро-эпостық жырлар кең таралған. Мысалы: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»т.б
Көрнектілерді пайдалана тұрып, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың
білімін тексеру:
1) Е.Г Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде қандай опера жазды?
2) Операның либреттосын кім жазды?

3) Опера алғаш рет қай жылы қойылды?
Онда еркін аңсап, өздерінің шынайы махаббаты үшін күрескен
Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетілген.
-Сөзжұмбақ «Брусиловский» шешу:
1. Операдағы жағымсыз кейіпкер.
2. Төлегеннің әкесі.
3. Операдағы басты ария.
4. Бәкудің композиторы.
5. Арияның шағын түрі.
6. Операның әдеби-поэтикалық мәтіні.
7. Көркемді музыкалық –драммалық шығарма.
8. Операдағы музыкалық кіріспе.
9. Либреттоның авторы.
10. Әйгілі опера әншісі.
11. Кейіпкердің жеке әні.
12. Музыкалық шығарманың негізгі әуені.
- Ортаға балалар, кейіпкерлерімізді шақырамыз. Мына кейіпкерлеріміз
арқылы операның қысқаша мазмұнын еске түсіреміз.
Тақтаға үш оқушы: Төлеген, Жібек, Бекежан бейнелері кейпінде шығады.
-Төлеген: Алыстан келіп Қыз Жібекке ғашық болған ер
Төлеген мен боламын. Өзімнің болашақ жұбайыма ескі салт бойынша,
ата-анамның айттыруымен қосыла салуды қаламай, Жібектей сүйген
жарымды өзім таңдап алуды мақсат еткен ер Төлеген мен боламын.
Қыз Жібек: Мен қайғылы сұлу Жібекпін. Операның басты кейіпкерлерінің бірімін. Төлегенді ұнатып, онымен бірге болуды арман еткенмін.
Бекежан: Жібекке деген шынайы махаббатым Төлегенді жеккөрушілігіммен, біреудің басындағы жақсылықты көре алмайтын күншілдігіммен бірге қабаттасып көрінген Бекежан батыр мен боламын. Әкесінің қорлығына қарамай, Жібекті іздеп, қайта оралған Төлегенді садақпен атып өлтірген батыр мен боламын.
Осы кейіпкерлердің орындауында операдағы басты ария
«Гәкку» әнін тыңдаймыз.
Музыкалық сауаттылықтарын тексеру мақсатында, оқушыларға тест
сұрақтарын тарату;
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Жыр және опера» тақырыбына арналған екінші сабағымызда бастаймыз.
- Жібек бейнесін тереңірек ашу мақсатында Е.Г Брусиловский
«Қыз Жібек» операсына басқа да халық әндерін енгізген. Мұндай
әннің бірі- белгілі әнші, композитор Мұхиттың «Дүние-ай» әні.
Мұхит Мералыұлы (1841-1918) Батыс Қазақстан жерінде туған. Жасынан қабілетті ақын өзінің табиғи дарынымен көптеген
сұлу сазды әндер шығарған.
- «Дүние-ай» әнін үнтаспадан тыңдау;
Бұл ән Жібектің қайғылы сәтінде беріледі. Ол Жібектің құрбы-қыздарымен, жақындарымен, туған өлкесімен қоштасатын көрінісінде айтылады.
- Операдағы Төлеген бейнесі де халық әндері мен күйлерінің лейтмотиві негізінде құрылған. Төлеген бейнесі үш түрлі сазды әуенмен сипатталады. Олар: «Қос барабан», «Ал қара-ай көк», «Қаракөз».
Үміттің үзіліп, қайғылы жағдайдың туғанын сездіру үшін қолданылған.
Үнтаспадан «Қос барабан» әнін тыңдау;
- Бекежанның лейтмотиві «Аққұм» әнінің негізінде құрылған. Ол Бекежанның ариясында оркестрдің кіріспесі мен қорытынды бөлімінде беріледі де, Жібекке Төлегеннің қайғылы қазаға ұшырағанын сездіреді.
- Үнтаспадан «Аққұм» әнін тыңдау;
- Балалар, терме дегеніміз не?
Сұрақ-жауап.
- Операда халық әндері мен күйлерінен басқа тақпақ сазды терме әуені де қолданылған. Шеге партиясы - соның айқын айғағы.
- Шеге – операда жағымды кейіпкердің бірі. Сұлу Жібекке арнап, шалқыған термені орындайтын Шеге – суырыпсалма ақын, халық өнерпазы, Жібектің ақылшы ағасы, сүйеніші.
«Шегенің термесі» орындап, үйрету этапы. Терме жылдам, жігерлі орындалады, негізгі әуен бірнеше рет қайталанып, мәтіннің мазмұнына қарай дамиды. Термеден үзінді үйрету кезінде, ырғақтың құрылысына, дыбыстардың орналасу қашықтықтарына, 7-8 буынның бір нотамен айтылуына оқушылардың назарын аудару.
4. Бекіту кезеңі;
Бүгінгі сабақты қалай меңгергендеріңді байқау мақсатында сендерді «Бәйге» ойынына шақырамын. Менің сұрақтарыма дұрыс жауап берген балаға ұлттық музыка аспаптарын бәйгенің жүлдесі етіп ұсынамын.
Сұрақтар:
1) «Дүние-ай» әні кімнің әні?
2) Е.Г Брусиловский бұл әнді операның қай сәтінде пайдаланған?
3) Төлеген бейнесі қандай сазды әуендерін сипатталған?
4) Бекежанның лейтмотиві қандай халық әннің негізінде құрылған?
5) Қыз Жібек операсында термені кім?
Сыйлықтарды ұсыну;
5.Қорытындылау.
Әр сабағымызда халқымыздың ән-күй, терме, жыр, айтыс
өнерімен танысып келеміз. Олар арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, әдет-ғұрпы жөнінде де біршама хабардар болудамыз.
Сонымен халық музыкасы - қайнар бұлақ, одан сусындап нәр аламыз.
Терең де сазды халық әндерін негізге ала отырып, композиторлар әрбір жырдағы кейіпкерлердің жан-дүниесін, музыка арқылы бізге жеткізеді екен.
Болашақта сендердің де іштеріңнен осындай өнер адамдары шықпасына кім кепіл?
Бүгінгі сабағымызда өздерінің өнерін білген, қатысып отырған оқушыларды бағалаймыз.
-Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Шегенің термесі» орындау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.