Меню
Назад » » »
Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау.
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жыраулар поэзиясының өзі өмір сүрген орта сипатына,
тарихына тікелей қатыстылығын көрсету, толғауларының
негізгі тақырыбын ашу. Данагөй бабалар жырларындағы ел
бірлігін сақтау тақырыбы бүгінгі күнде де өз мәнін
жоймағандығын көрсету.
Дамытушылық – өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге баулу, сөздік
қорын молайту.
Тәрбиелік – рухани – эстетикалық, ұлтжандылық тәрбиесін беру.
Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері, халық педагогикасы, әдебиет
теориясы, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Бес ғасыр жырлайды» кітабы,
I, II том, «Ай, заман – ай, заман – ай» кітабы, т.б.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау, жинақтау, бекіту,
түсіндіру, т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру.
III. Өтілген материалдарға шолу. Пысықтау сұрақтары:
(Төменде берілген сұрақтардың барлығы (6 сұрақ) ұяшықтарға орналастырыл-ған. Әр топ өзінің командасына қанша ұпай әпергісі келсе, сол ұяшықты таң-дап, сол сұрақтарға жауап береді.)
I. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
1. 20 ұпайдың сұрағы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан
....................................................
Ол кім? Оның қандай толғауларын білесіңдер? Оның жауынгерлік фразеологизмдер мен ерлік ұғымындағы образдарға толы шығармаларынан үзінді оқу.
2. 40 ұпайдың сұрағы.
1523 жылы Астрахань түбіндегі әскери жорықта қаза тапқан жауынгер жырау кім? Оның арманға толы қандай толғауы бар? Осы тақырыпқа қалам тартқан тағы басқа қандай жырауларды, ақындарды білесің?
3. 30 ұпайдың сұрағы.
Үмбетей жырау кімдерге арнап арнау жазған? Арнауларынан үзінді оқу.
4. 20 ұпайдың сұрағы.
Шал ақынның адамның жасына берген бағасы туралы айт.
5. 20 ұпайдың сұрағы.
1723 жылы болған «Ақтабан шыбырынды» оқиғасы кезінде батырлығымен қол бастап, шешендігімен сөз бастаған ұлы жырау кім еді? Оның ұрпақтарына қалдырған өсиетінен үзінді келтіру.
6. 20 ұпайдың сұрағы.
Санаулы сөзге салмақты ой сыйдырған жыраулардың нақыл сөздерге айналып кеткен даналық сөздерінен мысал келтіру.
7. 40 ұпайдың сұрағы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
II. «Кім жылдам?» ойыны.
(Шарты: үш топтың оқушылары бір – біріне сұрақ дайындап, сол сұраққа тез әрі дұрыс жауап берулері керек.)
III. Қорытынды.
Оқушы жауаптары:
1. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған...
Ол кім? Оның қандай толғауларын білесіңдер?
Ж.:Қазтуған – қалмақтарға қарсы қол бастаған батыр, оның тоғыз ұлы да ел қорғаған батырлар болған. «Онымыз тұрып оқ атсақ, Он сан қалмақ бөлінген»,- деп сөйлейтін Қазтуғанның өлең жолдары жауынгерлік фразеологизмдер мен ерлік ұғымындағы образдарға толы.
МЫСАЛЫ:
Белгілі биік көк сеңгір, Ақ дария толқын күшейтер,
Басынан қарға ұшырмас Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ер қарауыл қарар деп, Ортамнан ойран салар деп.
Алыстан қара шалар деп. Азамат ердің баласы
Балдағы алтын құрыш болат Жабыққанын білдірмес,
Ашылып шапсам деп тартар, Жамандар мазақ қылар деп!
Сусыным қанға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқамда қосым қалар деп.
НЕМЕСЕ:
Салп – салпыншақ анау үш өзен, Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Салуалы менің ордам қонған жер. Балығы көлге жылқы жаптырмас.
Жабағылы жас тайлақ Бақасы мен шаяны
Жардай атан болған жер. Кежідегі адамға
Жатып қалған бір тоқты Түн ұйқысын таптырмас.
Жайылып мың қой болған жер. Қайран менің Еділім,
Жарлысы мен байы тең, Мен салмадым, сен салдың.
Жабағысы мен тайы тең. Қайырлы болсын сіздерге
Жары менен сайы тең. Менен қалған мынау Еділ жұрт!..
Ботташағы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.

НЕМЕСЕ:
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақ ала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұл Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт.
Кіндігімді кескен жұрт.
Кір – қоңымды жуған жұрт.
Қарағайдан садақ будырып,
Қылқаншамды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
2. 1523 жылы Астрахань түбіндегі әскери жорықта қаза тапқан жа-уынгер жырау кім? Оның арманға толы толғауынан үзінді оқы. Осы тақырыпта толғанған тағы басқа қандай жырауларды, ақындарды білесің?
Ж.: Айналайын Ақ Жайық, Алты құлаш ақ найза
Ат салмай өтер күн қайда?! Ұсынып шаншар күн қайда?!
Еңісі биік боз орда Садақ толған сайгез оқ
Еміне кірер күн қайда?! Масағынан өткеріп,
Қара бұлан терісін Басын қолға жеткеріп,
Етік қылар күн қайда?! Созып тартар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып, Кет Бұғадай билерден
Кіреуке киер күн қайда?! Кеңес сұрар күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп, Еділдің бойын ел жайлап,
Күреңді мінер күн қайда?! Шалғынына бие біз байлап,
Толғамалы ақ балта Орындықтай қара сабадан
Толғап ұстар күн қайда?! Бозбаламен күліп – ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
А) Ақтамберді (1675 – 1768 жж) толғауынан үзінді:
Күлдір де күлдір кісінетіп, Жалаулы найза жанға алып,
Күреңді мінер ме екенбіз?! Жау қашырар ма екенбіз?!
Күдеріден бау тағып, Тобылғы түбі құралай
Ақ кіреуке киер ме екенбіз?! Бытыратып атар ма екенбіз?!
Жағасы алтын, жеңі жез, Жарлауға біткен жапырақ
Шығыршығы торғай көз Жамылсақ тоңар ма екенбіз?!
Сауыт киер ме екенбіз?! Жазыққа біткен бүлдірген
Ор қояндай жүгінтіп, Сұғынсақ тояр ма екенбіз?!
Аш күзендей бүгілтіп, Тобылғы сапты қамшы алып,
Жолбарыстай шұбарды Тұмар мойын ат мініп,
Таңдап мінер ме екенбіз?! Қоныс та қарар ма екенбіз?!
Сол шұбарға мінген соң, Ел жазылып жайлауға
Қоңыраулы найза қолға алып, Жақсылар кеңес құрғанда,
Қоңыр салқын төске алып, Мұртымыз өрге шаншылып,
Қол төңкерер ме екенбіз?! Бұрын да сөйлер ме екенбіз?!

Ә) Махамбет (1803 -1846жж) толғауынан үзінді:
Айналайын Ақ Жайық, Елбең – елбең жүгірген
Ат салмай өтер күн қайда?! Ебелек отқа семірген,
Еңсесі биік боз орда, Арғымақ туған асылды
Еңкеймей кірер күн қайда?! Барыстай жал – құйрығын таратып,
Қара бұланның терісін Бауырынан жаратып,
Етік қылар күн қайда?! Тұяқтан ұшқан тозаңын
Күдеріден бау тағып, Арқадан жауған қардай боратып,
Сауыт киер күн қайда?! Басын көкке қаратып,
Күмбір – күмбір кісінетіп, Құлағын істей қадалтып,
Күреңді мінер күн қайда?! Баптап мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?! Алаштағы жақсыдан
Алты құлаш ақ найза Батасын алып, дәм татып,
Ұсынып шаншар күн қайда?! Түлкідей түн қатып,
Масағынан өткізіп, Бөрідейін жол жатып,
Басын қолға жеткізіп, Жаурынына мұз қатып,
Созып тартар күн қайда?! Жау тоқтатар күн қайда?!
Кет Бұғадай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?!
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның,
Ризалықпен жайғасып,
Қолын алар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орнықты қара сабадан,
Бозбаламен күліп – ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
3. Үмбетей жырау кімдерге арнау арнаған?
Ж.: 1. Бұқарға арнауынан үзінді:
Үй сыртында ақша тау,
Панасы жоқ болса,
Бұл шіркіннің несі тау?
Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келінің жау.
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы әйелің жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Кей сорлының әйелі
Күндіз ауру, түнде сау,-
Арқаңа артқан тұзбен тең!

НЕМЕСЕ:
Жылға – сай батпақ болса, өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың.
Бұл дүниенің жүзінде осы қиын –
Жаман деп өз үйіңнен кете алмассың.
Бәйбішең аю болса, аса алмассың,
Қарау болса, әй деуге бата алмассың.
Мейманға отың басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың.
Қосағың қоса ағармас қосақ екен,
Құдайым осылай да қосады екен.
Тоты құс жарқанатқа пенде бопты,
Бұқарым, айтар мінің осы – ақ екен.
2. Бекболат биге арнауынан үзінді:
Мен Пайғамбардан бастасам, Баласын мақтар бас жаман,
Әңгімеге кетермін. Әйелін мақтар хас жаман.
Едігеден бастасам, Алыстағы дұшпаннан
Ертегіге кетермін. Аңдып жүрген дос жаман.
Келтесінен қайырсам, Бір бие бітпей, бие болмас,
Сөз түбіне жетермін. Бір түйе бітпей, түйе болмас.
Енді сізге не дермін: Өз малын кізнеген,
Бай болмаған бай болса, Кісі малын іздеген,
Жайламаған сай қоймас. Түбінде өз малына өзі ие болмас!
Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас.
4. Шал ақынның адамның жасына берген бағасы туралы айт.
Ж.: НЕМЕСЕ:
Он бестегі жасым – ай, Елу – ердің жасы екен,
Жарға ойнақтаған лақтай. Алпыс – бір сұмдықтың басы екен.
Жиырмадағы жасым – ай, Жетпіс келді төтелеп,
Көлге біткен құрақтай. Кәрілікті жетелеп.
Отыздағы жасым – ай, Сексен келді бүйірден,
Таудан аққан бұлақтай. Қалдырып кетті үйірден.
Қырықтағы жасым – ай, Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Қырымдыға көз салған, Сүйегің қартайған соң, бор екенсің.
Байлаулы тұрған құр аттай. Тоқтының баласына әлің келмей,
Елудегі жасыңыз Балаңның баласына қор екенсің.
Қайта көшкен ел екен.
Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен.
Жетпіс жасқа келгенде,
Қараңғы тұман түн екен.
Сексен жасқа келгенде,
Қазулы тұрған көр екен.
Тоқсан тұрған көр екен,
Өлімнен басқа жоқ екен.
НЕМЕСЕ:
Жиырма бес – кәмелетке келген жасым,
Қырықта қынсыз қылыш болған басым.
Елуде екі көзің елең етер,
Алпыста ақ сақалды шал боласың.
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Мойныңды жан – жаққа бұра алмайсың.
Бәрі де көрінгеннің келін болып,
Шақырмаған үйлерге кіре алмайсың.
Сексенде селкілдеген шал боласың,
Қайда деп он бес қайран дал боласың.
Тоқсанда өлі де емес, тірі де емес,
Бәріне көрінгеннің таң боласың.
А) Бұқар жыраудың берген бағасы:
Жиырма деген жасыңыз Алпыс деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай. Қайғылы – мұңлы күн екен.
Отыз деген жасыңыз Сексен деген жасыңыз
Жарға ойнақтаған лақтай. Қараңғы тұман түн екен.
Қырық деген жасыңыз Тоқсан деген жасыңда
Ерттеп қойған құр аттай. Ажалдан басқа жоқ екен.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен.
5. 1723 жылы болған «Ақтабан шыбырынды» оқиғасы кезінде батырлығы-мен қол бастап, шешендігімен сөз бастаған ұлы жырау кім еді? Оның ұрпақтарына қалдырған өсиетінен үзінді келтір.
Балаларыма өсиет:Тоқсанға жас келген соң,
Қылмаңыздар кепиет.Өлім жақын көрінді.
Бірлігіңнен айрылма, Бар арманым айтайын
Бірлікте бар қасиет. Батырларша жорықта
Татулық болар береке, Өлмедім оқтан қайтейін!
Қылмасын жұрт келеке. Ел аман болсын лайым,
Араз болсаң алты ауыз Тілегім берді бәрін де,
Еліңе кірген әреке.Разымын, Құдайым!
Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
Ақылың барың ұғарсың,
Ойың болса сезімді.
НЕМЕСЕ:
Сары аязда қата ма Сырқат болсаң жат жерде
Қайнардың аққан тұнығы? Жаныңда кім бөгелер.
Қап түбінде жата ма Әділ туған жақсыға
Болаттың асыл сынығы? Екі даугер жүгінсе,
Халқы тозып кем болмас, Тізесін қисық бұрмаса,
Әділ болса ұлығы. Асылдығы білінер.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
6. Санаулы сөзге салмақты ой сыйдырған жыраулардың нақыл сөздерге айналып кеткен даналық сөздерінен мысал келтіру.
А) Шал ақынның нақыл сөздері:
1. Байлауы жоқ шешеннен 6. Ата – ананың қадірін
Үндемеген есті артық. Балалы болғанда білерсің.
Бәйге алмаған жүйріктен Ағайынның қадірін
Белі жуан бесті артық. Жалалы болғанда білерсің.
2. Елу – ердің жасы. 7. Бұл өлім қайда жоқ?
3. Дүние деген шолақ екен, Жарқырағын айда жоқ.
Жан кеудеге қонақ екен. Күркіреген күнде жоқ.
4. Келін жақсы болса, Мың теңгелік қайғыдан
Үйіңе көп кісі келеді. Бір теңгелік пайда жоқ.
Келін жаман болса,
Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең, төккісі келеді,
Төкпей құй десең, сөккісі келеді.
5. Жаманға дәулет бітсе, әуейіленер,
Жақсыға дәулет бітсе, бақ айналар.
Басыңа жазатайым бір іс түссе,
Арасы дос пен дұшпан абайланар.
Ә) Үмбетей жыраудың нақыл сөздері:
1. Қарап жатқан жыланның 3. Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Құйрығын неге басасың? Есіктегі құлмен тең.
Шағайын деп шапшыса, Қойныңдағы әйелің жаман болса,
Шоршып неге қашасың? Қаңтардағы мұзмен тең.
2. Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың.
Б) Ақтамберді жыраудың нақыл сөздері:
1. Жағама қолдың тигенін 3. Атадан алтау туғанның
Жалғыздық, сенен көремін. Жүрегінің бастары
Жамаулы киім кигенім, Алтын менен бу болар.
Жарлылық, сенен көремін. Атадан жалғыз туғанның
2. Кәрі ақсайды ақылдан, Жүрегің бастары
Ер ақсайды жақыннан. Сары да жалқын су болар.
В) Шалкиіздің нақыл сөздері:
1. Айырдан туған жампоз бар 4. Жақсының жақсылығы сол болар
Жүгін нарға салғысыз. Жаманменен бас қосып,
Арғымақтан туған будан бар Сөйлемекке ар етер.
Күнінде көрінім жерді алғысыз. Жаманның жамандығы сол болар
Жаманнан туған жақсы бар Сөйлесе дәйім бетін қара етер.
Адам айтса нанғысыз. 5. Туырлықсыз қара үйге
Жақсыдан туған жаман бар Ту байламақ не керек!
Күндердің күні болғанда Туғаны жоқ жалғызға
Бір аяқ асқа алғысыз. Көп ішінде суырылып
2. Бір жақсымен дос болсаң, Жауға шаппақ не керек!
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Бар әлемге күлкі етер.
3. Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жамандығыңды жақсылыққа жыр етер.
Бір жаманға басың қосып сөз айтаң,
Сол жаман сырыңды сақтамай,
Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.
Г) Қазтуған жыраудың нақыл сөздері:
1. Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп.
6. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі туралы айт.
I. Ассонансқа (дауысты дыбыстардың үндесуі) мысалдар:
1. Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқамда қосым қалар деп. (Сүйінішұлы Қазтуған)
2. Арту – арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар төгіліп.
Алыстан жанжал сөз шықса,
Азулы сөйлер жүгініп. (Бұқар)
II. Аллитерацияға (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) мысалдар:
1. Қоңыраулы найза қолға,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз. (Ақтамберді)
2. Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң, біреудің ақын жеме.
Жақсымын деп біреудің ақын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл деме. (Шал ақын)
3. Жиырмаға келген соң,
Жын қуалап ақтадым.
Жиырма беске келген соң,
Жақсыларды жақтадым. (Шал ақын)
III. Теңеуге (белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыра суреттеу)
мысалдар:
1. Бұрала біткен емендей,
Қисық туған адамсың.
Бұл мінез, бұл қылықпен
Қайдан абырой табарсың? (Үмбетей жырау)
2. Қойныңдағы әйелің жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Кей сорлының әйелі
Күндіз ауру, түнде сау,-
Арқаңа артқан тұзбен тең! (Үмбетей жырау)
IV. Эпитетке (зат не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындай-
тын суретті сөз) мысалдар:
1. Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес. (Доспамбет жырау)
2. Ағынды сулар, аймақ көл,
Тасыса төңбек келтірер. (Шалкиіз жырау)
3. Асқар, асқар, асқар тау,
Асқардан биік тау болмас,
Басына балапан ұшып қона алмас. (Шалкиіз жырау)
4. Ойласаң мың бір пәле тілден туған,
Шешендер топ ішінде тілді буған.
Бір адам қателікпен сөз сөйлесе,
Жабылып мың бір пәле соны қуған. (Шал ақын)
V. Қайталауға (анафора – бастапқы сөздің қайталануы; эпифора – соңғы
сөздің қайталануы) мысалдар:
1. Жиынымның ішінде
Түрлі – түрлі бай да бар,
Түменді бұзған ер де бар,
Суын түсті жүйрік бар,
Суырылып шабар батыр бар. (эпифора) (Шалкиіз жырау)
2. Кедейлік ер жігітке намыс емес,
Жоқ болсаң туысың да таныс емес.
Суық үй, арық соғым, жаман әйел,
Үшеуі кедейліктен алыс емес. (эпифора)(Шал ақын)
3. Бір бала бар – атадан өте туады; бір бала бар – атаға жете туады;
бір бала бар – атадан кейін қарай кете туады. (анафора)
VI. Метафораға (зат не құбылысты өздеріне ұқсас өзге зат не құбылысқа
балау) мысалдар:
1. Ашу – дұшпан болғанда, нәпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Денеңнің біле алмассың ауру – сауын.
VII. Кейіптеуге (жансызға жан бітіре суреттеу) мысалдар:
1. Жоқ болсаң, қызыл бүйі үйің болар,
Бар болсаң, күндіз – түні жиын болар.
Алыстан кедейліктің алдынан шық,
Төбесі көрінген соң қиын болар.
2. Жетпіс келді төтелеп,
Кәрілікті жетелеп.
Сексен келді бүйірден,
Қалдырып кетті үйірден. (Шал ақын)

7. «Кім жылдам?» ойыны.
(Шарты: әр топтың оқушылары өздеріне қойылған сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек.)
I топтың II топқа қойған сұрақтары:
1. Астрахань облысының Красный Яр қаласында дүниеге келген қай жырау?
(Қазтуған жырау)
2. Астрахань түбінде ерлікпен қазақ тапқан қай жырау? Ол қанша жасында қайтыс болды?
(Доспамбеттің жасы отызға да толмаған еді)
3. «Бөгембайдың өлімін Абылай ханға естірту» толғауының авторын ата. (Үмбетей жырау)
3. Қазақ жыраулық поэзиясының атасы атанған қай жырау?
(Шалкиіз Тіленшіұлы)
4. Ноғайлы әміршісі Темір бидің аламаны болған қай жырау? Ол қай жылдар аралығында өмір сүрген?
(Шалкиіз Тіленшіұлы – 1465 – 1560ж)
5. Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі болған жырауды ата.
(Жиембет жырау)
6. «Онымыз тұрып оқ атсақ, Он сан қалмақ бөлінген» , - деп жырлаған қай жырау?
(Қазтуған жырау)
II топтың III топқа қойған сұрақтары:
1. 1723 жылы оқиғасы тұсында ерекше көзге түскен жыраудың атын ата. (Ақтамберді жырау)
2. Менімен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайыңдай...- деген өлең жолдарының авторы кім?
(Жиембет жырау)
3. Қазақ жыраулық поэзиясының атасы атанған қай жырау?
(Шалкиіз Тіленшіұлы)
4. Шал ақын қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?
(1748 – 1819 жылы Көкшетау өңірінде дүиеге келген.)
5. Үмбетей жырау қандай батырлар мен билерге жыр арнаған?
(Бөгенбай батырға, Қаракерей Қабанбайға, Жәнібек, Сары, Баян, Сағымбай батырларға, Қаз дауысты Қазыбек биге арнап жыр жазған.)
6. Шал ақынның шын аты кім?
(Тілеуке Құлекеұлы)

III топтың I топқа қойған сұрақтары:
1. Інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісі үшін Есім ханның қудалауына түсіп, жер аударылған қай жырау?
(Жиембет жырау:
Қайрылып қадам басарға,
Күн болар ма екен мен сорға.
Өзен, Арал жерлерім?!
Қиядан қолды көрсеткен,
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім?! – деп шер төккен екен.)
2. Үмбетей жырау толғауларын қай бағытта жазды?
(философиялық – дидактикалық бағытта жазды)
3. «Ер Шобан» жырының авторы кім?
(Шалкиіз Тіленшіұлы)
4. Әскери шонжарлар тұқымынан шыққан жырауды ата.
(Доспамбет жырау)
5. ОҚО, Қаратау бойында дүниеге келген қай жырау?
(Ақтамберді жырау)
6. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан кім?
(Сүйінішұлы Қазтуған)
7. Үмбетей жыраудың өмірдегі де, өнердегі де ұлы ұстазы кім болды?
(өз әкесі болды)
1. ЖЫРАУ – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау – жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сәуегей.
2. ЖЫР – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын оқиғалы, көлемді поэзиялық шығарма.
3. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ – ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақындық поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.
4. ЖЫРШЫ – ауыз әдебиеті дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы.
5. ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫ:
I.
- өткір тілді, терең ойлы болып келеді;
- аз сөзге көп мағына сыйғызады;
- елдің бірлігін, татулығын сақтауға үндейді;
- жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді;
II.
- келешек заманды болжайды;
- көптің мұңы мен зарын айтып, қамын ойлайды;
- өзі өмір сүрген қилы заман келбетін сипаттайды;
- үлгі – өнеге, өсиет айтады;

III.
- жаман әдет, қылықтардан жирендіреді;
- турашыл және ешкімнің шашбауын көтермейді;
- жырау атағы кез келгеннің еншісіне бұйырмаған;
- жырау сөзі «дана» сөзімен синонимдес.
Қорытынды:
- Құрметті оқушылар! Бүгін қаншама жыраулардың өмірі мен шығармашылы-ғымен танысып, оны жатқа айтып, талдау жасадыңдар. Олай болса, сендер қандай қорытындыға келдіңдер?
Бір анық:
Қорыта айтқанда, жыраулар поэзиясы – қай заман болмасын, өзінің ақыл – парасатымен әлемдік ойды билеп тұрған кемел поэзия. Қазақтың тоғышар мінезінің психикасын ашу, жамандыққа тосқауыл қою, ұлттық рухты өшірмейтін кеселді кескілеу – тек шын зорлардың қолынан келетін қарекет емес пе? Қазақ жайын жыраулардай асырып айтқан ешкім жоқ. Біздің «ащы айтып ашындыра алмауымыз, тұщы айтып тұшындыра білмеуіміз жеке басымыздағы азаматтық ой – сезімнің жұтаңдығымен тікелей байланысты» емес пе? Ендеше көкірегінде сәулесі бар әрбір жан ұлы жыраулар өміріне үңілсін. Өйткені «адам өткенге қарап өседі, бүгінге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді».
Бір өкініш:
Қазіргі кезде күнделікті өмірде не қызмет барысында Ұлы жырауларды не Алаш зиялыларын ауызға алмайтын болдық. Мысалы, ел ағаларының сөзін сабақтаған кезде «Бұқар жырау былай деген екен, Асан қайғы бүй деген, А.Байтұрсынұлының мынадай тұжырымдамасы бар...» дегенін естіген емеспіз. Сонда бүгін өзін «қайраткер» санап жүргендер тарих мойындаған жырауларды ауызға алмаса, кім болғаны? Сонда саяси қайраткерлер арасындағы тарихи сабақтастық, өткеннің қателігінен сабақ алу деген ұғым қайда қалды?
Бір ұсыныс:
Ұлы жыраулардың өмірі мен шығармашылығын ұлықтау тұрғысынан алғанда жүзеге асырылуға тиісті бірқатар шаралар: оларға ескерткіштер орна-тып, мемлекет қамқорлығына алу, рухани тұлғалардың тұлғасын айшықтай түсу, жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында көркем және деректі фильмдер түсіру, жыл сайын поэзия кештерін ұйымдастыру, жүлделі орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар беру, ғылыми еңбектер жазу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болмақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма: «Жыраулар поэзиясы – өнегелі өмірдің көрінісі»
тақырыбында шығарма жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 302 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar