Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзім туралы білгім келеді. -

Өзім туралы білгім келеді.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2776 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Рабат елді мекені
«Кәусар» балабақшасы
Тәрбиеші
Темірбаева Шолпан Момынқұлқызы

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді.
Мақсаты: Балаларға дене мүшелері және оның қызметі туралы түсінік беріп, дене жаттығуы мен спорттық дене мүшелеріне әсерін түсіндіру.Адам өз денсаулығын сақтау үшін өзін-өзі тану және оны күту керектігі туралы айту.
Методикалық әдіс: Шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тосын сәт. т. б.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, тазалық заттары.
Қостілділік компонент: Орган человека, голова,шея,нос,уши,рот,руки,нога,тело человека,сердце,печень,почка,мыло.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық кезең 1.Шаттық шеңбері
Сәлем көздер ояныңдар,
Сәлем құлақтар ояныңдар,
Сәлем қолдар ояныңдар,
Сәлем аяқтар ояныңдар,
Сәлем достар, сәлем!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Балалар біз кімбіз?
Әрине біз адамбыз.
-Балақай сен кімсің?
Дұрыс айтасың.Біз адам болғаннан кейін, өз дене мүшелеріміз және өз есімдеріміз болады.
Қане, айта қойыңдаршы.Біз дене мүшелеріміз туралы не білеміз. Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Адамбыз.

Адаммын,және есімім Сексенбай Еркебұлан Ержанұлы

Балалар жауаптары
Ұйымдастыру
ізденіс -Бас не үшін керек?
-Мойын не үшін керек?
-Екі көзің не үшін керек?
-Екі қолың не үшін керек?
-Құлақ не үшін керек?
-Ал аяғың не үшін керек?
Енді балалар , дене мүшелері жайында және өзіміз туралы толық мәлімет алу үшін сиқырлы тақтаға назар аударайық.
Сиқырлы тақта.
-Сонымен балалар адамның дене мүшелеріне нелер жатады екен? Осы адамның дене мүшелерін орыс тілінде айтып көрейік.
Балалар,
адамның бас мүшесінде ми орналасқан.Біз миымызбен көп нәрселерді ойланамыз, ақылмен шешеміз, тілімізбен сөйлейміз, көзбен көреміз, мұрынмен иіскейміз, құлақпен тыңдаймыз.
3. Тосын сәт.
Топқа медбике апай кіріп келеді.
Ой балалар,қараңдаршы біздің топқа медбике апайымыз келіпті, біз одан тазалық жөнінде кеңес алайық.
Медбике:
-Балалар, біз тазалықты сақтау үшін,әрдайым жуынып жүруіміз керек, тамақты уақтылы ішуіміз керек, таза ауада үнемі жаттығу жасауды әдетке айналдырыңдар.
Дос бол сабын суменен,
Жиі-жиі жуын сен.
Су мен сабын бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас.
Тазалық заттарын орыс тілінде айтқызу
Сонымен балалар денсаулықтың кепілі не екен?
Өте тамаша, олай болса,әрдайым өз денсаулығымызды күтіп, спортпен шұғылданып жүрейік.
Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,ақылды.
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған. Ақылмен ойлану үшін
Бұрылу үшін
Жақсыларды көру үшін
Елге көмек беру үшін
Ақыл кеңес есту үшін
Жүру үшін керек.

Балалар жауаптары.
Голова,шея,нос,глаза,уши,рот,
руки,ноги.

Балалар таңырқап қарайды.

сабын-мыло,су-вода,сүлгі-полотенца,тіс пастасы-зубная паста.
тазалық
Рефлексивтік түзетушілік Балалар, біз бүгін не жайында айттық?
Дидактикалық ойын:
«Кім тапқыр?»
Топтарға бөлініп,адам дене мүшелерін құрастыра білу.
Тәрбиеші балалардың іс – әрекеттеріне қарап,мақтау,мадақтау сөздер айтып, оқу іс –әрекетін аяқтады.
Ұжымдық жұмыс.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Дене мүшелері арқылы іс-әрекет жасайды.
түсінеді: Тазалық жайында, әдепсіз, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуды үйренді.
Қолданады: Тазалық заттарын күнделікті қолдануды түсінеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.