Меню
Назад » » »
Зообаққа саяхат.
загрузка...

загрузка...
МКҚК «Жұпар» балабақшасы 02.11.2015
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Айгөлек Өткізген: Тулегенова Р.К.
Білім беру саласы: Таным
Кіші саласы: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Зообаққа саяхат.
Мақсаты: Жабайы жануарлар жайлы түсінік беру, жануарларды сипаттауға салыстыра білуге жаттықтыру.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: жабайы жануарлар - жикие животные, Аю-медведь, қоян –заяц, түлкі –лиса,қасқыр-волк.
Іс –әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.
-Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-күздін неше айы бар?
-Қараша айында күн қандай болады?


Шеңберге тұрып жылы сөздерді айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Тақпақты барлығы бірге қуанышты түрде айтып береді

Күз мезгілі
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.
Қараша айы
- Дала суық, суық жел соғады
Іздену –ұйымдастырушы Балалар біз бүгін зообаққа саяхат жасайық.
Кәнеки бәріміз бір-біріміздің артынан тұрып паровоз болып зоообаққа жетейік.
Біз зообаққа жеттік!
осы кезде үнтаспа дан жануарлардың дыбыстары естіледі
-зообақта қандай жануарлар бар?
-қандай аңдарды танисындар?
Аңдар туралы жұмбақ жасыру:

• Өзі бір қу ,
Жүрген жері айқай да шу

• Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады

• Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын көжек дейді.
Ал балалар осы сөздерді орысша атауларын атайықшы:
Жабайы аңдар- дикие животные,
Аю-медведь,
қоян –заяц,
түлкі –лиса,
қасқыр-волк.
Бұл - жабайы аңдар, олар неліктен жабайы аңдар деп аталады, білесіндер ме?
Оларды біз «аңдар» деп атаймыз. Олар елсіз даланы, орманды мекен етеді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдардың түрлері көп. Олардың ішіндегі қасқыр, түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы әрі сезімтал. Иісті алыстан сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Аюдың екі түрі бар екен. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю –суда мекендейді, суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю орманда мекендейді. Жеміс –жидектермен қоректенеді.
Қоян -ең қорқақ аң . Құлағы ұзын болғандықтан, сыбдырды тез естіп қояды. Ол жыл мезгіліне байланысты тонын өзгертіп отырады.

Сергіту сәті.
Сергіту ойыны : «Аңдардың жүрісін келтіру».
Мақсаты : балаларға аңдардың жүрістерін, қимыл әрекетін көрсету. Қызығушылықтарын арттырып, достыққа тәрбиелеу.
Шарты : Балалар шеңбермен жүріп, аңдардың қимылын келтіреді
-Көлбен-көлбен көленке,
Көлбендеген көленке
-Аю қалай жүреді ,
Аю былай жүреді
-Қасқыр қалай жүреді ,
Қасқыр былай жүреді
-Түлкі қалай жүреді ,
Түлкі былай жүреді
-Қоян қалай секіреді ,
Қоян былай секіреді
Таңқалдыру сәті :
Балалар, қарандаршы
қонаққа Қоян келеді . Балалармен амандасады.
-Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Ормандағы аңдардың барлығы қысқа дайындалып,үйлерін жылытып, тамақтарын дайындап жатыр. Ал мен болсам жазғы тонды қысқы тонға ауыстырамын. Сендер көп болған соң, көмек сұрай келдім.
Мені, менің достарымды ақ тонға киіндіріп беріндерші. Көмектесесіңдер ме?
-Олай болса, балалар қане Қоянға көмектесейік. Қоян –ол жабайы аңдарға жатады, себебі ол орманда тұрады, жаз бойы қоян шөппен, жидектермен көректенеді. Жазда оның тоны сұр болады , ал қыста ақ тонды киеді
Ал, енді қоянның денесіне қарайық. Қоянның денесі сопақша пішініне ұқсайды , екі құлағы –сопақша ; түсі –ақ ; кішкентай құйрығы.

Қазір біз қоянның бейнесін ақ мамық майлықтармен жабамыз, жапсырамыз , ең алдымен саусақтарды жаттықтырамыз:
Кәне-кәне тұрайық
алақанды соғайық,
алақанды қос ұстайық
алдыға созайық
жоғары созайық
алақанмен ойнайық
әдемі –ғып отырайық!

Сөздік жұмыс :
Қоян-заяц.
Жапсыру әрекеті :
Балаларға жапсыру ережелерін айту;
-Қоян денесіне желімді жағамыз, одан кейін ақ мамықтарды жапсырамыз, сызықтардан шықпай барлық денені жабу керекпіз.
Өз жұмысын аяғына дейін орындау керек. Осы кезде әдемі әуен қосылады. Балаларға барып көмек көрсету.

Балалар бір – бірлерінің арттарына паровоз болып тұрады.
Балалар дыбысты тыңдап таңдана қарайды.

Аю, қасқыр, түлкі, қоян.

Балалар танитын аңдарын айтады.

Бұл- түлкі.

Бұл- аю.

Қоян

Балалар тәрбиешімен бірге сөздердің орысша атауларын айтады.

Балалар шуласып білмейтіндіктерін айтады.

Балалар тәрбиешіні тыңдап отырады.

Балалар суретке қарап аңдарды айтып отырады.

Қоянның жүрісін көрсетіп, қорқақ аң екенін айтады.

Балалар ойын шартын мұқият тыңдап отырады.

Аю- қорбаңдап жүреді.

Қасқырдың жүрісін салады.

Түлкі маййысып жүреді.

Қоян секіріп – секіріп жүреді.

Сәлеметсің бе, қоян!

Иә, көмекттесеміз.

Балалар қоянға мұқият қарап отырады.

Балалар саусақтарын жаттықтырады.
Алақандарын соғады.

Балалар қоян денесіне желім жағып, одан кейін барлық денесіне ақ мамықтарды жапсырады.

Рефлексивті -коррекциялаушы Д/ойын : «Не қалай дыбыстайды?»
Мақсаты : Балаларға жақсы көңіл –күй сыйлау. Шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Барысы :
Балалар қойылған қызықты сұрақтарға жылдам жауап берулері керек. Сұрақтарға ең көп әрі жылдам жауап берген балаларды мадақтау.
Қоян балалардың салған суреттеріне баға беріп, мадақтау.
Қоянның ризашылығы.
Жазылған аңдардың дыбыстарың естіп таниды

Балалар суреттерін көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: зообақта қандай жануарлар болады білу ,олардың аттарын орыс – қазақ тілдернде айту.
Түсінеді: Түсті , пішінді ажырата алу, есте сақтау, ептілік қабілеттері дамыған болу керек.
Қолданады: жапсыру жұмыс жасауда ережесін сақтай отырып, үстелде әдепті болып отыра алу керек

МКҚК «Жұпар» балабақшасы 03.11.2015
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Айгөлек Өткізген: Тулегенова Р.К.
Білім беру саласы: Қатынас
Кіші саласы: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы табиғат
Мақсаты: Байланыстырып сөйлеу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: қыс – зима, табиғат – природа, қысқы табиғат – зимняя природа.
Іс –әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің соңғы айы иә, балалар.
Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл?
- Балалар қысқы ауа райының белгілерін білеміз бе?
- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
- Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Күз мезгілі

Иә.

Қыс мезгілі
Қыста боран болады, күн суық болып, жерді қар басады.

Боранды қимылмен көрсетеді.
Балалар өз жауаптарын айтады.
Күн шыққанда жылынамыз.

Іздену –ұйымдастырушы Балалар мен сіздерге бір ертегі айтайын.
Қарлы ханым.
Суық боран ертегіге апаратын барлық жолды қармен жауып тастапты. Бұл Қарлы ханымның иелігі. Ол өзінің мұзбен көмкерілген сарайын шақырылмаған қонақтардан қорғап жүреді. Ертегіге кіре беріс есіктер де мұзбен құрсауланған. Бізде осал емеспіз. Қарлы ханымның бізге деп дайындаған кез - келген тапсырмасын орындай аламыз.
Енді балалар орталықтарға отырайық.
Балалар бүгінгі тақырыбымызға сай орысша – қазақша сөздерді атап өтейік: қыс – зима, табиғат – природа, қысқы табиғат – зимняя природа.
І орталық – Қатынас.
(Белгісі: Шана суреті)
Ш. Ахметов.
Аяз қысып, өрнек сызып
Терезеңді торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Енді балалар қыс мезгілі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Сырғанақ тақпағы.
Біз тебеміз сырғанақ
Таудан төмен сырғанап
Бір шанада екеуміз
Құламайды екенбіз.

Қоңырау соғылып, балалар ортада сергіту сәтін орындайды.

Ішік, пима, қолғаптар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай
Қоңырау соғылып балалар орталықтарға ауысып отырады.

ІІ орталық - Ғылыми зерттеу орталығы.
(Белгісі қар суреті.)
Жұмбақ.
Аппақ бірақ сүт емес
Аппақ бірақ бор емес
Аспаннан ол түседі
Даланы ақ көрпемен жабады.
- Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
- Қар қалай жауады?
Балаларға қарды ұстатып көрсету.
- Қар қандай?
- Егер қарды бөлмеге әкелсек ол не істейді?
Қардың бөлмеде ерігенін көрсетіп, оның себебін сұрау.
- Егер ол суды сыртқа апарсақ не болады?
- Егер жолға ол суды төксек қатқан соң не болады?
- Сендер сырғанақты немен ойнайсыңдар?
Балалар қыста серуенге шыққанда кей күндері қардан аққала соғу оңайға түспейді, себебі аязды күні қар бірікпейді. Қар сықыр - сықыр етеді. Жылы күндері қар жұмсақ, дымқыл болады.
Бөлмеге әкелген қар мен мұздың сыртқы өзгерісіне назар аударып, қар әуелі қарайып мүжіледі де бірте - бірте суға айналады. Осындай бақылаулардан кейін қар қайда кетті, ол неге ериді деген сұрақтарды қою.
Есік қағылып, топқа аққала келеді.
Балалар бізге қонаққа аққала қонаққа келіпті.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.(Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын жасату.)
Қыздырайық денені,
Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені
Орнымызда тұрып ап
Жүгірейік бір уақ
1, 2, 3.
Екпіндей түс
Аяқты алға созайық
Тік көтеріп алайық.
Аққала: Рахмет балалар, мен
сендермен ойнап денем жылынып қалды.
(Аққаланы отырғышқа отырғызу.)

3 орталық: Белгісі Аяз ата суреті.
Айсұлудың тапсырмасы:
- Балалар неліктен қар әртүрлі жауады?
Енді қазір жапалақтап жауған қар бейнесін ақ қағаз бетіне салайық.
Қимылдық ойын: «Аққоян».
Қоян отыр далада
Құлақтарын қозғалтып
Міне былай, міне былай
Құлақтарын қозғалтып.
Отыру қиын қоянға
Сыз өтеді табаннан
Міне былай, міне былай
Жылытайық аяқты.
Тұру қиын қоянға
Секіру керек қоянға
Міне былай, міне былай
Секіру керек қоянға.

Балалар ертегіні мұқият тыңдап отырады.

Балалар тапсырма орындауға асығады.

Балалар орталықтарға отырады.

Балалар орысша – қазақша сөздерді айтады.

Бұл- қыс мезгілінде болады.

Балалар әңгіме құрастырады.

Балалар тақпақтарын өз дәрежесінде айтады.

Қар деп жауап береді.

Қыс мезгілінде жауады.

Қар жапалақтап жауады.

Қар – аппақ.

Қар меріп кетеді.

Су қатып қалады.

Мұз болады.

Шанамен ойнаймыз.

Балалар қарға бақылау жасайды.

Балалар аққаламен амандасады.

Балалар аққаламен бірігіп жаттығу жасайды.

Себебі ауа - райына байланысты. Желсіз аязды күні қар жапалақтап жауады. Ашық күні кішкентай түйіршік болып жауады.

Балалар ойынға бар ынталарымен қатысады.

Рефлексивті -коррекциялаушы Балалар әр орталықта не туралы білгенін сұрау.
1. Қыс мезгілінің ерекшелігі.
2. Қардың, мұздың қасиетін.
3. Қысқы табиғаттың суретін салу.
Бағалау, мадақтау.

Қыста жер бетін қар басады.

Қардың қасиеттерін айтады.

Қыс мезгілінің суретін салады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қыс мезгілі туралы түсінік алды.
Түсінеді: Өз ойларын толық айта алады.
Қолданады: Қардың, мұздың қасиеттерімен танысты.

МКҚК «Жұпар» балабақшасы 05.11.2015
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Айгөлек Өткізген: Тулегенова Р.К.
Білім беру саласы: Қатынас
Кіші саласы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ұр тоқпақ» ертегісі.
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын айту арқылы сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: ертегі – сказка, тоқпақ – колотушка.
Іс –әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық тапсырмаларға жауап берейік! 1. – ден 10- ға дейін сана.
2. Оң қолыңда неше саусақ?
3.1 шарға 2 шарды қоссақ, қанша шар болады?

Жарайсыңдар балалар. Олай болса , оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы « Ұр, тоқпақ » ертегісі.



Балалар 1- ден 10- ға дейін санайды.

Оң қолымда бес саусақ бар.
3 шар болады.
Іздену –ұйымдастырушы Балаларға ертегіні оқып беру:
Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
- Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:
- Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден:
- Бұл кімнің түйесі? - десе:
- Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:
- Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
- Бұл Қазбайдың қойы, - дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:
- Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? - дейді. Бала шалға:
- Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!» - десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім құс!» десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр, тоқпағым, ұр!» десе, адамдарды ұра береді, - дейді.
- Мақұл, - деп шал жүріп кетеді. Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға:
- Ата, асқа түсіңіз! - дейді.
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:
- Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!» деп шулап қоя береді. Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қояды. Шал шығып қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!» - десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:
- Бұдан еш нәрсе шықпады, - дейді. Қазбай қазанды алып: «Піс, қазаным, піс!» десе еш нәрсе шықпайды. Қазбай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:
- Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып балаларға:
- Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер, - дейді. Балалар:
- Мақұл! - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ балалар: «Құс, есегім, құс» десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір:
- Қаздан барып алып келгенің осы ма? - дейді. Шал есекке: «Құс есегім, құс!» десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді.
- Есектен еш нәрсе шықпайды, - дейді. Қазбай есекті алып: «Құс, есегім, алтын құс» десе, еш нәрсе құспайды. Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен. Балалар шалға:
- Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:
- Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!» - дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын, ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр... Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!» - дейді. Шал шығып келе жатып, естіп қояды. Шал келіп:
- «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме? - дейді. Балалар:
- Мақұл! Әкеліп береміз! - дейді. Шал «Ұр тоқпақты» қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді.
Сергіту сәті

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, сары, қарамыз,
Біз бақытты баламыз!

ертегі – сказка, тоқпақ – колотушка

Балалар ертегіні мұқият тыңдап отырады.

Балалар қазды сипаттап береді.



Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдайды.

Түйені де сипаттап береді.

Балалар тәрбиешіні тыңдап отырады.

Астан аттап кетуге болмайтындығын айтады.

Балалар ертегіні немен аяқталғанын бір – бірлеріне айтып отырады.

Балалар сергіту сәтін іс – қимылмен орындайды.
Рефлексивті -коррекциялаушы Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?
Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?
Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.
Шалдың тұзағына не түседі?

Бағалау, мадақтау.
«Ұр тоқпақ» ертегісі

Олар кедей болған

Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!» - десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім құс!» десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр, тоқпағым, ұр!» десе, адамдарды ұра береді, - дейді.
Қаз түседі.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: тапсырмаға жауап береді.
Түсінеді: Ертегіні мұқият тыңдайды.
Қолданады: сергіту сәтін іс – қимылмен орындайды.

МКҚК «Жұпар» балабақшасы 02.11.2015
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Айгөлек Өткізген: Тулегенова Р.К.
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Кіші саласы: Ұлт тағылымы
Тақырыбы: «Ақсерек – Көксерек» ойыны
Мақсаты: Балалардың жылдамдықтарын арттырып, ой – өрістерін кеңейту.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: ойын – игра.
Іс –әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен. Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді



Іздену –ұйымдастырушы Балалар бүгін біз «Ақсерек – Көксерек» ойынымен танысамыз.Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді де, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
Бөлінейік екіге,
Тұрайық жолдың шетіне,
Қол ұстасып алайық,
Ажырамастай бекіне.
Бірінші топ:
- Ойынға бала көп керек,
Қалмасын ешкім өкпелеп.
Ақсерек – Көксерек,
Сіздерге бізден кім керек?
Екінші топ:
Мықты біздің шебіміз,
Бұздырмаймыз, тегі, біз,
Болса сынап көріңіз,
Күшіңіз бен ебіңіз.
Біздің берік араны, -
Екпінмен соғып қалады.
Бұзса олжа алады,
Бұзбаса тұтқын болады.
Шақырамыз сынаққа,
Жалғас – деген баланы.

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойын – игра.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.

Балалар тәрбиешімен бірге іле отырып, тәрбиешінің айтқанын қайталайды.

Балалар ойын шартымен танысады.

Балалар қазақ – орыс тіліндегі сөзді қайталайды.
Рефлексивті -коррекциялаушы Балалар бүгін қандай ойын түрімен таныстық?
Ойын шарты сендерге түсінікті болды ма?
Балаларды мадақтау.
«Ақсерек – Көксерек»
Иә, түсінікті.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: ойын шартымен танысты
Түсінеді: сөздік жұмыс жүргізді
Қолданады: ойынды қызығушылықпен ойнады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Зообаққа саяхат. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 312 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar