Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұзын құлақ сұр қоян -

Ұзын құлақ сұр қоян

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3181 | Размер: | Автор: гость
. Актамгалиева Актоты Амангельдиевна.
Шағын орталық тәрбиешісі.
Көздіғара ауылы.
Сырым ауданы.
Батыс Қазақстан облысы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу
Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян».
Мақсаты: Балаларға үш орталықта жұмыс жасауға үйрету.Берілген қоян суретін жапсыра білуге баулу.Түрлі-түсті бояулармен бояуға дағдыландыру.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қостілділік жұмыс: қоян-заяц, ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Шаттық шеңбер.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз,түрлі-түсті карындаштар, қоянның суреттері.

Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері

Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің
іс-әрекеттері Баланың
іс-әрекеттері
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбер:
Орымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмайық
Онан соң төмен түсіріп
Алақанды соғайық
Иықты артқа ысырып
Басты төмен салайық
Жаттығу жасап осылай
Үлкен болып өсіп шығайық.
Жұмбақ жасырады:
Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін ол не?
Қоян туралы әңгімелейді. Оның қайда тіршілік ететінін сұрайды.Ойыншық қоянды көрсетеді. Оның дене мүшелерін атайды.

Сөздік жұмысы: қоян-заяц,ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый.

Жаңғырық әдісі:
Балалар шаттық шеңберін қызығушылықпен орындайды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін,өзі қорқақ екенін ол орманда және уйде тіршілік ететінін айтады.

«Ұзын құлақ сұр қоян» сөзін жаңғырық әдісімен қайталайды.

Ізденуші
ұйымдастыру-шы

Балалар бүгін біз үш орталықта жұмыс жасаймыз:
1.Қоянды жапсырамыз.
2.Оны бояймыз
3.Қоянға арнап ән айтамыз.
Балаларға алдарындағы қағазға берілген қоянның суретін жапсыруды ұсынады.
Тәрбиеші дайын қоянды тақтадағы плакатқа жапсырады.
Сергіту сәті:
Қояным,қояным,
Орныңнан тұра ғой.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Орныңда секірші!
Секір,секір,секір.
Балалар біздің қоянымыздың түсі қандай?
Қоянымыз әдемі болу үшін оны сұр немесе қоңыр түспен бояу керек. Құлақтарын көк түспен бояймыз, көзін саламыз қара түспен қане бояуға кірісеміз.

-Балалар қоян нені жақсы көреді?
«Сәбізді тап» ойыны:
Үстел үстіндегі көкөністердің ішінен сәбізді тауып алу қажет.Тапқан сәбізді қоянның алдына қою керек.

Балалар қоянымыз жапсырылды, әдемі етіп боядық,сәбізін бердік енді қоянымызға арнап ән айтып берсек қайтеді.
«Ұзын құлақ сұр қоян» әні айтылады.


Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша қояндарын жапсырады.

Балалар сергіту жаттығуын қызығушылықпен жасайды.

-Ақ

Жапсырылған суреттерін тәрбиешінің айтқан түстерін алып бояйды.

-Сәбізді

-Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап сәбіздерін қояндарының алдына қояды.

Әннің сөзіне қарай балалар қимылдар жасайды.

Рефлексивті- түзетушілік Қорытынды: Қоянды әдемі салғандарын айтып мақтайды. Қоян,сәбіз туралы білетін тақпақтарын сұрайды. Тақтада ілінген суретке назар аудартады. Тақтада берілген үй жануарлары енді осы жануарлардың атын айтып шығайықшы.
Осы жануарлардың ішінде қоян бар ма?
-Орнымыздан тұрайық балалар.
-Біз балабақшада бір –бірімізбен қандаймыз?
Ендеше «Дос болайық бәріміз» әнімен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтайық. Балалар не істегендерін,қандай түспен бояғандарын айтады.

Үй жануарларының атын айтады.

-Иа бар
Шеңбер жасап тұрады.
-Татумыз,доспыз.
Барлығы бірге әнді айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Қоянның қандай аң екенін,немен қоректенетінін.

Игереді : қоянның дене мүшелерін атауды.

Меңгереді : суретті түрлі-түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика
Тақырыбы: «Жоғары -төмен».
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікте ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, қолындағы затты орнына қоюға үйрету.
Қостілділік жұмыс: Жоғары-высоко,төмен-низко
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Сәлемдесу.
Қажетті құрал-жабдықтар: кубиктер, суреттер

Көрнекілігі: Құрастыру ойыншықтары.

Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің
іс-әрекеттері Баланың
іс-әрекеттері
Мотивациялық
қозғаушы Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз,
Ізетпенен біз
Сәлем береміз.
-Балалар, тәрбиешімен, қонақтармен сәлемдеседі.
Ізденуші
ұйымдастыру-шы


-Балалар, мына ойыншық сөрелері шашылып қалыпты қане, сендер жинаңдаршы ойыншықтарды қалай жинайсыңдар
-Қане,доп қай жерде тұрады ?
Бұл сөренің қай бөлігі?
Жоғары ма, төмен бе?

Енді орындарыңа келіңдер мына қолдарыңдағы ойыншықтарды мына баспамен жоғары шығарайық,одан соң төмен түсіреміз.
Осылай бірненше рет қайталайды.
Сөздік жұмысы:
Жоғары-высоко, төмен-низко.

Жаңғырық әдісі:

«Жасырынбақ» ойыны.
Ойыншықтың аты айтылмайды,оның қайда тұрғанын және
белгілі бір қасиеті немесе түрі сипатталады.
«Саусақтардың сәлемдесуі» жаттығуы. Қолымызды жоғары көтеріп,онан соң төмен түсіреміз.Жоғары деген көтереміз,төмен дегенде түсіреміз. Біз топта татумыз соны саусақтарымызбен көрсетеміз.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап –күн көрдім,
Төмен қарап –жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Балалар ойыншық сөрелерін жинайды. Ойыншықты қайда қойғандарын айтады.

Допты төменгі сөреге қояды.

Баспамен қолдарындағы ойыншықтарын жоғары –төмен жүргізеді.

«Жоғары- төмен» сөздерін бірнеше рет қайталаймыз.
Балалар тәрбиеші жасырған ойыншықты табулары керек.

(Балалар қолдарын көтеріп, саусақтарын бір-біріне айқастырады)

Сергіту сәтіндегі қимылдарды балалар қызығушылықпен жасайды.
Рефлексивті- түзетушілік Қорытынды.
--Балалар, мына суреттерге қараймыз не жоғарыда, не төменде екенін айтамыз
-Осымен іс-әрекетіміз аяқталды!
-Енді балалар ойыншық сөрелерін жинап жүреміз бе?
-Оларды қалай жинау керек екенін үйрендік пе? Көрсетілген суреттің атын айтады,оның қайда орналасқанын айтады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі : қай жерде тұр? сұрағына жауап беруді
Игереді : Жоғары, төмен түсініктерін
Меңгереді : Суреттердің орналасу ретін
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.