Меню
Назад » » »
Ұзын жеңмен манжетті біріктіру тәсілі
загрузка...

загрузка...
Арқалық түзеу мектебі КММ



Тақырыбы: «Ұзын жеңмен манжетті біріктіру тәсілі»
Өткізген: Абайділдина Ж.Т

Пәні: Жалпы еңбек дайындығы

2015-2016 оқу жылы
Тақырып: Ұзын жеңмен манжетті біріктіру тәсілі.
Мақсаты:1. Білімділік: ұзын жең мен манжетті біріктіру тәсілін үйрету, нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасауға үйрету. Бастаған жұмысты соңына жеткізіп талғаммен аяқтауға үйрету.
2. коррекциялық-дамытушылық: теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыста қолдана білуге үйрету. Ұзын жең мен манжетті біріктіру технологиясын меңгерту, тігіс түрлерін тіге білуін жетілдіру.
3. коррекциялық-тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру, ұқыптылыққа, ептілікке баулу, өз бетінше жұмысты орындауға тәрбиелеу.
4. сарамандық іске асыру: қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Жұмыс объектісі: ұзын жең мен манжет.
Сабақ әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық.
Сабақ түрі: теориялық, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі, карточкалар, нұсқаулық карта.
Құрал-жабдықтар: үлгі, мата, түйреуіштер, қайшы, бор, ине, жіп, үтік.
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білім-білікті тексеру.
1. Өткен сабақты сұрау:
- Халаттың қандай түрлері бар?
- Халат қандай матадан тігіледі?
- Халат қандай киім түріне жатады?
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
А) Дәптерге жаңа тақырып жазу.
Б) Жаңа тақырыпты бастамас бұрын біз мына тапсырмаларды орындайық.
Әр оқушыға жеке-жеке «ребус» шешкізу.
В) Жең бұйымның негізгі бөлігі. Жеңнің астыңғы кесіндісін манжетпен өңдейміз. Жең фасонына байланысты бірнеше түрлі болады. Кәне, кім маған айтады:
-Жеңнің қандай түрлері бар? (ұзын жең, төменгі жағы кең жең, желбіршекті, фонарик)
-Манжеттің қандай түрлері бар? (біртұтас, түймелі)
-Жең мен манжеттің үлгісін жасағанда қандай өлшемдер алынады? (жеңнің ұзындығы Жұ, қолдың орамы Қо, білектің орамы Бо)
Г) Тапсырма: жең мен манжеттің сызықтарының атауларын атау.
Д) Сергіту сәті:
Гүлдер тау басында тұр,
Жел соқты, гүлдер ырғалды.
Жаңбыр жауды,
жаңбыр саябырсыды.
Күн шықты,
Көбелектер гүлдің әуелі оң жағына, содан кейін сол жағына ұшып келіп қарайды.
Оңға, солға қарап қолдарын бүгілген тізелеріне қойып, басын иеді.
ІІІ. Сарамндық жұмыс:
1. Нұсқаулық картаның мазмұнымен танысу.
2. Қауіпсіздік ережесі.
3. Ұзын жең мен манжетті біріктіріп өңдеу.

IV. Ағымдағы жеке және жалпылама техникалық қауіпсіздік ережесін тексеру:
1. Жұмыс орынының дайындығын тексеру, құралдарының толық болуын қадағалау.
2. Жіберілген қателіктерін жою, қателіктердің алдын алу.
3. Жұмысты істеген уақытта жұмыс технологиясын дұрыс сақтауын қадағалау.
4. Қауіпсіздікті сақтауын, тәртіп сақтауын қадағалау.
V. Ережені қорытындылау:
1. Оқушы өз жұмысына сипаттама беру. Бағалау.
2. Қайталауға сұрақтар:
-Жеңнің түрлерін ата?
-Манжеттің түрлерін ата?
-Жең мен манжетті қалай біріктіріп өңдейді?
3. Сабақтың қорытындысы: сарамандық жұмыстың сапасын тексеріп, бағалау.
VІ. Шеберхананы тазалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұзын жеңмен манжетті біріктіру тәсілі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 327 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar