Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құзырлылықты дамыту – шығармашыл тұлғаны дамытудың негізгі жолы. -

Құзырлылықты дамыту – шығармашыл тұлғаны дамытудың негізгі жолы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1271 | Размер: | Автор: гость
. Қазақстан облысы , Сарыағаш ауданы,
№131 Абай атындағы
жалпы орта мектебінің орсы тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмаділдаева Айгүл Алтайқызы

Құзырлылықты дамыту – шығармашыл тұлғаны дамытудың негізгі жолы.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Құзырлылық терминінің мәні.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көз қарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр. Міне осы орайда, 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен мақсатына сәйкес негізгі құзырлылығы айқын да анық көрсетілген.
«Құзырлылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. «Competent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Құзыреттілік - термині әдетте белгілі бір әлеуметтік –кәсиби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалған іспен өз деңгейінде сәйкестілігі арқылы сипатталады. Әдіснамалық деңгейге соңғы кездері қолданысқа «құзырлылық» ұғымы еніп отыр. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік.
«Методикалық терминдер сөздігінде» - Құзырлылық дегеніміз (латының соmpetentis- бейім сөзінен)- қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттігі»- делінген.
Құзыреттілік- терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген.
2.Педагог құзыреттілігі.
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін көптеген ғылымдар зерттеген. Мұғалімнің құзырлығын анықтау үшін Д.Б.Эльконин мен Г.В.Драгунованның зерттеу әдісін қолдану тиімді. Ол мұғалімнің кәсіби құзырлылығын толық ашып көрсетеді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығын анықтау үшін пәндік рейтинг пайдаланады. Бұл жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрлымы неғұрлым жалпыдан жекеге бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық, жобалау, және рефлексивті біліктіліктердің болуынан байқалады. Практикалық дайындығының мазмұны педагогтің әр түрлі біліктіліктерінің қалыптасуымен айқындалады. Оларға: құрастыра білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттіктерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника ( жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білуі); қолданбалы біліктілігі ( ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта оңай ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушысы т.б. ) жатады.
3.Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі – білім беру жүйесін жетілдірудің негізі.
Зерттеу мәселесінің көкейтестілігі мұғалімнің кәсіби-дидакдикалық құзыреттілікті әдіснамалық, технологиялық және тұлғалық-креативті тұрғыдан меңгеруінің қажеттілігінен туындайды.
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі – білім беру жүйесін жетілдірудің негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің ғылыми негіздері:
- әдіснамалық білім;
- теориялық білім;
- ғылыми-әдістемелік білім;
Құзырлылық-танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы. Қандай нәтиже алу керек екендігін анықтап алу. Енді оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенциялары мен дағдыларының кең ауқымдағы сипаты түрінде нақтыланған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін білу.Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі құзырлығын анықтау үшін Д.Б.Эльконин мен Г.В. Драгунованның зерттеу әдісін қолдану тиімді. Зерттеу әдістер мұғалімнің кәсіби құзырлылығын толық ашып көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін арттыру
Зерттеу
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.