Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ -

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Сабақ жоспары | Шаблоны презентаций | Географиядан презентациялар Загрузок: 426 | Просмотров: 3358 | Размер: 52.5 Kb | Автор:
. ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Абдикаримова Г. Ә. п.ғ. к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Сейсенбеков Е.К. п.ғ.к., доцент Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Бүгінгі ғылыми прогресс дамыған заманда мұғалім бір орнында тоқтамай үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Қазіргі таңдағы өндірістік қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі-ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі өзгерістердің енуіне әсер етті. “Оқытудың ақпараттық ортасы” термині ақпарттық ортаны пайдаланудың сапалық өзгерісіне байланысты өзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау оқыту процесінің қарқындылығынң төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты [1].
Компьютерді білім сапасына пайдаланудың алғашқы эксперименті алпысыншы жылдарға сай келеді. Алғашында автоматтандырылған оқыту курсының пайда болуы, одан кейін автоматтандырылған оқыту жүйесі. Ал, қазіргі уақытта дербес компьютердің пайда болуы білім беру саласына оң өзгерістер енгізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Оған дәлел Қазақстан Республикасының президентінің 1997 жылғы “Орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының” қабылдануы. Қазіргі кезде еліміздегі орта білім ұйымдары ақпараттандырудың келесі кезеңін басынан кешіруде, яғни, мектептерді жаңа компьютерлермен жабдықтау.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қояды: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы-ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады [2]. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Оны жүзеге асыру үшін:
• Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
• Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу:
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы-оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
• Мәтіндік редакторы-географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)
• Графикалық редактор-шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын-шашынның, желдің графигін сызу)
• Мультимедиялық редактор-сабақта табиғи процестерді құру құралы (геологиялық, климаттық).
• Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
• Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)
• Локальдық тестілеу.
• Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат жасау;
География ғылымы бойынша өзінің интернет-қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
• Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
• Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
• Қажетті білімді толығымен алу.
• Білімді өздігімен меңгеру.
• Өзін-өзі бағалау
• Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу
• Жалған бағадан арылу
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлінеді. Пайдаланатын әдістерді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады.
Кесте-1 Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері


Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай оқыту тәсілін пайдалансаңызда өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек. Өзін-өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек. Содан кейін оқушылар өздері компьютердегі алдын ала дайындап қойған программаны ашып, жұмыс жасай береді.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті-әдебиеттер беру және оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.
Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы [3].

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001
2. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.
3. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.
4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.
5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003
6.Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп- №3,4-1999.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.