Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері -

Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері

Сабақ жоспары | Планы | Қысқа мерзімді сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6664 | Размер: | Автор:
. Пәні: Физика 12. 11.15ж II.Тоқсан Сыныбы 10
Сабақтың тақырыбы § 4.3. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері.
Сабақтың мақсаты Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат беру
Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалай білуге баулу
Сілтеме Физика 10с Кронгарт
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері жайлы мағлұмат алады
Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
Сабақтың тақырыбы бойынша түйінді идеялар Тебілу күштері:
1. Олар молекулалар немесе атомдардың ара қашықтығы азайғанда өте тез артады;
2. Тебілу күштеріне тән жағдай – олардың жеке молекуланың түріне тәуелділігі.
Тебілу күштері молекулалар бір-біріне жақындағанда 1/r9 –не пропорционал артады.
Молекулалық күштердің қашықтыққа тәуелділік графигі:

Молекулалар бір-біріне жақындағанда потенциалық энергия азаяды, яғни теріс мәнге ие болады. Заттың молекулалары «потенциалдық шұңқырға» түсіп кеткен секілді болады. Молекулалар одан әрі жақындағанда тез артып отыратын тебілу күштері пайда болады да, потенциалдық энергия қайтадан арта бастайды.
Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылымдары.
Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.
Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, сондықтан олары қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, яғни олар пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың потенциалдық энергиясымен шамалас.
Қатты денелер кристалдық тордың әр түрлілігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы өазар әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасуы әр түрлі.
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парағы, «Білім ағашы»
Тапсырмалар

5 мин

Білу: «Ой қозғау» әдісі. Кім? Не? Қашан? Қайда?
(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
I кезең. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, «Шаттық шеңбері» тренингі, топқа бөлу
II кезең. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
1.Молекулалардың өлшемі жайында не білеміз?
2.Молекулалардың массасын қалай анықтауға болады?

Топқа бөлінеді.


Түсіну: (теориясы) Неліктен? Себебі
(10 мин) Зат молекулаларының өзара әрекеттесуінің сипаты қандай? Себебін оқушылар толық түсіндіріп жауап береді.
Сергіту сәті
(2мин) Жұмбақтар айту Жұмбақтар айту арқылы көңілдерін көтереді
Қолдану: (практикасы) Дәлелдеңіз.Неге?
(8 мин)
Жаңа тақырыпты оқып, талдау жасау. Өмірде қолданылатынын айту.
(постер қорғау)
1. Молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді? Дәлелдеңіз. Оқушылар өз ойларын айтып,ойларын постер арқылы қорғайды
Мысалдар келтіреді.
Талдау : (теориясы) Ой толғаныс.
салыстыру
6 мин «Потенциалдық шұңқыр» деп
нені түсінесіңдер.
Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін талдап, түсіндіреді
Жинақтау: (теориясы) Кері байланыс(рефлексия)
(5 мин) «Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазу үшін
стикерлер таратып беру Сабақ ұнады ма? Рефлексия жазу
1.Сабақта біз бүгін не үйрендік ?
2.Сабақтың қай тапсырмасында қиналдыңдар? Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы берілген стикерге жазып, «білім ағашына» тапсырады.
Бағалау:
( 2 мин)
Жетістік критерийлері
Топ басшысының бағалауы
Бағалау парақшасы
Топ басшы.................................................................................
Р/С Оқушының аты - жөні Үй жұмысы №1 №2 №3 Балы Бағасы
1

2

3

4

5

6



4 тапсырмаға – «5»
3 тапсырмаға- «4»
1-2 тапсырмаға – «3»
мүлдем қатыспаған оқушыға – «2» Оқушылар бағасын күнделікке қойдырады.
Үй тапсырмасы
(2 мин) § 4.3. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері. Оқушылар өздері оқып, ізденіп келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.