Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзендер -

Өзендер

Сабақ жоспары | Планы | Орта мерзімді сабақ жоспары Загрузок: 396 | Просмотров: 2637 | Размер: 17.6 Kb | Автор: munira
. География пәнінен өтетін мектепішілік семинар сабақтың жоспары
Пәні: Физикалық география
Сыныбы. 6ә
Өтетін орны : М.Бегенов атындағы орта мектеп
Өтетін күні: 25.01.2010
Сабақтың тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: өзен және оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғым қалыптастыру; жер бедері тау жыныстары менг өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға молығуы және өзендерді шаруащылыққа пайдалану туралы түсінік беру, өзенге сипаттама беру тәсілін меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүрісі Мазмұны
І.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру
ІІ.Қызыығушылықты ояту
«Бинго» ойыны Сұрақтар:
1.Көл дегеніміз не?
2.Шығу тегіне қарай көлдердің шығу тегі
3.Теңіз деп аталатын көлдер
4.Көлдің батпаққа айналуы
5.Қазақстанда қанша көл бар?
6.Неге көлдер ағынды, ағынсыз деп аталады? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
7.Көлдердің экологиялық проблемалары
8.Тектоникалық көлдерді ата
9 «Консервленген су» деген не? Олардың маңызы
ІІІ. Итермелеу сатысы:
Жаңа сабақ түсіндіру Сұрақтар:
1. Өзен дегеніміз не?
2. Өзен элементтерін сипаттау үшін «Өзен аңғарының көлденең қимасы» №1 слайд
3. №2 слайд «Өзен элементтері»
4. Өзендердің ағу бағыты неге байланысты?(Жер бедеріне)
5. Жазық жерде, таулы өңірде судың ағысы қандай болады?
6. №4 слайд «Тау , жазық өзені»
7. Неліктен өзен көктемде тасиды?
8. Қай кезде суы азаяды?
9. № 5 слайд «Өзендердің қоректенуі»
10. № 6 слайд «Өзен режимі» Жыл маусымдарына қарай өзенденгі судың мөлшері өзгеріп отырады,-бұл өзен режимі
11. № 7 слайд «Сарқырама, шоңғалдар» Олардың зияны мен пайдалы жақтары қандай?
ІҮ.Сергіту сәті Су туралы жұмбақтар, мақалдар
Ү. Жаңа материалды бекіту
Топпен жұмыс
І-топ «Ертіс»
ІІ-топ «Миссисипи»
ІІІ- топ «Конго»
Тапсырма №1
№ 8 слайд «Жоспар бойынша өзендерге сипаттама беру»
1.Географиялық орны (қай материкте ,қандай мұхит және теңіз алабына жатады, бастау, саға , саласы )
2.Ағысының сипаты (таулы, жазық)
3.Өзен қай кезде тасиды.қай кезде сабасына түседі?
4.Шоңғал, сарқырама бар ма?
5.Шаруашылыққа қалай пайдаланады?
6. Экологиялық проблемалары

Тапсырма №2 «Мыналар қалай аталады?»
І-вариант ІІ-вариант
1.Өзен бассейні 8
2.Су айырығы 7
3.Өзен аңғары 6
4.Бастау 5
5.Жайылма 4
6.Өзен жүйесі 3
7.Өзен арнасы 2
8.Өзен сағасы 1
Жауаптары: І-вар 7,4,3,1,2,8,6,5
ІІ-вар 2,5,6,8,7,1,3,4

Тапсырма №3 «Географиялық аукцион»

ҮІ. Қорытындылау Смайликпен
ҮІІ. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.