Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал сатылатын орындар белгіленді

Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал сатылатын орындар белгіленді

Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал сатылатын орындар белгіленді

Қасиетті Құрбай айт мерекесі Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң тойланады. Ай күнтізбесі бойынша жыл сайын он күнге өзгеріп тұрады. Бұл күні әлемдегі барша мұсылман қауымы құрбандыққа мал шалып, оның етін үшке бөледі. Бір бөлігін тұрмысы төмен отбасыларға таратады, екінші бөлігі өзінің отбасында қалады және үшінші бөлігі қонақтарға арналған дастарханға жайылады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сәйкес Астана қаласында малды арнайы сатылатын және құрбандық шалынатын жерлер белгіленді: Қарағанды–Астана тас жолының бойындағы «Метро» СО, «Нұрбереке 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк базар» нарығының артында); «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана - Софиевка» тас жолы, 9 км; «Мақсат 2010» ЖШС, Теміржолшы тұрғын алабы, Ақжар к-сі, 20.

Айта кетейік, биыл Құрбай айт мерекесі 24-26 қыркүйек күндері атап өтіледі. Қазақстан Републикасы Еңбек Кодексінің 96-бабы 4-тармағына сәйкес Құрбан айт мейрамының бірінші күні демалыс күні болып саналады.

18
Декабрь
0
3284
загрузка...
Loading...

Комментарии к записи: 0

avatar