Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есіңде ме?

Есіңде ме?

. Есіңде ме?

Есіңде ме?... мөлдір тым,
Балалық шақтың бал күні,
Әттең - ай қимай қалдырдың,
Сезіммен өтіп әр түні...

Санаға соғып самал да,
Бетіңді өпкен таң лебі.
Жарқ еткен сәуле жанарда,
Сүюдің алғаш өрнегі...

Сол бір пәк алғаш толғаныс,
Тербетіп жанға өң берген.
Амалы жоқтық қорғаныс,
Бір қарағаннан емделген.

Қияға кетіп қиялың,
Сағынып тұрып білдірмей.
Кездесе қалса ұяңың,
Алыста жүрер ілдірмей.

Бәрі де қызық кездесу,
Бітпейтін еді-ау сырласу.
Бір бақыт еді жүздесу,
Мың бақыт еді қырғы асу!

Сағынып жеткен саябақ,
Аңсаудың еді айғағы.
Анамдай болған аялап,
Әкемдей құшақ жайғаны.

Шақыра берер ну орман,
Тартылыс күшке ұласты.
Айдын көл еді жиі арман,
Сарқырап суы сырласты...

Ақ қайың еді ақкөңіл,
Қиыла қалып шақырған.
Тағдыры түрлі тәтті өмір,
Тұрады сабыр ақылдан...

Жаныңа жақын керекті,
Табиғатыңнан табасың.
Аласың одан көмекті,
Табасың тағы жарасым...

Алғашқы сезім сақталып,
Көңілде қалар ән-қылық!
Жүректе жылы жатталып,
Тап-таза қалар мәңгілік!
03.09.2012жыл.
Просмотров: 1622
.