Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру -

Бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6969 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: Саптық стенд, АӘД оқулығы.
7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
- саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.
ОРНЫНДА ТҰРҒАНДАҒЫ БҰРЫЛЫСТАР.
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және
керісінше қайта сап құру.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.
Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.
Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.
«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.
«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.
Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.
Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».
Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.
Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.
Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағытта жалғастыру керек.
Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
- Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
- Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
- Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.