Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру -

Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5110 | Размер: | Автор: balaseri
. «Бекітемін»
______________
Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру

2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардықозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруге үйрету.

3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық стенд.
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
- Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
- Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
- Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?
б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және
бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
- бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
- бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
- қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.