Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ядролық зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер,олардың қысқаша сипаттамасы. -

Ядролық зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер,олардың қысқаша сипаттамасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3408 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Бекітемін»
______________ ______________

мектеп директоры:

1. Сабақтың тақырыбы: Ядролық зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер,олардың қысқаша сипаттамасы.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
5. Өткізілетін күні:

6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары.
Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары зақымдану ошақтарындағы адамдарды құтқару, жапа шегушілерге көмек көрсету, зақымданудың қайта туындаған факторларынан материалдық шығындар мен адамдардың құрбан болуының алдын алу және кезекті қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
Құтқару жұмысына жататындар: қозғалыс жасау маршруты мен жұмыс аймағын барлау, жұмыс аймағы мен қозғалыс жасау маршруттарындағы өртті сөндіру және жою, зақымданушыларды іздеу және оларды үйінділердің бүлінген және жанып жатқан ғимараттардың астынан алып шығу, қиратылған қорғаныш құрылыстарын ашу, оған ауа жіберу және ондағы адамдарды құтқару; зақымданған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды тасымалдау; халықты қауіпсіз жерге шығару, зақымданушыларды санитарлық өңдеуден өткізу және олардың киімдерін, аумақты, көлік пен техниканы залалсыздандыру.
Жедел қалпына келтіру жұмыстарына жататындар: үйінділердегі көлік пен техника қозғалысы үшін жүру құрылғылары мен лек жолдарына жол төсемдерін жасау; құлау төндіретін конструкцияларды нығайту және опырып құлату; энергетикалық желілердегі апатты жайылдырмау, құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған энергетикалық желілер мен байланыс желілерін уақытша қалпына келтіру.
Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарына АҚ-тың жалпы мақсаттағы әскерилендірілмеген құрамалары мен бөлімдері, әр түрлі мақсаттағы қызмет көрсету құрамалары (медициналық, өртке қарсы, инженерлік, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық және техникалық қамтамасыз ету жәнет.б.) тартылады.
Құтқару командалары келіп жеткенге дейін барлау топтары аймақтағы зақымдану деңгейін анықтайды, құрылыстарға кіру мен шығу жолдарын іздестіреді.
Өртті сөндіру және оны одан ары жайылдырмау жұмыстары өртке қарсы командалардың және құтқару құрамаларының көмегі арқылы жүргізіледі.
Қираған ғимараттардағы үйінділер астынан адамдарды іздеу және құтқару зақымдану ошақтарына құрамалар кіргізілген кезден бастап дереу басталады.
Зақымданушыларды іздеу кезінде адамдардың болуы мүмкін жерлер мұқият зерттеледі.
Құтқарушыларға кезең-кезеңмен дауыстап немесе ғимараттың сақталып қалған бөлігіне және үйінді элементіне соққы беру арқылы қатты сигналдар беріліп отырады.
Зақымданушыларды қазу және үйінділер астынан алып шығу әдетте үйіндінің үстіңгі жағынан қолмен қазу арқылы жүргізіледі.
Жанып жатқан, қиратылған ғимараттардағы адамдарды құтқару өртке қарсы құрамалардың инженерлік құрамалармен өзара әрекетінде өрттерді бір уақытта өшірумен жүзеге асырылады.
Құтқарушылар түтіндеген жерлерден адамдарды іздеу үшін сүзгіш газтұмылдырықтарда жұмыс істеуі қажет. Зақымданушыны түтіннен қорғау үшін шүберектер немесе тығыз емес матаның бөлігі қолданылады.
Үйілген қорғаныш ғимараттарын қазу мен ашу олардан шығару жұмыстары жалпы мақсаттағы құрамалардың өртке қарсы, инженерлік, апатты-техникалық және дәрігерлік қызмет көрсету құрамаларымен бірлесе әрекет етуімен жүзеге асырылады.
Қорғаныш ғимараттарын қираған құрылыстардың арасынан іздеп табу жұмыстары алдын ала жасалған жоспар мен сипатты белгілері бойынша жүргізіледі.
Қорғаныш құрылыстарын іздеп тапқаннан соң ең алдымен онда тасаланып отырған адамдармен байланыс орнатып, олардың жағдайын, ғимараттың бүліну дәрежесін және оның ішкі жабдықтарын анықтау қажет.
Зақымданушыларға көрсетілетін дәрігерлік жәрдемді дәрігерлік қызмет көрсету мекемелері мен құрамалары ұйымдастырады. Объектілердегі құтқару жұмыстарын тікелей алғашқы дәрігерлік көмекті санитарлық дружиналардың жеке құрамы немесе АҚ-тың басқа да құрамалары көрсетеді.
Дәрігерлік көмекке зәру зақымданушылар тиеу орнына көлікпен тасымалданады да, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жасақтарына немесе қалалық дәрігерлік пункттерге жеткізіледі.

в) Қорытынды бөлім – 8 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Құтқару жұмысына нелер жатады?
- Жедел қалпына келтіру жұмысына нелер жатады?
- Қираған ғимараттардағы зақымданушыларды құтқару қалай жүзеге асырылады?
- Зақымданушыларға көрсетілетін медициналық жәрдемнің ұйымдастырылуы туралы айтыңдар.

Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.