Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды 5-ке көбейту және бөлуді  пысықтау. -

Санды 5-ке көбейту және бөлуді пысықтау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2553 | Размер: | Автор: balaseri
. Сабақтың тақырыбы: Санды 5-ке көбейту және бөлуді
пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
а) санды 5-ке көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау. Есеп шығаруға машықтандыру, меңгерту.
ә) оқушылардың нақты және жүйелі ойлау қабілетін, өзін-өзі бағалауын және сабаққа деген ынтасын дамыту;
б) оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуге баулу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап; ойын түрлері; саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы.
Көрнекіліктер: кесте, ойындар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- (Көбейту кестесін жатқа айту)
- Ойын «Орамал тастамақ».
4x4, 3x5, 2x8, 5x2, 4x5,
3x8, 4x9, 2x6, 5x8 т.с.с;
3. Жаңа сабақ.
Маусым айында қандай мерекелер бар?
-Балаларды қорғау күні , рәміздер күні.
Ендеше осы мерекелерді біз қандай табыстармен қарсы алады екенбіз! Бүгінгі сабақта белсенді қатысып, жақсы баға алса, сол оқушы бұл мерекелерді табыспен қарсы алады деп есептейміз. Әрі ата-аналарыңа арналған сыйлық деп есептеңдер. Қазір сабақта 5-ке көбейту, бөлу тәсілдерін пысықтап, есеп шығарып, әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз.
1 тапсырма. Бәрімізге бір амал.
Есеп шығару
Алынды-10 –ойыншыдан 5 қалам және 25 ойыншық.
Барлығы?
1. Есеп неше амалмен орындалады?
2. Неліктен?
3. 1-амалда не белгісіз?
Шешуі: (10х5)+25=75(0)
Ж/ы: барлығы 25 ойыншық сатып алды
2 тапсырма. Кім жылдам?
5 10 15 20 25 30 35 40 45 -5 –ке кеміт
-5 есе кеміт
3 тапсырма. Формула сыры.
- Ережені еске түсірейік
-Алған затқа төленген ақшаны, яғни құнын қалай табамыз?
Қ=БхС
-Бағасы белгісіз болса ше? Б=Қ:С
-Саны белгісіз болса ше? С=Қ:Б
Ендеше мына кестеге қарап есеп құрастырып шығара қойыңдар.
Баға Саны Құны

5 теңге 7 ?
5 теңге ? 35 теңге
? 7 35 теңге
Бұл есептер бір-біріне кері есеп бола алады ма? Неге?

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Біз отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
4 тапсырма.
«Ойлан тап»

6 1 (2қ)
7 1 (1қ)
8 1 (3қ)
9 1 )4қ)

5 тапсырма
Әріптерді алмастыр
45:а=5 х:3=4 х*2=4
( қалғанын үйде орындау)
6 тапсырма. Мәре.
( деңгейлі тапсырмалар)
Бұл соңғы тапсырма. Әрқайсыңның білім дәрежелерің осы тапсырмалардан анықталады. Өз еңбектеріңнің нәтижесін көріп, алдағы мерекелерді қандай табыспен қарсы алғандарыңды байқайсыңдар.
1 нұсқа 2 нұсқа
1-деңгей 1-деңгей
5*7 35:7 50*5 35:5 7*5 60*5
5*6 30:5 90*5 30:6 6*5 80*5
2-деңгей 2-деңгей
(375+425)-219= 452+(700-289)=

4. Қорытынды.
5. Таблодағы оқушылар алған бағаны дәптерлеріне қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.