Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттың атын білдіретін сөздер. А.Құнанбаев  Адам болам десеңіз -

Заттың атын білдіретін сөздер. А.Құнанбаев Адам болам десеңіз

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақтөбе облысы Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы
Учитель начальных классов Бабатайской средней школы Темирского района Актюбинской области Акимгалиева Акарыс Кадировна

Таырыбы. Заттың атын білдіретін сөздер. А.Құнанбаев Адам болам десеңіз
Мақсаты. 1 Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А.Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту.
2 Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру.
3 Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер. Суреттер, слайдтар.
Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, Ұжымдық жұмыс.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы
1-кезең. Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
1 – слайд.
Қуан шаттан балақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Жарқырап күн шықты. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл – күймен бастайық.
2-кезең. 2 – слайд « Кел ойнайық» Үй тапсырмасын тексеру.
Малдың пайдасы мәнерлеп оқу.
Үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру.
( әр сұрақтарға жауап берген сайын слайдтар көрсетіліп отырады.)
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой сөзі неше дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстарды ата.)
2. Екі найзасы бар
Екі айнасы бар.
(Дауыссыз дыбыстарды ата)
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсен қанат
Сүті дәрі
Еті тамақ
( Жылқы сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады. Не себептен екі буыннан тұрады.)
Жылдың қай мезгілі? Көктемдегі табиғат ерекшелігін әңгімелеу. Көктемде мал төлдеп күн жылыған соң төлдер өріске шығады. Кеш қайта өрістен оралған төлдерді шақырып ауылға айдаймыз. Төлдерді әр түрлі дауыспен дыбыстап шақырамыз. Қазір мен төлдерді шақырамын, сіздер мен қай төлді шақырғанымды тауып сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Ертеменен айқайлап
Қайда екен деп ақылдым
Ақау, ақау. ақаулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Сүттен жасалатын өнімдерді ата)
2. Шұнтандаған неме деп
Қосса жақсы келер деп
Шөре,шөре, шөрелеп
Қай төлді мен шақырдым?
(Қой, ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?)
3. Жүрмесін деп қалыс қап
Қайта,қайта дауыстап
Қауыс, қауыс қауыстап
Қай төлді мен шақырдым?
(Түйе сүті қалай аталады?)
4. Құйрық жүні сусылдап
Тез жетсін деп зуылдап
Қырау,қырау, қыраулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Жылқы сүті қалай аталады?)
3 – кезең. Түйсіну кезеңі. Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу
3-слайд суретпен жұмыс.
Суреттердін атын атап, оларға сұрақтар қойып, Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру.
4.слайд

Кім? Кімдер?
Не? Нелер?

Адамдарға, мамандық иелеріне. Жануарларға, заттарға

5.слайд
Ережемен таныстыру.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады.
6-слайд
Суретпен жұмыс.Суретте кімдерді көріп тұрмыз? Осы балалардың қайсысының істері дұрыс деп ойлаймыз?
Балаларға ат қояйық.
Арманның ісі дұрыс. Ол табиғатқа қамқорлық көрсетуде. Ағаштарды күтіп жайқалып өсуіне жағдай жасауда. Ағаштың қандай пайдасы бар?
Асқардың жасаған ісі дұрыс па? Ол қандай қателік жіберді?
Адам бойында жаман да жақсы да қасиеттер қатар жүреді екен. Жақсы адам болып жақсы қасиеттерге жақын болуымыз керек. Жаман қылықтан бойымызды аулақ ұстау керек. Абай атамыз « Адам болам десеңіз..» өлеңінде осы жақсы мен жаман 5- қасиетті атап көрсеткен. Абай атамыздың өлеңімен танысайық.
7-слайдА.Құнанбаев өмірімен таныстыру.

1845-1904
Сазгер Ұлы ақын

Әдебиеттін негізін қалаушы Аудармашы

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған
8-слайд Бес дұшпан мен бес асыл істі слайдтан көрсету.
(Жеке – жеке түсінік беру.)
4 -кезең. Қолдану кезеңі. Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті.
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылған
Керегелер керіліп
Киіз үй боп тігілер
Дәптермен жұмыс
а)Көркем жазу.
9-слайд
Бұлттар мен тамшылардаға сөздерді сұрақтарға сәйкес көлшіктерге орналастыру.

Ата Бала
гүл
Көбелек Сылақшы кітаптар

Дәрігершарлар

5- кезең. Түйсіну кезеңі. Бекіту.
1. Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады?
2. Не?, Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
3. Венн диаграмасын толтыру.
Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Ереже жаттау.
Бағалау.
Оқушыларды маадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.