Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың  анықтамасы. -

Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 394 | Просмотров: 6173 | Размер: 39.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақ жоспары

Күні Пән Информатика Тобы

Оқытушының Т.Ә.А. Жакыпбаев Р.Е.

Сабақтың тақырыбы: Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы.
Сабақ типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат, ақпарат және басқару, информатика ғылымы
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы;
2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
3. Жұмыс кезіндегі;
4. Апатты жағдайдағы;
5. Жұмыс аяқталғандағы:
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.
Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары: Қажеттігі:
Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары Жарақатты таңу үшін
Қан тоқтатуға қажет буу таспасы Қан тоқтату үшін
Жабысқақ пластырь Жарақат таңу, бекіту үшін
Дәе (3 дана) Жарақатты таңып байлау үшін
Пакеттегі мақта (3 дана) Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін
Йод Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка) Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін
Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Мүсәтір спирті Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін
Кордиамин Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық)
Резеңке қолғап (1 жұп) Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін.

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.

Жаңа түсініктер:
Ақпарат
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. (Жартастағы суреттер, "Жазбалар ғибадатханасы", Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің абак тастары).
Ақпарат деген не?
Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан. Бұған қарамастан ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі. Ақпараттың анықтамасының көп болуына байланысты үш теориялық жолы бар.
Бірінші теория (К.Шенон) сандық ақпараттық тұрғыдан қарастырып, оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде, оның көлемі оны алу ықтималдығына тәуелді. Бұл теория ақпаратты кодтауға, өлшеуге негіз болады.
Екінші теория ақпаратты метерияның қасиеті ретінде яғни кибернетиканың пайда болуы кез-келген хабарлама ақпарат болады деп пайымдайды. В.М. Глушков "Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттері, адам тілі ғана емес табиғат құбылыстары да жеткізеді" деген яғни ол материядан тыс болған емес болуы мүмкін емес. Оны сақтауға өндеуге және жинауға болады.
Үшінші теория ақпарат - бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, "жұмыс істеуші" бөлігі. Бұл теориялар бір-бірін толықтырады.
Сонымен ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді) анықтайтын мәліметтер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.
Кибернетиканың "атасы" Ноберт Винердің "Ақпарат- сыртқы дүниеден біздің оған бейімділуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету" деген. Ақпарат көздері символдық, мәтіндік, графикалық тәсілдермен берілуін тудырады. (құжаттар, аудио жазбалар, түрлі құжаттар, фотосурет, схема).
Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:
- техникалық тұрғыдан – дәлдік, сенімділік сигнал беру жылдамдығы;
- семантикалық – мәтіннің мағынасын кодтар көмегімен беру;
- прагматикалық – объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Ақпаратты беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталды.

Ақпарат және басқару
"Ақпарат" және басқару түсініктерінің бірігуі XX ғасырдың 40-жылдары Н.Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік туғызды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. "Ақпарат" ұғымын қолдану биология, нейрофизиология, генетика ғылымының дамуына маңызды ықпал етті. Н.Винер жанды, жансыз, жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің көптеген ортақ белгілері бар екені жөнінде ой айтты. Ұқсастықтарды айқындау - басқарудың жалпы теориясын жасауға жетеледі. Бұл идея мәселелерді шешетін компьютерлер пайда болғаннан кейін ғана шешіле бастады. Кибернетиканы жеке объектілерді (станоктарды, кәсіпорын құрылғыларын, автомобильдерді, т.б) басқарудан бастап, тұтас кәсіпорын салаларын, банк жүйелерін, байланыс жүйелерін, тіпті адамдар қоғамдастығын басқарудың аса күрделі жүйелеріне дейін күрделірек дәрежесі әр түрлі автоматтық немесе автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау және пайдалану саласында қолданбалы информатика ретінде қарастыруға болады.
Информатика
Адам өзінің ісінде ақпарат жиындарын пайдалануын дамытып келеді. Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат көлемі, 10 жылда екі есе көбейсе, қазіргі кезде 2-3 жылда осындай екі еселену болады. Ақпаратпен жұмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, іздеудің, өңдеудің қолайлы тиімді түрімен байланысты көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бұдан ақпараттың қасиеттерін зерттеу керек. Мұнымен информатика ғылымы шұғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласына ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде
индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау
және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты
синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде (іпformаtіon – ақпарат және automatigue – автоматика) ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайдаланылды.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымына келесі салалар кіреді
1. алгоритмдік;
2. программалық;
3. техникалық.
Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытын қамтитын ғылыми -техникалық пәндердің кешені болып табылады.



Информатикаға жоғарғы қасиет, ғылыми-техникалық дамуға белсенді ықпал етіп, компьютерлік техника негізінде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу, электрондық есептеуіш машинаны қолдану – тек ақпарат жинауға, сақтауға, өңдеуге ғана емес, жаңа акпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология жасауға негіз болады. Қазіргі компьютердің ерекшелігі – олардың көпшілігі (мамандардың айтуынша 80 пайызға дейін) есеп шығару үшін емес, ақпараттың түрлері мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны жедел шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.
Практикум арқылы орындайтын тапсырмалар.

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. "Ақпарат " түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
4. Ақпараттық процесс деген не?
5. Ақпаратты ұсынудың тәсілдерін атаңдар?
6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
7. Адам қабылдайтын ақпараттың ақпараттылығы неге тәуелді?
8. Неге Хартлидің формуласында логарифм негізі ретінде 2 саны алынған?
9. Кибернетиканың негізін салушы кім?
10. Информатикаға анықтама бер?
11. Қазіргі кездегі компьютерлердің қолданылуының сипаты қандай?

Үйге тапсырма:
Конспектіні оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.