Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жұбан Молдағалиев бізде қонақта» атты сыныптан тыс шараны өткізу тәжірибемнен -

«Жұбан Молдағалиев бізде қонақта» атты сыныптан тыс шараны өткізу тәжірибемнен

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1770 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Жұбан Молдағалиев бізде қонақта» атты сыныптан тыс шараны өткізу тәжірибемнен.
Жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевке арналған сыныптан тыс шараны 10 сынып оқушыларымен өткізуге әзірлік жұмыстарын Жұбан аға өмірбаянын оқып – үйрену, әртүрлі тақырыптағы өлеңдерін жаттаудан бастап, Жұбан аға өлеңдері арқылы оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке және өмірдегі ең асыл жан-анаға деген ыстық сезімге тәрбиелеуді мақсат етіп қойдым. Сыныптан тыс шараның эпиграфы етіп Жұбан ағаның туған жеріміздің қадірлі азаматы Жайсаң Ақбаев ағамызға арнаған сөзін алдым.
Жайықты қалайша мен жай сағынам,
Жүрегін жерлестерім жайса ағынан?
Күреңдей көкіректе күмбірлетіп,
Жыр мініп қайтам талай Жайсаңынан.
13.08.1975 жыл.
Сыныптан тыс шараға алдын – ала мынадай көрнекіліктер әзірленді.
1. Жұбан Молдағалиев шығармаларынан жабдықталған бұрыш.
2. Ақын өмірінің көріністерін бейнелейтін стенд.
3. Жұбан өмірі туралы қазақ ақындары мен жанұясының мүшелері әңгімелейтін үнтаспа.
Сыныптан тыс шараны төмендегідей сөздермен бастадым:
- Балалар! Біз бүгін 1920-1988 жылдары өмір сүрген қадірлі азаматымыз, ұлы ақынымыз Жұбан Молдағалиев рухына бас ие отырып «Азамат адамгершіліктен ғана жаралады», «Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын, ата мирас мәңгілік дүние боп» - деген Жұбан сөздерімен бастағым келіп отыр дей келіп, балаларға ақынның ата-тегі туралы төмендегідей мағлұмат бердім.

Жұбан Молдағалиевтің
ата – тегі
Байыұлы тайпасы

Байбақты руы

Құл бөлімі

Байсақал

Абылай

Жарылғас

Жұмабай

Мұхамбет

Рысқали

Есмадияр

Темір

Бессары

Қуанышқали

Сүйінішқали

Қобланды

Молдағали

ЖҰБАН

Қуаныш Қуандық Азамат Гүлмира

Жұбан ақын 1920 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында туған. Соғыстан оралғаннан кейін «Лениншіл жас» газеті, «Жұлдыз» журналында көп жылдар Жазушылар Одағында қызмет атқарған. 2 дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендерінің иегері. /ордендерінің суреттері көрсетіледі/.
Тыныштық орнатылып, сынып оқушылары әзірленген «Мен қазақпын», «Апа», «Ақжайық», «Тайпақ», «Мұғалім», «Махаббат», «Көктем» өлеңдері мәнерлеп оқылады, стендттегі суреттер көрсетіліп отырады.
«Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті деген Жұбан аға сөзі оның өз елінің тәуелсіздігін көрем деген арманының жүзеге асқандығы, ақынның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезіндегі, суырылып шығып, өз пікірін, ойын айта білгендігі туралы түсінік беріліп, сөз тарих пәнінің мұғаліміне беріледі. Суреттерді пайдалана отырып 1989 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша әңгімеленеді. Шараның келесі бөлімінде видеокассета арқылы, ақын өлеңдерін қазақ халқының қайраткер ақын – жазушылары Әбіш Кекілбаев, Ильяс Жақанов оқып, София апамыздың естелік әңгімелері тыңдалды.
Ақынның әр жылдардағы балаларына, достарына жазған хаттарының көшірмесі оқылды.
Жұбан ағаның жары София апамыздың естелігі оқылып, теледидардан көрсетілді. Оқушыларға Жұбанның анасы туралы әңгімеленіп, өлеңдеріндегі әйел тақырыбы әңгімеленіп, өлеңдері мәнерлеп оқылады. 10 сынып оқушысы «Ақ болып жүрейік» атты өлең оқып, төмендегі сөздермен қорытындылайды.
«Жұбан ақын жырлары өзінің – біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанымен ерекшеленеді, оның жырларында Отанға деген сүйіспеншілік, туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».
Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.