Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары. -

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2357 | Размер: | Автор: гость
. Тарбағатай аудандық білім беру бөлімі КММ

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.

Майлин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Байжуманова Дурия Кумаровна

2015 жыл
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвистициялар экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігі айтылған.
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады.Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Елбасы Н. Назарбаев халыққа жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар. Осы негізде, заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерлеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп келе жатқан бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілген нәтижесі де осы – ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтеру. Менің де алға қойған мақсатым білім көрсеткішін жоғарлату. Осы негізде өз іс-тәжірибеммен бөліспекпін. Оқушыны ҰБТ-ға даярлау үшін жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Мен өз тәжірибемде Қытайдың данышпан ғұламасы Конфуцийдің «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,
Көрсетсең – есте сақтармын,
Ал өзіме жасатсаң – үйренемін»
деген ұлағатты сөзі мен Энштейннің «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренулеріне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын», деген қанатты сөздерін басшылыққа аламын.
оқу оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы Н. Сандерстің кестесінде былай көрсетілген
Тәсілдер Есте сақтау мөлшері
ЛЕКЦИЯ 5%
ОҚУ 10%
АУДИО ЖӘНЕ ВИДЕО ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ 15%
КӨРСЕТУ (СЫЗБА,КЕСТЕ ТАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕР) 30%
ПІКІРТАЛАС 50%
ПРАКТИКАЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТ 75%
ҮЙРЕНГЕН БІЛІМДІ ДЕРЕУ ҚОЛДАНУ, БАСҚАЛАРДЫ ҮЙРЕТУ 90%

Ең алдымен қандай жұмыс болмасын жүйелі ұйымдастыра білу керек.


Ең алдымен алдыға ұстаз да, оқушы да мақсат қою қажет. Ол мақсат сол негізге қол жетімді, яғни, SMART мақсат болуы тиіс.
Менің алға қойған мақсатым: шығармашылықпен жұмыс жасап, оқушы танымын арттырып, ҰБТ-да жоғары көрсеткішке жету. Ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін дұрыс жоспар құра білу қажет.
Жоспар жасау үшін нені басшылыққа аламын?
• Мемлекеттік стандартты;
• Оқулықты
• Теориялық білімді практикада ұштастыру жолдарын
• Тапсырманы сөйлете білу сауаттылығын;
• Қатені түзету жолдары
Мен өз тәжірибемде жоспарлауды БЛУМ таксономиясы негізінде жүзеге асыруды қолға алып келемін. Яғни Блумның 6 кезеңіне қазақ тілінің салаларындағы тарауларды жүйемен, яғни, жеңілден күрделі материалдарға негіздеп жасаймын. Мысалы: Морфология саласы болса
Ден-гей Кезеңдер
сұрақтары мазмұны Мысалы
Т Ө М Е Н Г І Білу
Кім? Не? Сөз таптары туралы не біледі? Оның сұрақтары , құрамы-на, тұлғасына, мағынасына түрлену ерекшелігін, сойлемдегі қызметін біледі. Зат есім. Заттын атынбілдіреді.Сұрақ-тары Кім не?, Құрамына қарай дара, күрделі; Тұлғасына қарай негізгі туынды; мағыналық ерекшелігіне карай деректі, дерексіз, жалқы, жалпы. Сойлемде 5 мүшенің де қызметін атқарады,
О Р Т А
түсіну Көптелмейтін, жік-телмейтін зат есім. Күрделі және туынды зат есімнің жасалуы, көптеліп, септеліп, тәуелденіп, жіктелуі. 5 мүшенің қызметін атқарудағы зат есімнің жасалу жолы Қар, шекер, құм, тас т.б көптелмейтіндігі, мамандық атаулары ғана жіктелетіндігі;
Туынды зат есімнің қай сөз табынан жасалғаны; жай септеу, туелді септеу. Оңаша және ортақ тауелдеу,сойлем мүшелерінің жасалуы және мағыналық ерекшеліктері
ОРТА
қолдану Алған білімдерін прак-тикада қолдану Сөйлемге толық морфологиялық талдау жасай білу
ЖОҒАРГЫ
талдау Практикада алған білімдерін талдау барысында сауатты түрде сөйлете білу Талдау барысында жүйелі сөйлеу. Арманның ағасы жақсылыққа жаны кұмар. Сойлету; (Арманның)Жалқы, деректі зат есім меншіктің иесі болып ілік септігінде тұрып анықтауыш қызметін атқарып тұр. (Жаксылыққа) Сын есімнен жасалған туынды зат есім бағытын білдіріп барыс септігінде түрленіп, жанама толықтауыш қызметін атқарып тұр.
ЖОҒАРГЫ
жинақтау Алған білімдерін қолдана отырып, шы-ғармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыруға үйрену. Сызба, ашық және жабық тест құрау арқылы танымдары дамиды.
ЖОҒАРЫ
бағалау Зат есімді пысықтауда түйінді ой шығару. Тарау бойынша алдын ала құрылған критерийлер арқылы білімдерін өздері пысықтап бағалау Зат есімнің заттың мағынадағы сөздер екендігін ұғыну. Талдау –табысқа жетудің кілті екендігін түсіну.

ІС-ӘРЕКЕТті жүзеге асыруда тағы да Конфуцийдің даналық сөзін еске аламыз. «Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді» деген сөзін негізге ала отырып төмендегі жұмыстарды басшылыққа аламын
• Іс –әрекет қатемен жұмыс жүргізу барысында жүзеге асуы тиіс.
• Бала неден қателессе ол өзімнің әлсіз тұсым деп ұғыну керек те сол негізде біліміңді жетілдіру қажет.
• Сондай-ақ тапсырманы жасауда, не жоспар жасауда мемлекеттік бағдарламада қазақ тілінің салалары бойынша білуге тиіс стандартты жүзеге асыруды басшылыққа алу;
• сонымен қоса, оқулықтардағы білім негізін және оқулықтағы тапсырмаларды, яғни, жаттығу жұмыстарын басшылыққа алу
• Тесттік тапсырма сұрақтары бөтен емес оқулықтан келетіндігін жадымызда сақтау керек.
• Теорияда алған білімдерін ұштау үшін талдау жұмыстарын күнделікті орындау;
• Тестті орындауда жеңілден күрделіге қарай белгілеуді дағдыға айналдыру;
• Жауаптарды сәйкестендіре отырып дұрыс жауапты табуға үйрету
Осы жүйелі іс әрекет жүзеге асу үшін төмендегідей тест түрлерін жүзеге асыруға болады.
• Таңдау тесті – дұрыс жауапты таңдап жазады.(Колданып жүрген жүйе)
• Балама тест- сұраққа «ие» не «жоқ» деп жауап жазады.
• Толықтыру тесті – жауапты тауып толықтыру керек.
• Сәйкестендіру тесті – баған бойынша сұрақтар мен жауаптар беріледі
Қиын сұрақтар болса дәптерге жазып отыру керектігі және ескертіледі.
Талдауды оқушы өзі жасауы тиіс.
Тест жинақтарында не болмаса дайындық барысында жаттаудың қажеті жоқ. Жаттау арқылы нәтижеге жету мүмкін емес. Тақырып бойынша оқып, талдап, түсіне білуді арттыру керек. Әсіресе, талдау жұмысы тестке даярлаудың ең тиімді тәсілі. Ол үшін өзіміз сауатты болуымыз керек.
Анализ жасауды рефлексия арқылы жүзеге асырамын. Ол үшін былтырғы жылдан бастап SWOD талдауды басшылыққа алып келемін. Мақсаттың жүзеге асуын, жоспардың тиімділігін, оқушы әрекетінің қозғалысын, сол SWOD талдауға салып анализ жасаймын. Осы жұмыстың күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіп-қатер бағандарына сала отырып өтілген тарауға талдау жасап анализ жасап отыру қажет.
Мәселен жоғарыда жасалған Зат есімді қорытуда талдау жасасақ Казіргі уақытта төмен, яғни, «16-17» бал жинап жүрген «Д» есімді оқушы жұмысына талдау жасасақ. БЛУМ жүйесіне салынған жоспар негізінде

Күшті жағы Әлсіз жағы
Төменгі денгей бойынша менгерген. Теорияны практикада қолдану
Зат есім туралы мағлұмат негізі қаланған септеулердің мағыналық ерекшелігі
Түрлену ерекшелігін біледі. Жоғары денгей. Талдаған сойлемді сауатты сөйлету сауаттылығы

Сұрақты жете түсініп оқуға үстірт қарайды Егер мұғалім тараудан тыс материал қолданса
Қолдағы материалды қолдану
Сайкестендіру негізінде дұрыс жауап іздеу
Жеңілден күрделіге қарай өту
Мүмкіндіктер кауіп-қатер

Міне, осы мазмұнда әр оқушыға талдау жасалып, мониторинг жасап отырамын. Және бәсекелестікті дамыту үшін «кім алда?» сөзін үнемі қолдану қажет деп ойлаймын. Оқушы өзіне сенімді болуы тиіс. Міне осындай жұс\мыстардың қорытындысы негізінде 2015-2016 оқу жылында казак тілінен орта балл -25 балды көрсетіп сапа да үлгерім де 100 % пайызды корғап шықты.
Соңғы жылдардағы көрсеткіш төмендегідей:
2011-2012 оқу жылында -21,5 балмен аудан бойынша І орын. ҚАТЫСУ- 50%
2013-2014 оқу жылында 20 балл ҚАТЫСУ КӨРСЕТКІШІ-50%
2014-2015 оқу жылы 25 балл ҚАТЫСУ КӨРСЕТКІШІ-100%

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Асхат Әлімовтың «Инербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»
2. Интернет желісі
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.