Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес -

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2653 | Размер: | Автор: гость
. Сынып 8
Пән Қазақстан тарихы
Сағат 1
Тақырып Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес
Мақсат Қазақ халқына жоңғар шапқыншылығынан төнген қауіптен ұлғайғанын көрсету. Ру, тайпа, алауыздықтар тудырған теріс әсерлердің мәнін көрсету. Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтап қалуда халық арасынан шыққан ірі қайраткерлердің ерен еңбектеріне оқушылардың көзін жеткізу. Оқушылардың тарихи оқиғаларды бағалай білуге дағдыландыру, картамен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілік Әбілқайыр хан, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билердің портреті, Қазақстанның картасы.
Әдіс-тәсіл: Жүйелік тәсіл.

Өткен сабақты қайталау:
1. 1718 жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск).
2. Өскемен бекінісі салынды: 1720 жылы.
3. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болды: Қайып.
4. XVII ғасырдан бастап Қазақстанға қауып төндірген мемлекет. Жоңғар хандығы.
5. Жоңғарияның Қазақстанға жорықтар ұйымдастырудағы мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.
6. 1710 жылы үш жүздің өкілдері басып қосып, жоңғарларға қарсы күрес мәселесін талқылаған жер. Қарақұм.
7. 1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер. Аякөз өзенінің бойы.
8. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
Сабақтың барысы :
Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты:
• Солтүстік – батыстан - башқұрттар;
• Солтүстіктен – Сібір казактары;
• Оңтүстіктен - Қоқан, Хиуа хандықтары;
• Шығыстан – Жоңғария;
• Оңтүстік - шығыстан - Қытай.
Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қоңтайшыларының басты мақсаты:
 Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.
 Қазақ жерін иемдену.
XVII ғ. соңы XVIII ғ. басы – жоңғар әскері
Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1718 жыл – Аягөз шайқасы.
Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті.
1722 жылы Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін Қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды.
• 1723 жыл – Цеван-Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады (Жетісу - Қаратау – Талас алқабы).
Бұл – “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін” қайғысының бастамасы (1723 – 1727 жылдар). Ел басынан кешкен осы қасірет “Елім - ай” әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті:
• Ұлы жүз және Орта жүздің бірқатар рулары - Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді;
• Орта жүз рулары - Самарқандқа;
• Кіші жүз рулары - Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне;
• Қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясына қарай жылжыды.
Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы казактар, оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу.
“18 ғасырдың алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті” – деп жазды Ш. Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қоңтайшысы – Цеван-Рабдан.
• 1725 жыл - жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады.
Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді.
Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерде басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-1740ж.) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-1738ж.), Күшік (1718-1750) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр (1693-1748жж) 1723 жылы жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. Біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би - Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
• 1726 жыл – “Қалмақ қырылған” шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай даласы)
Бұланты өзенінің жағасындағы “Қара сиыр” деген жерде 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандалды.
Тарихи маңызы:
Қазақ халқының әскери, моральдық рухы қөтерілді.
Үш жүзді біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді.
Қазақ өлкесінің солтүстік – батысы азат етілді.
Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды.
• 1726жыл. – Ордабасы жиыны. Үш жүздің
жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді.
Нәтижесі:
Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды.
Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды.
Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді.
Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды.
• 1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты.
Тарихи маңызы:
Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді.
Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.
Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды.
Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті.
Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде:
1. Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті.
2. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті.
Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

Сабақты бекіту :
1. 1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер. Аякөз өзенінің бойы.
2. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
3. Қазақ қолының Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерін талқандаған жыл. 1718 жыл.
4. 1723 жылы Жоңғария барлық күш-қуатын қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі. Цинь императоры Кансидің өлімі.
5. Жоңғардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кірген жылы. 1723 жыл.
6. 1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқан.
7. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән. «Елім-ай».
8. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған өңір. Жетісу.
9. Бөгенбай батырдың руы. Қанжығалы.
10. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр. Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек.
Үй жұмысы : Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес

Сабақты бағалау : Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.