Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Фосфор. Фосфордың  периодтық жүйедегі орны және қасиеттері -

Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1868 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға фосфордың периодты жүйедегі орнына сипаттама берумен қатар химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаздыру, ашылу тарихы жөніндегі мағлұматттармен таныстыру және фосфордың химия өнеркәсібіндегі маңызына түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа , өз бетімен ізденуге үйрету. Ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылымы көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Жобалау технологиясы элементтері
Қөрнекілігі: Периодтық жүйе, интертақта, кестелер.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың жоспары:
А. Фосфордың ашылу тарихы
Ә. Қазақстандағы химия өнеркәсібіндегі фосфордың маңызы
Б.Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
ІІІ. Бекіту:
А.Тест
ІҮ.Бағалау (оқушылар өзін-өздері бағалауы)
Ү. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Фосфордың ашылу тарихына көз жүгіртсек:
Фосфорды ежелгі замандарда алу әдістерін білген.Осы тарихи деректер туралы оқушыларымызға сөз берейік. .1669ж.неміс алхимигі Х.Бранд фосфорды ашты. Фосфор және оның қосылыстары Қазақстан жерінде Онтүстікте кен орындары орналасқан. Қаратау;Шымкент, Батыс Қазақстанда Алға өнірінде де табылады.
1.Фосфор: Химиялық таңбасы . Р Реттік нөмірі. 15
Валенттігі ІІІ, V. Тотығу дәрежесі. +3, +5
Атом құрылысының электрондық формуласы:1s22s22p63s23p3
.Ет ұлпасында 56г.фосфор кездеседі. 3.Адам сүйегінде 600г фосфор бар. 4.Жүйке жүйесінде 5г фосфор болады.
Қолданылуы. Фосфор сіріңке жасау үшін
Дәрі- дәрмектер алуда

тыңайтқыштар
Фосфордың 3 аллотропиялық түрөзгерістері бізге таныс:
Ақ,қызыл, қара фосфор кездеседі.
Фосфордың қосылыстары
1. Фосфин-РН3 2. Фосфор (ІІІ) оксиді-Р2О3 4.Фосфор қышқылы Н3РО4 3Фосфор(V)оксиді-Р2О5 5. Мета фосфор қышқылы НРО3
Физикалық қасиеттері. Н3РО4
РН3 Р2О3 Р2О5
Фосфин- өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғышзат.Фосфор(v)оксиді –өте ылғал тартқыш зат, ақ түсті ұнтақ зат. Фосфор (ІІІ)оксидібалауыз тәрізді кристалдық масса, улы. Фосфор қышқылы- ақ түсті кристалдық зат, суда жақсы ериді.
Са3Р2+6Н2О = 2РН3+3Са(ОН)2 Алынуы Р2О5+3Н2О=2Н3РО4

4Р +3О2=2Р2О3 Р2О5+Н2О=2НРО3 (тәжірибе)
4Р +5О2= Р2О5
Химиялық қасиеттері :Фосфин ауада фосфор оксидін түзіп, өздігінен тұтанады:2РН3+5О2= 2Р2О5 +3Н2О . Фосфин суда аммиактан нашар ериді және сілтілк қасиет көрсетпейді . Бірақ аммиак сияқты өте күшті қыщқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді. Бұл кезде аммоний ионына пайда болады: РН3+НІ=РН4І
Фосфор(V) оксиді-өте ылғал тартқыш болғандықтан, реакция теңдеуін былай жазуға да болады.
РН3+2О2=Н3РО4.
Р2О5-суда ерігенде температураға байланысты әртүрлі фосфор қышқылындарын түзеді:
Р2О5+Н2О=2НРО3метафосфор қышқылы . Р2О5+3 Н2О= 2 Н3РО4.ортофосфор қышқылы Фосфор (V)оксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілермен әрекеттеседі: 6NаОН+ Р2О5=2 Na3PO4+3H2O .
Негіздік оксидпен әрекеттеседі: СаО+ Р2О5= Са3(РО4)2+ 3Н2О
Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:
Н3РО4 Н++Н2РО4- дигидрофосфат ион
Н2РО -4 ⇆ Н+ +НРО42- гидрофасфат ион
НРО 2-4 ⇆ Н ++РО43- фосфат ион
Фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттеседі: Н3РО4+3NaOH = Na3PO4 +3H2O.
Н3РО4+NaOH = NaH2PO4+ H2O. Н3РО4+2NaOH = Na2HPO4+2 H2O
Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп , ерімтал тұздарға айналдырады да, минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Мысалы:
Са3(РО4)2 +4 Н3РО4 =3Са( Н2РО4) 2кальций дигидрофосфаты.
Фосфат ионға РО43- сапалық реакция: Н3РО4 +3AgNO3=Ag3PO4+3HNO3
РО4 3-+3Ag+ =Ag3PO4
Фосфор қышқылының тұздары.
Дигидрофосфаттар NaH2PO4
Фосфаттар Na3PO4 Гидрофосфаттар Na2HPO4
Фосфор қышұылының орта тұздары фосфаттар. Егер сутек иондары металл атомдарымен толық алмаспаса, қышқыл тұздар түзіледі. Олар гидрофосфаттар, дигидрофосфаттар деп аталады.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту: Тест фосфор

1.Хеккинг Бранд қай жылы фосфорды ашты?
А)1667 жылы
В)1668 жылы
С)1669 жылы
д)1670
2.Игон Куккель қай жылы жаңа әдіспен фосфорды ашты?
а)1979
В)1780
С)1681
д)1682
3.Қай жылы Маркугод фосфордың құпиясын жариялады?
А)1743
В)1744
С)1745
д)1746
4.Қай ғасырда араб алхимиктері фосфорды жасады?
А)ІХ-ғасыр
В)Х-ғасыр
С)ХІ-ғасыр
д)ХІІ-ғасыр
5.Фосфордың электронды конфигурациясы
A) 1s22s22p63s23p1
cool 1s22s22p63s23p2
C). 1s22s22p63s23p3
D) 1s22s22p63s23p4
6.Фосфордың табиғаттағы қоры ...түрінде болады
A) CaSiO3
cool .3Ca3(PO4)2 * CaF2
C) Ba3(PO4)2
D) H3PO4
7.Фосформен әрекеттесетін заттар
A) KCl, H2, BaO
cool NaCl, Al, Li2O
C) .O2, S, Ca, Cl2
D) MgO, N2O5, Cl2O7
8.Фосфордың болуы мүмкін тотығу дәрежелері?
A) – 2, + 4
B). – 3, + 5
C) – 1, + 7
D) + 2, + 4
9.Фосфиннің формуласы:
A) .PH3
cool NH3
C) AsH3
D) PCl3
10.Натрий дигидрофосфаты формуласы:
A) Na3PO4
cool Na2HPO4
C) .NaH2PO4
D) NaHCO3
11.Фосфор (V) оксидімен әрекеттесетін заттар қатары:
A) .NaOH, H2O, BaO
cool CO2, Cl2O7, Al(OH)3
C) SO3, N2O5, HCl
D) Ag, Cu(OH)2, H3BO3
12Фосфорды қай жерлерде алады?
А.Өскемен; В.Семей; С.Көкшетау; Д.Қаратау
13.Суперфосфат өндіру заводы қайда орналасқан?
А.Таразда; В.Тлдықорғанда; С.Алматы; С.Қостанай
14. Фосфордың ірі кен орындары:
А.Құмкөл-Теңіз; В.Ембі-Мақат; С.Қаратау-Шолақтау; Д.Лепсі-Қаратал.
15. Қазақстандағы ірі фосфор заводтары:
А.Тараз, Алға; В .Шымкент, Қызылорда; С. Талдықорған, Шымкент; Д.Семей, Атырау

ІҮ .Бағалау
Ү. Үйге тапсырма 18 параграф № 5-6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.