Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Мектептегі тәжірибе»  кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша  рефлексивтік -

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексивтік

Сабақ жоспары | Документы | Коучинг жоспарлары Загрузок: 0 | Просмотров: 3051 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған
тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексивтік есеп

Екінші бетпе – бет кезеңінің тәжірибе барысында орындалған сегіз тапсырмаға таныстырылым жасау үшін әріптестермен жасалған жұмыс бойынша талқылау жүргіздік. Әр мұғалім өзінің тәжірибесінде нені және қалай қолданғандығы туралы пікір алмасуды басшылыққа алды. Пікір алмасу барысында бағдарламаны негізге ала отырып, жеті модульді ықпалдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауда үлкен тәжірибе алдым.
Менің басты мақсатым балаларды сыни тұрғыдан ойлауға, оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға мүмкіндік бп деңгейін түсірмей тек жауапта қиындық туғызған сөздерді түсіндіріп айттым. Бірінші күні «Әріптестермен кеңесу» тақырыбы бойынша топтарға бөлініп,пікір алмасып, тәжірибемен бөлістік. Топ ішінде әріптестерімізбен диалогтік оқыту бойынша пікір алмастық. Мектептегі тәжірибесі туралы пікірлерін ортаға салу бойынша берілген сұрақтарға әр әріптестерімнің ой-пікірлері әртүрлі болды. Барлық әріптестердің өз-алдына кемшіліктері мен қиындықтары болған. Өйткені жеті модульді сабақ бойы еңсеру біреуге оңай,ал біреуге қиын болғаны пікірталас кезінде көрінді. Мысалы, Нұршат оқушыларды топқа бөлген кезде түсініспеушілік жағдайлары туып, психологтың көмегіне жүгінуге тура келгендігі туралы айтып кетті, ал Дариқа бағалау кезінде қиындықтардың пайда болғандығы туралы айтып өтті. Алтын әріптесім: «Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беру, оларға жауап беру кезіндегі сұрақтардың туындауы мүмкіндігі болуын», Назгүл: «Деңгейлік тапсырмаларды алдын ала дайындап келу, Нұршат: «Сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану кезінде топтық, жұптық тәсілдерін орындағанда сұрақтарды дұрыс қойып, оларға дұрыс жауаптар беру керектігін үйрендім» десе, Алтын: «Оқушылардың жауап беру деңгейлеріне қарай алдын ала қойылатын сұрақтарын дайындап қоямын», деп ойын айтты.
Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын құру-оқушылардың көңіл күйін жақсы деңгейде ұстау үшін ынтымақтастық атмосфера құру өте маңызды. Оның ішінде психологиялық тренинг жүргізу, сергіту сәттерін өткізу, шығармашылық жұмыстар өткізу барысында рөлдерге бөлу және сабақтан шаршаған сәтте релаксация әдісін қолдана білудің арқасында жақсы нәтижеге жетуге болады.
Осы әдістерді тобымызда ұсына отырып, нені өзгертуге болады және әріптестеріміздің тәжірибесінен нені түртіп алдым деген тапсырмаларды кестеге толықтырдым.
Әріптестерімнің тәжірибесінен түртіп алғаным: Гүлжамал әріптесім психологиялық тренинг жүргізу барысында ынтымақтасу, бірауыздыққа шақыру, топ ережесін сақтау мен зерттеу жұмыстарын арттыру жайында пікір бөлісті. Білім әріптесім оқушылардың ынтымақтастық атмосферасы жайлы болу үшін сыныптан тыс шараларды (экскурсия,сайыстар) жиі өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын оң жағынан құрастыруға болатынын айтты. Төлеген мен Бақыт әріптестерім ынтымақтастық жайлылығын құрастыру барысында зерттеу, жоспарлау және іске асыру деп үш топқа бөлген. Ынтымақтастық атмосферасында көбінесе әріптестермен ақылдаса,пікірлерімізбен бөлісе келе көптеген кедергілер оқушылардың сөздік қорлары аздығы, «Сағат тілімен достар тренингін» өткізген уақытта А-В оқушыларының С оқушысын таңдамауы.Сергіту сәтінде барлық балалар жасамады, себебі ұялшақтық қатты кедергі жасады,менің сыныбымда бір оқушы ұялды, уақыт өте келе дағдыланып кетті. Іске асыру нәтижесін қолдай отыра балаларды мадақтап, шектелген балаларды көтермелеу, мадақтап отыру керектігі ұсынылды.

«Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тақырыбы бойынша «Мектептегі тәжірибе кезіңде сұрақ қою» бойынша қандай қиындықтар кездескені жөнінде және оларды қалай еңсергенін біз топта әріптестермен пікірлесіп, ой бөлістік. Индира әр оқушының мүмкіндігіне сұрақтар дайындағанын айтып өтті. Гүлбан болса ашық және жабық сұрақтарды оқушылар мүмкіндігін ескеріп қолданған. Оның кездескен қиындығы, тұйық оқушыны диалогқа тарту болғанын айтып кетті. Бұл оқушыға жеңіл сұрақтар қойып,мадақтау жүргізгенімен ой бөлісті. Оның қиындығы жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін бір оқушы, жасы кіші болғандықтан дұрыс жауап бере алмағанымен пікір таласты.
Оқушының түсіну дәрежесін бағалау кезінде мұғалімнің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Бағалаудың қандай түрлерін қолданып, қандай нәтижеге жетуге болатыны және тәжірибе алмасу мақсатында топ ішінде пікір алмастық. Қазақ тілі пәні сабағында Самал бағалаудың табысқа жету критерийлерін қолданады екен. Бұл әр сабақта жүргізіледі және оқушыны бағалауда тиімді әдіс екенін Самал өз тәжірибесінен мысал келтірді. Мұғалімнің бағалауымен қатар оқушылардың өзара бағалауы да қатар жүреді, тек қорытынды баға шығарған кезде мұғалім өзінің келіспеушілігін дәлелдей алады.
Өзін өзі реттеу дағдыларын дамытуда балалардың саналы оқушы болып шығуының негізгі кілті. Зерттеуші Флейвелдің еңбегіне сүйене отырып, мектептегі іс-тәжірибемде «Қалай оқу керектігін үйрету» модулін сабақ жоспарларыма кіріктіруде өз тарапымнан өз-өзімді реттедім. Мектепке барған беттен бастап мектеп әкімшілігі мен оқушылардың ата-аналарымен кездесе отырып, ынтымақтастық атмосфера құрып алдым. Бірінші сабағымда оқушылармен пікірталас жүргізе отырып, тәжірибе барысында өтетін сабақтар мен дәстүрлі сабақтардың айырмашылығы туралы айтып кеттім.
Бірлескен оқу:дарынды және талантты оқушылар–әріптестермен пікірталаса отырып мұғалімдердің түрлі кедергілерге тап болғанын байқадым. Онда бәрімізде болған ортақ күрделі мәселе оқушылардың сөздік қорларының аздығы және уақыт тапшылығы. Индира әріптесімнің видео көрсетілім,рөлдерге бөліп көрініс қою деген сияқты тапсырмаларды өзіме еңсердім.Дарынды және талантты балаларды танып, оларды аша білу,тапсырмаларды дұрыс пайдалана білу мұғалімдердің ең басты мәселесі деп есептеймін.



Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. [1. 49 бет]
Осы ойларға жүгіне отырып, тобымдағы әріптестерімнің тәжірибе кезіндегі тапсырманы орындау кезінде не үйрендім деген сұраққа мынандай пікірлер туды: Самал әріптесім оқушылардың қарым-қатынасқа түсіп, бір біріне қолдау жасап, сенімділіктері артады десе, Айжан А тобындағы балалар В,С тобындағы балалардың деңгейін көтеруге әсер етті, жұптық әңіме арқылы сындарлы ойлау қабілеттерін дамытып, тұйық балалардың ашылып,сөйлеу, өзін-өзіне деген сенімі арта түседі десе, Гүлбан есімді әріптесім жұптық әңгіме кезінде оқушылардың қызығушылығын арттырады деп өз ойын ортаға салды.Әріптестерім тапсырма мен жеті модуль идеялар байланысын құрғандықтары туралы төмендегідей пікірлерімен алмастық. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын оқушылардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін растайды.Осы үдеріске сүйене отырып, әріптестеріммен пікірлесу барысында оқытудың дербестілігі туралы тұжырымдар пайда болды. Соның ішінде:

- Балалар немен айналысты;
- Балалар не үйренді;
- Осы әдістерді қолдануда нені үйрендіңіз;
- Қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз;
деген талдау барысында оқушылардың жаңа әдіс-тәсілдерге қызығушылық танытып, өздігінен реттеле бастағанын үйрендім, бірақ бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, қиыншылықтарға тап болдым,оқушылардың сындарлы ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ойларын ашық жеткізуге, өзінің және құрдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап талдауды үйренді.Мектептегі тәжірибе кезіндегі дарынды және талантты оқушылармен жүргізген әдістерім туралы ой-пікірімді айтып кеттім.Топтағы әріптесім өз тәжірибесінен алғанда дарынды балаларға деңгейлік тапсырмаларды беріп, қалай тексеру керектігін үйренгендігі туралы айтты, рөлдік ойын (драма) өткізуді үйренген екен, ал Аида болса дарынды балаларды сабақ барысында бақылаушы, бағалаушы етіп қоюды үйреніп, еңсеріпті. Айжан әріптесім сыни тұрғыдан ойлауды бағалауда АВС деңгейіндегі оқушыларға кластер, коллаж құрастыру барысында бағалап, В тобындағы оқушының жұмыс істеу әрекеті баяу болғандықтан уақыттан ұтылып қалғандағы қиыншылықтары туралы айтып, А деңгейдегі оқушылардың көмегі арқылы еңсергендігі туралы өз ойын айтты.
Қорыта айтқанда, тәжірибе барысында көптеген жетістіктерге жетіп, қуанып жатырмын, бірақ алдағы уақытта жіберген кемшіліктерімді сабақ барысынды жоюға тырысамын деп ойлаймын, оған кепіл болатын Бағдарламадағы жеті модуль мен оның тиімді оң әдіс-тәсілдері екені анық. Келешекте әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай отыра, сабақтарым жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларымның білім деңгейі жоғарылап, А деңгейлі оқушылармен қатар болатынын мақсат етемін.


Қолданылған әдебиет:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.