Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақ халқының әдеби мұраларын қазақстандық патриотизмге  тәрбелеудің негізі -

Қазақ халқының әдеби мұраларын қазақстандық патриотизмге тәрбелеудің негізі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1859 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Түркістан қалалық білім бөлімі
А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тұрыскелді Гауһар Қуатбекқызы

Қазақ халқының әдеби мұраларын қазақстандық патриотизмге
тәрбелеудің негізі





Түркістан - 2014

«Мұғалімдік киелі – мамандық. Ол үлкен, жан-жақты, терең білімдарлықпен қатар, аса сезімтал болуды талап етеді. Әр бала – тұнып тұрған сезім. Олардың пианинаның тіліндей сезім пернелерін тура баса алсаң ғана жан дүние әлемдеріне еркін ене аласың. Әйтпесе, олар маңайлатпайды».
Ф.Оңғарсынова

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ¬станның білім және ғылым қызметкер¬лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан¬шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру¬дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында-рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал¬қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім¬нің аса маңызды, аса жауап¬ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем¬лекетінің егемен ел болып қалыпта¬сып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.
Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс.
Қазақстандық патриотизм де¬геніміз не? Менің ойымша, отан¬дық патриотизм – бұл ел¬дік¬ті, мемлекеттілікті саналы түр¬де сезіну. Мәселен, кез кел-ген адамның өзі туып-өс¬кен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Ота¬ның¬ның мүддесін ойлау, ту¬ған жеріңе деген адалдық жә¬не азаматтық сезімдер, өз елің¬нің саяси, экономикалық, әлеу¬меттік, мәдени саладағы же¬тістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-ба¬ба¬ларың мен Отаныңның та¬ри¬хына құрметпен қарау, сон¬дай-ақ, өзіңнің табанақы, маң¬дайтеріңді туған еліңнің гүл¬денуіне арнау – бұлардың бар-лығы да қазақстандық пат¬рио¬тизм деген ұғымның ішіне сыя¬ды. Бұл мәселені ашып айту үшін, мынадай мақсаттарды бө¬ліп алайық. Біріншіден, аза¬мат¬тардың бойында жоғары пат¬риот¬тық сезімді, өз Отанына де¬ген адалдықты қалыптастыру қа¬жет. Ол үшін әр адам өз Ота¬ны¬ның мүддесін қорғауда аза¬маттық борыштары мен конс¬ти¬ту¬циялық міндеттерін атқаруға әр¬қашан дайын болуы тиіс. Екін¬шіден, әр тұлғаның бойында бел¬сенді азаматтық ұстанымын қа¬лыптастыру. Бұл ұстаным ба¬ла жастан, отбасындағы, өскен ор¬тасындағы тәлім-тәрбиеден бас¬тау алатыны баршаға мәлім. Үшін¬шіден, жас жігіттер мен қыз¬дардың рухын шыңдайтын әс-кери-патриоттық тәрбие бе¬ру. Төртіншіден, әртүрлі ұлт, нә¬сіл, конфессиялардың өзара қа¬рым-қатынасының принципі ре¬тінде төзімділікке тәрбиелеу. Бе¬сін¬ші¬ден, қоғам мен тұлғаның әлеу¬меттік жағынан маңызды құн¬дылықтарын қалыптастыру жә¬не дамыту.
Сонымен қазақстандық патриотизмнің негізгі мақсаттарын төмендегідей топтастыруға болады.

Әрине, тізбектей берсек, пат¬риотизмнің міндеттері өте көп. Мысалы, өзіңнің Отаның үшін үлкен жетістіктерге же¬ту. Шынайы патриоттық се¬зім өзіңнің отбасыңа, еліңе, Отବныңа деген кішкентай ма¬хаббаттан бастау алады. Ма¬қа¬ламыздың басында біз ана сү¬ті¬мен, ата дәстүрімен берілетін өз туған тіліңді толық меңгеріп, оған құрметпен қарау да пат¬рио¬тизм¬нің бір белгісі екенін айттық. Яғ¬ни, әрбір қазақстандық мем¬лекеттік тілді үйренуі ар¬қы¬лы оны меңгермегендерге жақ¬сы үлгі көрсетуі керек. Мем¬лекет басшысы, әсіресе, жас¬өспірімдер мен жастарға мем¬лекеттік тілде тәлім-тәр¬бие, білім беру жөніндегі ой-пікірлерін жиі-жиі айтып жүр.
Зерттеуші ғалымдардың, педа¬гог¬тардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан¬сүй¬гіш¬тік¬ке бау¬лу¬да баға жетпес педаго¬ги¬калық құ¬рал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шы¬ғармаларда сомдалуы болып та¬бы¬лады десек, одан қазақ батыр¬ла¬ры¬ның бойындағы елдік қасиет¬тер¬дің жиынтығы да, азамат¬қа тән адам-гершілік болмысы “сегіз қыр¬лы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгір¬лік те, биге тән көсемдік те, әулие¬ге тән көрегендік те табы¬лады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төс¬тік¬тің қаһармандығын, Бекет ата¬ның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешен¬дігін, Б.Мо¬мышұлының батыр¬лы¬ғын ай¬туға болады. Тамыры терең пат¬риот¬тық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.
Президент Н.Назарбаев “Қа¬лың елім – Қазағым” жина¬ғын¬да “…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезін¬бейінше, оның өткенін біліп, бо¬лашағына сенбейінше біздің жұмы¬сымыз ілгері баспайды…” және “Біз қазақстандық патрио¬тизм¬ді Отанын, жері мен суын шек¬сіз сүю, халқының өнеге-дәс¬түрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, аза¬маттық татулықты баянды етуге және ұлтаралық тату¬лықты тұрақ-тандыруға жұмсау” деп жазған еді.
Қазақстан – көп ұлтты мем¬ле¬кет. Демек, жас ұрпақтың бойын¬да ұлттық патриотизммен бірге қа¬зақстандық патриотизмді қа¬лып¬тас¬тыру ерекше маңызға ие. Қазақ¬стан¬ның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірлік¬тің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кі¬табында: “Ұлттық бірліксіз пат¬риотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бір¬лік¬ке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына хал¬қы¬мыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел бол¬са, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ын¬ты¬мақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақ¬тың санасына сіңіріп отырған.
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы¬ған өз әлінше үлес қосуы – бұ¬ның басты шарт¬тарының бірі. Жас¬тарға патриот¬тық тәрбие беру¬дің бағдарлы идея¬ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қа¬зақстан – 2030 ” атты еңбегінің “Қବзақстан мұраты” деп атала¬тын бөлі¬мінде: “…біздің балала¬рымыз бен не¬мерелеріміз… бабаларының игі дәс¬түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық¬тық экономика жағдайында жұ¬мыс істеуге даяр болады. Олар бей¬біт, абат, жылдам өркендеу үстін¬дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо¬лады” – деп, үлкен үміт артты.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб¬ли¬-касына сүйіспеншілікке, мем¬лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр¬биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ¬мыстарды қазақ¬стандық патрио¬тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі¬зінде құру” – керек екендігі көрсетілген.
Егемендік алған бастапқы күн¬дерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікір¬талас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құры¬лы¬мы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан бы¬лайғы кезде мектеп оқушы¬ларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдер¬дің формалары мен мазмұнын қолда¬нуға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық¬тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды¬лық Күлтегін жазбаларын-да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты… – делінген.
Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа¬сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала¬сағұни, Мах-мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын.
Ықылым заманнан бізге жет¬кен “Қорқыт Ата кітабында” тә¬лімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қы¬лыш¬тай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шыға¬рып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірік¬ші болғаннан жарық көріп, өмір сүр¬ме¬ген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақта¬ныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық сая¬сат”, “Поэзия өнері туралы”, “Ба¬қытқа жол сілтеу”, “Рито¬рика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактатта¬рында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім кате¬горияларының бетін ашып, олар¬дың негізгісін дәлелдеп берген.
Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа ша¬қырған.
Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген пат¬риоттық сезімді қазақ ағартушы¬лары Ш.Уәли¬ханов, Ы.Алтын¬сарин, А.Құнанбаев шығармала¬рынан да көруге болады.
ХХІ ғасырдың жан – жақты білімді азаматтарын дайындап шығу бүгінгі күнгі білім саласының маңызды саласының бірі. Қазақ тілін оқыту процесінде бұл мәселеге ерекше назар аударылуда. Дегенмен де көздеген мақсатқа жету жолында бір ғана тілдің лексикалық, морфологиялық және синтаксистик талаптарын орындарын жеткіліксіз себебі тілді үйреніп оны жетілдіру барысында ұлттық мәдени компонентердің де ұлкен рол атқаратынын жоққа шығара алмаймыз. Яғни ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды білім мазмүнына сай енгізу, Қазақстанда саяси - әлеуметтік өмірдегі жетістіктерге жетелейтіні анық.

Ұлттық құндылық

Ұлттық құндылықты ұлықтап, әдеби - мәдени мұраны бала бойына сіңіруде қазақ тілімен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Әрбір тілдегі сөздік қордың байлығы тікелей сол халықтың мәдени, тарихи және әдеби қазынасына байланысты. Тілдік элементерді игеру жолында оқытушы сол ұлттық мәдени компоненттердің түрлі жолдарын ұсынып, оқу процесінде лексикалық талаптармен ұштастыра білуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік тіл бойынша басқа салалық мамандар жүйесімен ұштастыра отырып қазақ тілін кәсіби қызметте жан – жақты игеруде ақпараттық талдау материалдарымен жұмыс жүргізуге тілдік қызметтің барлық түрін айтылым, оқылым жазылым, тыңдалым, бір тілден екінші тілге аудару меңгеруге үйрету болып табылады.
Ұлтымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпаққа тиянақты терең білім беріп, ой өрісін кеңейтуде, жеке адамды қалыптастырып дамытуда соңғы жылдары көптеген оқыту технологиялары ұсынылуда.
Бірақ сол технологияларды өз бетінше, өз тәжірибесімен ұштастыра отырып қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Мен өз тәжірибем бойынша оқушыға терең білім берумен қатар Қазақстандық патриотизмді бала бойында сіңіре білуде екі бағыт бойынша жұмыс жүргіземін.
«Әдеби мұра – мәдени мұра» бағыты бойынша ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің үлгілерін меңгерте отырып өр рухты Қазақстандық патриотизмдік сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Бірнеше оқыту технологиясы элементтерін ұлттық ойын элементтерімен ұштастыра отырып, ұлттық салт-сананы бала бойына сіңіру.
Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесімен ұштастыра отырып білім беру білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету әрбір оқытушының міндеті.
Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек.
Өзіміз қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту». «Деңгейлеп оқыту», «Модулдік жүйе бойынша оқыту», «Сатылай комплексті талдау», «Ақпараттандыру» технологиялары әр қилы болғанымен бір бағытқа яғни сапалы білім бере отырып, жеке тұлғаның білімділік дағдысын патриоттық рухын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Ал енді осы тұрғыда өз тәжрибем бойынша екі бағытта жұмыс жасау үстіндемін
І. Бірнеше оқыту элементтерін ойын элементтерімен ұштастыра отырып, жеке тұлғаның қызығушылық қабілетін дамыту.
ІІ. «Мәдени мұра - әдеби мұра» айдарымен қосымша шығармашылық тапсырмалар беру арқылы шешендік пен көркем сөз өнеріне, салт-дәстүрдің сырын ұғына білуге, туған жері мен елін қастерлей біліуге тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы элементтерін ойын элементтерімен ұштастыра, жандандыра отырып, жұмыс жүргізу, бәсекелестікке қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастырудың ең тиімді жолы болмақ. Өйткені ойын – оқытудың маңызды байыпты түрі. Оқушылардың білім – біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Нысаналы мақсатымыз – ақыл-ойын, сезімін, білімін, құзіреттілігін еркін үйлесілімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды менгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ рөлдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Осы тұрғыда қазақ тілі сабақтарына қолдануға тиімді болып табылады деген ойын элементтеріне тоқтала кетейік.
«Даналық ағашы» ойынын өткезудегі мақсат - оқушылардың қазақ халқының ұлы адамдарының ғұламаларының, данышпандарының нақыл сөздерін оқып-үйреніп мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу, даналық сөздерден дән іздете білу. Сөз қадірін, тіл құдіретін ұғындыру. Ойынның шарты бойынша оқушылар «Даналық ағашы» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған нақыл сөздердің авторларының кімдер екенін тауып, бәйтеректің бұтағын жаю.
Мысалы: «Тәрбие басы – тіл» (М. Қашқари), «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» (Абай), «Тіл - өнердің тілмашы» (С. Дөнентаев), «Ол өнердің ұшер биігі де, Қонар жайсаңы да – біздің қазіргі өміріміз» (М. Балақаев), «Абайдың сөздері – қазақтың бойтұмары» (Н. Назарбаев)



«Алтын қазына» ойыны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оқушының өз еркі бойынша ойналады.Оқушы өзі шығарған өлең немесе көркем шығарма, ой толғау тағы басқа ізденістерін қазына қорына әкеп қосады. Әр тоқсан соңында кімнің алтын қазынаға қосқан үлесі мол болса жинақталып, баспаға беріліп марапаттау қағаздарына ие болады.
«Антонимдер» (5-сынып) жаңа тақырыпты пысықтауда мынандай ойындарды кіргізе өтырып, оқушылардың шығармашылық қабилетін дамытып қызығушылығын арттыруға болады.
Деңгейлік тапсырма беру бойынша: 1-деңгей: Кім тапқыр? Ойыны бойынша мақалдың жалғасын тауып тапқыр атанады. 2-деңгей: Сөз тізбек ойыны бойынша антонімдер тізбегін жасап шебер атанады. 3-деңгей: Суреттер сөйлейді ойыны бойынша мәтінге қарап сурет салып, шебер суретші атанады. 4-деңгей: Берілген тақырыпқа қарап, антонимдерді қатыстыра отырып шығарма жазып , шешен атанады.
Деңгейлеп оқыту бойынша бала қиялын ертегімен ұштастыра отырып, сабақтың барысын ертегі желісімен өз мәресіне желісімен өз мәресіне жеткізуде «Шыңға шық , туыңды тік!» ойыны.
Ойынның мақсаты: Ойынға қызықтыру арқылы оқушы білімін жоғары деңгейге көтеру.
1. Ат суреті тақтаға ілінеді.
Пырақ ат мына кедергілерден өтіп биік шыңға көтеріледі.
Алғаш жеткен оқушы шың басына Қазақстанның туын тігеді.
Кедергілер:
1. Жазық шөл даладан тоқтаусыз сұраққа жауап беріп өтуі керек.
2. Сөз жұмбақ немесе бейне жұмбақты дұрыс шешсе, көлден өту үшін алтын көпір беріледі.
3. Мәтінмен жұмыс жасауда жаттығу жұмыстары қатесіз орындалса қалын орманнан оту үшін семсер беріледі.
Шығарма немесе эссе сынақ түрлерінен (тест, диктант) сүрінбей өтсе , тауға ұшып шығу үшін атына қанат беріледі.

«Әлипби» ойыны оқушыларға төмендегі сыныптарға сергіту сәті ретінде өтіледі.
Мұғалім:
-Біз жақсы баламыз, қане «Р» әріпі боламыз!
-Балалар тіке тұрып, сол жақ қолдарын белдеріне қояды.
-Біз таза баламыз, су шашатын боламыз!
Балалар екі қолдарын белдеріне қойып «ф» әріпін жасайды.
-Біз тату баламыз, қол ұстасып бәріміз «м» әріпі боламыз!
Балалар өз көршілерімен қол ұстасып «м» әріпін жасайды.
Ойынды мұғалім шеберлігімен түрлендіре беруге болады.


-

Қазақ халқының салт – дәстүрлерін дәріптеуде ұлттық ойындарды сабақта ойын элементтері ретінде пайдаланудың тиімділігі өте мол.
«Айтыс» ойыны оқушылардың жеке шығармашылық қабілетін дамытуда үлкен қызмет атқарады. Бұл ойында «Бес жолдық өлең» стратегиясы бойынша жүзеге асыруға болады.
1. зат есім (бір сөз) Ана
2. сын есім (екі сөз) Асыл, дара
3. аралас (үш сөз) Мақтанышым сен ғана.
4. етістік (төрт сөз) Өстім-өндім, көктедім, жандана.
«Көкпар» ойыны әр сабақта әр қилы пайдалануға болады. Мысалы фонетика саласы бойынша оқушыларды екі топқа бөліп, бірінші топқа – біріңғай жуан дауыстардан, екінші топ – біріңғай жіңішке дауыстылардан, немесе біріңғай тұйық буыннан, біріңғай ашық буыннан жасалған т.б. сөздерді екі топ үздіксіз бір-біріне көкпарды асыру арқылы мәреге тез жетіп, қазандылыққа салу керек. Берілген уақыт ішінде қай топ қазандыққа көп көкпар (сөз) салса, сол топ жеңіскер. Ойынды лексикология саласы бойынша: синонимдерді, антоним, омонимдерді табу арқылы өткізуге болады.
«Тоғызқұмалақ» ойыны СТО технологиясы бойынша семантикалық картамен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі немесе басқалай ұйымдастыруға болады. Тоғыз түбір сөзді өз қосымшаларына дұрыс жалғау арқылы жүргізіледі.

Тоғызқұмалақ-тоғызқұмалақты тоғыз ұяшыққа есептеп салып шығу арқылы ойналатын ұлттық ойын түрі.



«Ақ сүйек» ертеде ай жарығымен сүйек лақтыру арқылы байқампаздығын, шапшаңдығын арттыру мақсатында жүргізілген. Ал ол ойынды сабақ кезінде «ой талқы» ретінде сүйекке сұрақ орап лақтыру арқылы жүзеге асыруға болады. Қағып алған оқушы сүйектегі сұраққа жауп берсе ол ептілігімен шапшандығымен білімімен жеңіскер боп танылады. Сұрақтарды тақырыпқа сай түрлендіріп беріп отыра беруге болады.
«Қыз ұзату» тұрмыстық салт дәстүр бойынша ойналады. Ойынды сабақтың пысықтау немесе жаттығу жұмыстарын жүргізу кезеңдерінде топ арасында сайыс сабақтарында қолдануға болады. Ойын ережесі: екі топ қарсылас топтың бір-бір қызын таңдап сол қыздың есіміне «Сөз жұмбақ» немесе «Бейне жұмбақ», «Сан жұмбақ» құрау арқылы екінші топтың қызына құда түседі.
Мұндай кезде оқушылар әдетте үздік, белсенді оқушыны таңдауға тырысады. Сондықтан екінші топ өз қыздарының есіміне құрылған жұмбақтың түйінін шешсе өз қыздарын қорғап қалады, егер шешімін таба алмаса қарсылас топ таңдаған қыздарын ұзатып әкету арқылы өз тобына қосып алады. Әрине таңдалған есім топтың өз арасында құпия сақталады, шешімін тапқан кезде ғана жария болады. Бұл ойын қазақ салт дәстүрін сезінуімен қатар достастық, ынтымақтастық сезімдерін арттырып, білімдерін де шыңдай түседі.



«Хан алшы» ойыны «Кубизм» элементтерімен тікелей ұштастыруға болады. Бұл ойынды сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде деңгейлік тапсырма ретінде ұйымдастырған жөн. Асықты иіру арқылы жүргізіледі. Төрт жағының (алшы, тауқа, бүк, шік) қайсысы түссе соған орай сол деңгейдегі сұраққа жауап береді.
IV деңгей – алшы
III деңгей - тауқа
II деңгей - алшы
I деңгей – бүк
Бұл ойын оқушылардың ептілігі мен білім деңгейін байқауда ұтымды әдіс деп ойлаймыз.


«Сандар сөйлейді» ойыны әліпби ретімен қойылған әріп сандарын табу арқылы ойналады. Бұл ойын «Қызығушылықты ояту» кезеңінде ұйымдастырылғаны жөн. Сіз сабағыңыздың тақрыбын немесе басқа да тосын нәрселерді сандарды сөйлету арқылы таныстырсаңыз оқушы назарынан тыс қалмайсыз.
Сонымен іс – тәжірибемізді бірнеше ойын түрлерін қолдану арқылы іске асыру тиімді екенін көрсете алдық деп ойлаймыз.
ІІ. Кәсіби бағдарлы білім беруде ұлттық мәдени компаненттердің тәжірибелік жағынанда жіті көңіл аудару қажет. Өз елінің нағыз шынайы патриоты ғана тіліне тарихына мәдениеті мен әдебиетіне дәстүріне құрметпен қарауы тиіс. Туған жер атамекен туралы айтылған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер ұлттық тәрбиенің басты құралдарының бірі. Оқыту процесінің құрамдас бөлігінің бірі ретінде тарихи аңыздар дерегі бойынша Қазақстан картасымен жұмыс істеу, пікір таластар жүргізу тиімді тәсіл. Қызықты тапсырмлар беру арқылы тіл үйренушілердің ынтасын қызығушылығын арттыруға болады. Оқыту процесінде ұлттық мәдени компаненттерді тиімді пайдалана білу тіл үйренушілерге өз нәтижесін береді. Олардың тілге, елге мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілігін құрметін арттырады.
Мұғалім ең алдымен қоғамның әлеуметтік тапсырымын өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жұзеге асыру айналасында жұмыс істеуі керек.
Мысалы: бүгінгі таңда мәдени мұраны танытып, көркем сөз қадірін арттыруда, ұлттық келбетімізді ұлықтайтын Абай, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали, т.б. ұлы ақындардың өлеңдерін жатқа оқуда дәстүрлі түрде іс – шаралар өткізілуде. Осы тұрғыда сайысқа дайындау, сонымен қатар көркем сөзге деген қызығушылығын, патриоттық сезімін арттыру, ақындық, әншілік пен әртістік қабілетін ашу мақсатында қосымша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Осы тұрғыда «Әдеби мұра – мәдени мұра» айдарымен қосымша шығармашылық тапсырмалар беру арқылы шешендік пен көркем сөз өнеріне, салт-дәстүрдін сырын ұғына білуге, туған жері мен елін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жүргізу кестемді ұсынып отырмын.

Осы бірнеше жұмыстың ішінде бір-екеуінің жұмыс жасалу мақсатына және берер енәтижесіне мысал келтіре кетейік.
1. «Өлең сөздің патшасы» бөлімі бойынша әр оқушы өзі қалаған ақынын таңдап алып, сол тақырып бойынша үнемі жұмыс жүргізеді. Мысалы, мына кестенің үлгісі бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды.
-
Оқушының аты жөні:__________________________________
Тақырыбы: М. Мақатаев - ақиық ақын
Күні Өлеңнің аты. Мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі Өлеңнің тәрбиелік мәнін ұғынуы Әнімен айтуы Өлеңнің көркемдік құрылымы Қазақ тілі теориясы бойынша талдау
04.09.2012. «Үш бақытым» 5 5 - 4 5
11.09.2012. «Сарыжайлау» 4 5 4 5 4

Нәтижесінде:
1. Жадында сақтау қабілетімен мәнерлеп оқу шеберлігі артуы;
2. Өр рухты сөз қадірін ұғынар ұрпақ болуы;
3. Қазақ тілі бойынша теориялық білімінің нығаюы;
4. Сайысқа үміткердің дайын болуы.
2) Қосымша рубрика: «Жаңалықтар» айдарымен ақпараттандыру технологиясы бойынша жүргізіледі. Оқушылар телеарналардан немесе күнделікті тұрмыста қоғамда мектепте естіген, көрген жаңалықтарымен бөліседі, талдау жасайды.
Мысалы:
1. Әлем жаңалықтары;
2. Ел жаңалықтары;
3. Ауыл жаңалықтары;
4. Мектеп жаңалықтары.
Өз қалаулары бойынша әр кезде, әр қалай жаңалықтар дайындап келеді.
Нәтижесінде:
1. Отанға, елге деген патриоттық сезімі артады.
2. Көзі ашық, жан - жақты хабардар тұлғаға айналады.
3. Ұлы тұлғалар мен жетістіктерге жетіп, биіктен көрініп жатқан жастарға қарап бой түзейді.
4. Ұлтаралық достастыққа , мейрімділік пен қамқорлыққа тартылады.
Білім қоғамды тұрақтандыратын рухани мұраны сақтайтын ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқыту жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар олады халықтың дәстүр үрдісінің адамгершілікке баулу, әр оқушының біздің ертеңіміз, болашағымыз екенін терең ескере отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оларды білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.