Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығармашылық жұмыс Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, ұлттық қолөнер негіздерін оқып үйрету әдістері. -

Шығармашылық жұмыс Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, ұлттық қолөнер негіздерін оқып үйрету әдістері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3369 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Мамбетова Угулъжан
Технология пәні
Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс
Жаңа технология элементтерін
пайдалана отырып, ұлттық қолөнер
негіздерін оқып үйрету әдістері.

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а). Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары
ә). Киіздің жасалу жолдары
б). Сырмақтың жасалу технологиясы
в). Ою-өрнек

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттык қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани сән-салтанатымызды, ырым-наным, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.
Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.
Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.
Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.
Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жаткан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттык колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалык, эмоционалдык, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.
Сәндік қоленерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, окушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту кажет деп санаймыз.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің кұралы.
Ою-өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.
Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяктауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.

1.Шиге жүнді 9. Қыл-қыбырынан
сабақтап орау тазалау
2. Ыстық су себу
8. Кептіру
3. Тебу
7. Ұзындау

4. Кірігу үшін 6. Қарпу
булау
5. Білектеу

тығыз жұқа

мықты босаң

№ Қолөнер түрі Қай ғасырда пайда болды? Қайда?
Қай елде? Қолданылуы Жасалу әдісі
1 Киіздің түрлері: өре киіз, кесек, текемет,сырмақ, талдырма, қозы жүнді киіз ІV-V Түркі тілдес халықтарда Үй шаруашылығына Қой, қозы жүнінен
2 Киіз басу ІV-V Түркі тілдес, көшпенді шаруашы-лықта Киіз үй жабдықтары, үйдің ішкі бұйымдары, киім кешек Жүнді қырқу, жуу, кептіру, тарау, түту, шумақтау, сабау, шиге тарту, шабақтау, сулау,байлау, басу
3 Киізден тігілген
киім ІV-V Есік қорғаннан табылған «Алтын адам» костюміне пайдаланған Жұка тығыз басылған кигізден қиып тігілген алтынмен әшекейленген
4 Киізден тігілген бас киім, шапан. аяқкиім V Бесшатыр қорғандары-нан табылған Сақтардың үшкір бас киімдеріне шекпен, байпақтарына пайдаланған Қалың және жұқа, ақ және қара түсті киізден тіккен
5 Киізді түрлендіре пайдалану XIX Қазак халқы, түркі тілдес халықтар Киіз үйге, үй іші бұйымдары; текемет, сырмақ, түс киіз, аяққап, қоржын, тігуге пайдаланған Ақ қара түсті және түрлі түсті бояулармен бояп, оюластырып, өрнектеп, кестелеп тіккен
6 Киізді дамыта пайдалану XX Баска шет мемлекет-терде Моңғолия-да, Түркістанда Жайнамаз, кебенек, аттың кежімдері,
сырмақ түрлері, т.б Жұка талдырмаш киіздің бірнеше түрін оюластырып тіккен
7 Киізді жаңа технологияда пайдалану XXI Қазақстан аумағы, Моңғолия, Түркия, баска шет мемлекет-терде Киіз үй жабдықтары,
төсек орны жабдықтары, үй іші бұйымдары, киім-кешек, киізден тігілген әр түрлі көрмелерге, мүсіндер тігуге пайдаланады Бояйды, пішеді, ою-өрнек салады, қияды, желімдейді, жүрмейді, іс машинамен және қолмен тігеді

табан қосмүйіз

балдақ төртқұлақ

өрмекші айшық

үш жапырақ жауқазын гүл

Ою-өрнек түрлері Мысалдары:
1.Зооморфтық
2. Өсімдік тектес
3. Геометриялық
4. Космогониялық Қошқармүйіз, құсқанат Арпабас, сегізжапырақ Ирек, сызык, т.б
Айшық, жұлдызша

Бұйымдарға өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу қажет. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы.
Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым
табуы - колорит деп аталады.
Жалпы алғанда, ою-өрнек - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.

Ою түрі Атауы Қолданылатын орны Оюдың мағынасы
Тоғызтөбе «Тоғызтөбе» ою-өрнегін Айша — бибі күмбезін өрнектеу ушін қолданған Бұл ою ең көне оюлардың бірі
Тіс Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тігістерді өрнегінде қолданылады Тіс - малдың, аңның тісіне ұксас, молшылыктың белгісі
Иттабан Киіз үйдің есігіне, қораның кақпасына салынады Ит жеті казынаның бірі деп құрметтейді
Төртайшық Тертайшық элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер киюға болады Төртайшық - айды тұспалдайды
Таңдай Бұл ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің, кимешектің жағасына салынады Таңдай ою - өрнегі мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан
Сынықмүйіз Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр, алашаларды безендіреді Малдын сынған мүйізіне ұксайды
Құсқанаты Тұрмыста қолданылатын бұ-йымдардың барлығында кездеседі Құсқанаты - мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген кұстың қанаты тәріздес ою - өрнек
Қос дөңгелек Бұл өрнекпен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді Ежелгі көшпенділер дүниетанымында тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген
Гүл Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына салады Гүл ою - өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды

Нәтижелі еңбектің арқасында байқалатыны:
- ең алдымен баланың қолөнерге деген қызығушылығы арта түседі;
- іске бейімділігі мен икемділігі қалыптасады;
- шығармашылық қабілеті артады;
- өз қиялы, өз идеясы, өзіндік пікірі, өз көзқарасы қалыптасады;
- шығармашылық ізденіс пайда болады;
- өзіндік еңбек ету кабілеті ашылады;
- шеберлік, іскерлік дағдылары қалыптасады;
- кәсіби шеберлігі өседі.

Қорытынды:
Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдеп – ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Жалпы табиғи материалдардан бұйымдар жасаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған.
Адам қоғам үшін табиғи материалдардан бұйымдар жасау өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенің білдік.
Табиғи заттардың адам баласына тигізер әсері мол. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей табиғи заттарды немесе тұтынуға жарамсыз заттарды пайдаға жарата білу қажет. Табиғи бір ғана нәрсені өңдеп сәндік бұйым шығару үшін ойын бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Басқа да қасиеттері толып жатыр.
Оқушының дарынын жоғалтпай, жұлдызын сөндіріп алмай уақытылы танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай болу – ол әрбіріміздің міндетіміз.
Ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы қолөнер туындысын таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және өндіріс салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері»
2. Шаңырақ. Үй – тұрмыс энциклопедиясы
3. Оразбаев Н. А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Ленинград –2007ж
4. «Мектептегі технология» №7 2009 ж.
5. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1997 ж.
6. Басенов Т. К. Казахский народный орнамент.
7. Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы. 2007 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.