өзін өзі тану пәні. Тақырыбы: Кешірімділік көңіл кеңдігі
загрузка...
  • Категория:
  • Загрузок:
    11
  • Рейтинг:
    0.0/0
загрузка...
Тақырып: «Кешірімділік-көңіл кеңдігі»
Құндылық: Қиянат жасамау. Қасиеиттер:адамгершілік пен ақкөңілділік.
Мұғалім: Джайлханова Анар Сынып: 8 сыныптар Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:
Балалармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, өкпе - реніштің зиянын ұғындыру; «кешірім», «кешірімділік», «кешірім сұрау» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.
Міндеті:
- «кешірім», «кешірімділік» ұғымдарына қатысты белгілі тұлғалардың ой - пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.
- кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.
- кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Слайд, стикерлер, оқулық пен дәптер, сызба плакат.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2) Тыныштық сәті: Жай ырғақты әуен тыңдату.
3) Үй тапсырмасын сексеру:
М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңін оқыту, талдау жасату. Сабақ барысын талдау:
Көзқарас-себеп-мысал- қорытындылау әдісі бойынша талдау. Сұрақ-жауап; әңгімелеу, мысалдар келтіру
Дәйек сөз:
«Кешіре білген адам-күшті адам» Ахмет Йүгінеки Оқушыларға оқыту, дәйек сөздің мағынасын аштыру, мысалдар келтіру
Жаңа сабақ:
Әңгімелеу.
Жағдаятты оқыту,
-Балалар, Арманға қалай көмектесесіңдер?
-Арман енді не істеу керек?
Оқыту, талдату, сұрақтарға жауап алу.
Тақтамен жұмыс,
Сергіту сәті: Өз бойындағы жаман қасиеттерден арылу
Шығармашылық жұмыс:
Тапсырмаларды орындау.
-Өзің кешіре аласың ба? Кешірім туралы өз ойларыңды жазыңдар?
Топтық жұмыс:
І қатар: Бауыржан Момыщұлы
ІІ қатар: Сайын Мұратбеков
ІІІ қатар: Қазақ ертегісі

«Кешірімділік» туралы мақал-мәтелдер айттыру. Шағын шығарма жаздырту, оқыту, талдау жасату.

Әңгімелердің үзінділерін үш қатарға оқытып, талдату, үш үзіндінің айырмашылығы мен ұқсастығын айттыру
Үй тапсырамы:
М.Мақатаевтың «Не деген керемет күн» өлеңін жаттап келу Өлеңді жаттап, Көзқарас-себеп-мысал-қорытынды әдісімен талдау жасап келу.
Тыныштық сәті: Жай ырғақты әуен тыңдау арқылы тақтадағы нақыл сөздерді оқу. Балалардың назарын тақтадағы нақыл сөздерге аудару, ол сөздерді талдату.
Loading...
загрузка...
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
avatar