Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ғасырдың ғажап азаматы» -

«Ғасырдың ғажап азаматы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1573 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
№ 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Маханова Айдана Рысбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ғасырдың ғажап азаматы»
Сыныбы:9-сынып
Мерзімі: 30.11.2015ж
Сабақтың мақсаты: Елбасының өмір жолымен таныстыру. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Слайд, қанатты сөздер, кітап бұрышы
Мұғалім: 1 желтоқсанда Елімізде Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналғанымен, әлемдік қауымдастық арасында бұрыннан бар. Айталық, АҚШ-та Президент күні 1880 жылдан бері мерекеленіп келеді.
Бұл күн кездейсоқ таң¬далма¬ды. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті.
Қазақстанда президенттік инс¬титут Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты рес¬публика Президенті етіп сай¬лаған 1990 жылдың сәуірінде-ақ құ¬рылғаны белгілі. Бұл оқиға Кеңестер елін қамтыған терең дағдарыс жағдайында, сөз жоқ, өзі¬нің оң рөлін атқарды, мұның өзі қоғамды топтастырып, жұмыл¬ды¬руға қабілетті мемлекеттік билік құрылымына сұранысқа байла¬ныс¬ты берілген жауап еді.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Олай болса «Мен Елбасын құрметтеймін» атты бейнероликке назар аударайық.
Қағаз қиындыларымен топқа бөлу.
І топ- «Балалық шақ»
ІІ топ – «Ағалық шақ»
ІІІ топ – «Даналық шақ».

1-тапсырма: Әр топқа өз атауына сәйкес Елбасымыздың өмірі туралы мәлімет беру тапсырылады.
«Мен жастарға сенемін!» атты бейнероликке назар аудару.
2- тапсырма: Жұптық жұмыс. Сынып оқушыларын жұптау. Әр оқушы жұбын зерттеп, келесі кестені толтыруы тиіс.
Құрбымның мақсаты Менің сенімім Менің ұсынысым



«Қазақ елі осындай!» атты бейнероликке назар аудару.
3- тапсырма: «Елбасына арнау» Әр топтың бір мүшесі елбасына деген өзінің немесе қазақ ақындарының өлеңін оқу.

4- тапсырма: «Елбасына хат»
Құрметті оқушылар! Бір сәт ойланып, Елбасымызға деген ыстық ықыласымыз бен ұсыныс пікірлеріміз болса хатқа түсіріп, алдағы жәшікке салыңыздар.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызды қорытындылай келе, аз да болса Елбасымыз туралы мағлұмат алдыңыздар. Сонымен қатар, бір-бірімізге деген сеніміміз артып, Еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосуға дайын екендіктеріңізге тағы да бір көздеріңіз жетті деген деген ойдамыз.
5-тапсырма: Енді, алдарыңыздағы стикерлерді алып, бүгінгі сынып сағатымызға белсенді ат салысты деген құрбыңызға жақсы бір тілек жаза отырып табыстауларыңызды сұраймын. Ен көп стикер жинаған оқушымызға арнайы сыйлығымыз бар.
Қорытынды сөз мектеп мұғалімдерінде.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.