.
.
Тақырыбы : «1 желтоқсан -Елбасы күні» 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні
Сабақ жоспары | Документы | Тәрбие сағаты Загрузок: 928 | Просмотров: 7167 | Размер: 21.1 Kb | Автор:Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін арттыру. Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Назарбаевтың қанатты сөздері.
Куратор:
Алаулаған алабына нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағын желбірейді төрінде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
Куратор: Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған «Отан дегеніміз өсірген елімізді» атты іс- шарамызды ашық деп жариялаймыз.
« Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтақсанда біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
Н.Ә. Назарбаев кім? Ол – еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
1 оқушы:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
2 оқушы:
Жасыңнан жігіт едің жалын атқан,
Арқаның ақ бораны таңдай қаққан,
Кешегі сұлу жігіт Нұр атаны,
Бүгінде халқы сүйіп, етер мақтан.
Куратор:
Отан деген – әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды барлық елге паш еткен.
Президентім –мақтанышым, тірегім.
Куратор:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман сау жүрші Атамыз.
Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауданында дүниеге келген.
Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, анасының аты- Әлжан, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Ол қаскелен қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. « Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы » ҚР заңына сәйкес барлық жерде 1 желтоқсанда еліміздің Тұңғыш Перзиденті күні мерекеленеді. Олай болса Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әнін тыңдайық.
1991 жылдың 16 желтақсаныңда аңсаған күнге қол жетіп Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.
Куратор:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.
Қазақстан Республикасының Елордасы- Астана қаласы. 1997 жылы қазанның жиырмасында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР –ның астанасы деп жариалау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, еңді Ақмола қаласы ҚР-ның жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Астана қаласында президент сарайы, парламент ғимараты, қонақ үйлер, жастар сарайы, көпқабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар.
∙ Ақорда- Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
∙ Бәйтерек – Астананың басты белгісі.
∙ Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.
∙ Парламент үйі – Өкімет үйі.
∙ Бейбітшілік пен келісім сарайы-әлемдік және дәстүрлі діңдер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.
∙ Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.
∙ Хан шатыры- Астананың ең үлкен ойын –сауық орталығы
∙ Мұхит аралы- мұхит жануарларын көретін орын.
Куратор:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен –кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр сәніміз де,- дей келе Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің » әнімен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.