.
.
Сайднасимов Қайрат Абдулазизұлы НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2564 | Размер: | Автор: ТәрбиеАлматы мемлекеттік энергетика және
электронды технологиялар колледжі
қоғамдық пәндер оқытушысы
НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Сабақтың мақсаты: Нарық ұғымын, нарықтық қатынас заңдарын, түрлерін түсіндіру.
Жетістіктері мен қайшылықтары, экономиканың нарық жүйесінде дамуына нарық пен мемлекет, нарық пен адам арасындағы өзара байланыстарына тоқталып, нарықтың жетістіктерімен кемшіліктерінің мәнін ашу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар тақырыпты тек жаттанды теория түрінде емес, практикалық тұрғыдан терең түсінеді;
2. Пәнаралық байланыстар жүреді;
3. Оқушыларға өзіндік қасиеттердің барлығын көрсете білу мүмкіндігі туады;
4. Оқушының сабаққа, білімге қызығушылығы оянып, ізденімпаздық пен оқу белсенділігін көрсетуге тырысады,
5. Оқушының өзіндік саналы жауапкершілігі қалыптасады.
Түрі: Дәстүрлі емес (Аукцион түрінде)
Әдісі: Интерактивті, ролдік ойын,ізденіс-зерттеу түрінде.
Жаңа түсініктер, терминдер:Тауар, нарық, ақша,құн және баға, ұсыныс және сұраныс заңы,бәсеке және монополия.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. «Доллар» ойыны.
2. «Сатушы мен сатып алушы» ойыны.
3. «Жұмысқа орналасу» ойыны
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
VI. Рефлексия
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Меншік дегеніміз не?
ә) Қазақтың әдет-ғұрып жаңында жер кімнің меншігінде болды?
б) Мысалы: Су тасқыны болып жатыр делік.Талғаттың үйінде катер бар.Адамдарды құтқару үшін Талғаттың катерін ол өзі бергісі келмесе, күшпен тартып алуға бола ма?
(Реквизациялау)
III. Жаңа сабақтың мазмұны мен жүйесі.
- Нарық.Нарықтық қатынас, заңдары.
- Нарық түрлері.
- Нарық жүйесіндегі тауар.
- Ақша және оның қызметі.
- Құн және тауардың бағасы.
- Ұсыныс және сұраныс заңы.
- Бәсеке және монополия.
- Нарық пен мемлекет.
- Нарық және адам.
- Экономикалық тәуелсіздікке бағыт.
IV. Жаңа материалды бекіту, біліктілікпен дағдыны қалыптастыру.
1-ші ойын. (Топтық доллар ойыны) Топты төртке бөлеміз.
Ойын шарты: Ойынға 100.50,25 долларлық ақш банкноттары ойналады. Ойын барысында үй тапсырмалары сұралып, жауап берген оқушыларға жауап деңгейіне байланысты 100.50,25 доллар білімділік еңбек ақысы төленеді.Сабақ барысында басқа барлық пәндермен байланыс жүргізіледі.Әрбір дұрыс айтылған жауаптар және оқушылар белсенділігі бағаланып отырады.Топтық ойынға «Ел мен жер», «Дала мен қала», «Білгірлер», «Әр түрлі», «Терминдер», «Мемлекет», «Қай елдің саяси тұлғалары», «Тау тұлға», «Еуропаға жол» бағыттары бойынша сұрақтар қойылып, білімділік еңбек ақысы төленеді.
2-ші ойын. (Сатушы мен сатып алушы)
Ойын шарты:Ойынға төрт түрлі дақыл шығарылады.Сатып алушыларға жеке шығып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Олар дақылдарды белгіленген бағадан төмендетіп сатып алуы керек.Сатушы бағаны түсірсе 100 жоллар айып төлейді. Сатып алушы арзанға сатып алса 100 доллар үстеме қосылады.Сауда жасауға 5-7 минут уақыт беріледі.
3-ші ойын. (Жұмысқа орналасу) ойыны.
Еңбек нарығында өзіңді қалай көрсетуің керек?
Сұрақ;
1. Жұмысқа қалай орналасу керек?
2. Өз кәсіпкерлігіңді неден бастауың керек?
Ролдік ойынға 2-оқушы қатысады.
1. Жұмыс беруші.
2. Оқу орнын бітіріп келген жас маман.
Ойын шарты: Бір оқушы жұмыс берушінің ролінде
(Мысалы: сауда компаниясының президенті, және т.б. болып ойнаса, екіншісі жас маман ролін атқарады)
«Жас маманның» мақсаты: 3-4 минут ішінде өзінің іскерлік қасиеттерін, мамандығын, қолынан қандай іс келетіндігі туралы айтып шығып, жұмысқа орналасу керек. Жас маманның сөйлеген сөздері мына тұрғылардан бағаланады.
1. Қысқа-нұсқа,нақты, логикаға сай тұрғыдан ойын жеткізе алуы.
2. Компанияға қажетті, өзекті нысананы айқындай білуі.
3. Өз ойын жүйелі дәлелдей алуы. «Маманның» ролінде бірнеше оқушының болуы- баламалы негізде ең жақсы маманды таңдауға мүмкіндік береді.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Нарық және нарықтық қатынас.
2. Ақша қалай пайда болды?
3. Ақша дегеніміз не?
4. Құн және тауар бағасы.
5. Ұсыныс және сұраныс.
6. Бәсеке-монополия.
7. Мемлекет нарыққа қалай араласа алады,
8. Маркетинг дегеніміз не?
9. Маркетинг пен менеджменттің ұқсастықтары.
10. Нарықтың жетістігі-қайшылықтары.
11. Қ.Р.Үкіметі және нарық.
VI. Бағалау.
Сабақ соңында оқушылар табысына «Аукцион» өткізеді. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша
1. «Ең дарынды»
2. «Ең білімді»
3. «Ең ақылды»
4. «Ең сауатты»
5. «Ең тапқыр» бағаланып. Марапатталады.
VII. Рефлексия
1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?
IX. Үйге тапсырма:
1. Нарық. Нарықтық қатынас заңдары.
2. Нарық жетістіктері мен қайшылықтары.
3. Нарық ұғымына қатысы бар 10 терминдік сөздіктерді жазып, түсінігін айту.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.