.
.
9-сыныптың «Адам.Қоғам.Құқық.» пәні бойынша ашық сабақ. Отбасы және жастар.
Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 372 | Просмотров: 1776 | Размер: 22.1 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Отбасы және жастар. Мақсаты: а)білімділік: Отбасы құрудың басты мақсаты. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдарлары.Отбасының тұрпаттары.Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының міндеттері.Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу. ә)дамытушылық:Әркім өз отбасының шежіресін зерттеу арқылы туған-туыстары туралы біліктерін дамыту. б)тәрбиелік:Адамгершілікке,отбасындағы бірлікке,бір-бірін сый- лай білушілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Пікірлесу,сұрақ-жауап,топтық тапсырмалар,ойындар,есеп- ті тапсырма.Жанұя шежіресімен танысу. Көрнекілігі:Фотосуреттер,тірек-сызбалар,мақал-мәтел, нақыл сөздер. І.Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпты ата-аналарымен бірге үш топқа бөлемін.Әр топтың өз аты бар. 1. «Қара шаңырақ».2. «Үлкен отау».3. «Кіші отау». Сабақтың барысы:
Тақырып 2 сағатқа берілгендіктен, бұл тақырып өткен сабақта түсіндірілген болатын,бірден мазмұнын сұрап, талдаудан бастаймыз. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. 1.Отбасы -басты мақсат.Топтар өздерінің аттарына түсініктеме береді. 2.Отбасы. (Көрнекілік бойынша жұмыс.)
Отбасының қызметі:
1 Некеге тұру.
2 Баспананың болуы.
3 Ұрпақ жалғастыру.
4 Материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет.
5 Тәрбиелік қызмет.
6 Түрлі қайшылықтардан шығу.
3.Неке.Көрнекілікті пайдалана отырып,оқушылардың үйден оқып келгендерін сұрау.Бір оқушыдан некеге рұқсат етілмейтін жағдайларды сұрау. 4.Отбасын құру қағидалары.Қазақтардың және Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың отбасын құрудағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Тақтадағы көрнекілікке көңіл аудару.
Қазақ халқы: Ұйғыр халқы:
Шілдехана өткізу. 40 күн қыздың үйінде күтеді.
Қырқынан шығарғанда азан шақырып, ат қойылады. 7-10 күн ішінде молдаға ат қойғыза- ды.
Жеті атаға дейін үйленуге тыйым салынған. Туысқа үйленуге рұқсат.
Тұсау кесу. Тұсау кесу міндетті емес.
Неке жігіт үйінде қиылады. Неке қыздың үйінде қиылады.
Екі халықтың ұқсастығы:
Тілі,діні,кейбір салт-дәстүрлері,ырым-тыйым,мақал-мәтелдері.
-Өздерің көріп тұрғандай заңымыз ортақ болғанымен, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері әртүрлі. Қазақ халқы 7атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген.Өкінішке орай жеті атасын білмейтіндер ,немере, шөбере жиен-нағашылардың өзі бірін-бірі түстеп танымайтындар көбейді.Жесірін тентіретпейтін қазақы қасиет кеміп, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілікті әркез таныта бермейтін болып барады. «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл,құлағы мен жағын жер.» деген халық даналығын ұмытпай,зердемізге тоқуымыз керек. Миға шабуыл.-Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген-жетесіз»деген? (Оқушылардың ойларын білу) -Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен.Оны ғылым дәлелдеп отыр.Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген. Есепті тапсырма. -Ендеше адам қаны ұрпақтарында қанша пайыз болатынын әркім өз дәптерлеріне есептеп шығарсын.Әр ұрпақ сайын 50 пайызға азайтып отырасыздар.Шешімі:
1 Әке 100%
2 Бала 50%
3 Немере 25%
4 Шөбере 12,5%
5 Шөпшек 6,3%
6 Немене 3,1%
7 Туажат 1,5%
5.Отбасындағы балалар ата-аналардың құқықтары. Ата-аналардан сұрау.( Мәтінмен жұмыс жасалады.) 6.Отбасын құра алмау құбылысы. Ойталқы: -Өздерің өмірден көріп жүргендей кей адамдар неліктен отбасын құра алмай отыр? 7.Отбасының тұрпаттары.
1-сызба:
Моногамды Полигамды
2-сызба:
Баланың санына қарай отбасылар:
1 Көп балалы отбасылар (үш,одан да көп бала)
2 Орташа отбасылар (екі бала)
3 Бір баласы барлар.
4 Баласы жоқ отбасылар.
8.Отбасының атқаратын функциясы. Демограф М. Тәтімовтың мәліметтерін келтіріп кету. Президент Жолдауынан үзінді оқу: «2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға 4000 теңге жәрдемақы төленуі тиіс. 2006 жылдың шілдесінен бастап,1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу қажет деп санаймын.»
9.Отбасындағы қарым-қатынастар. Бабалар сөзі –тәрбие көзі. -Үйдегі алтын қазық кім?-депті қарт. -Ата,үйдегі алтын қазық – бала,-депті жігіт. -Жоқ,балам,үйдегі алтын қазық–ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі- қызға үлгі,әке тәрбиесі-ұлға үлгі.Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың, інің сүйенішің,қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем , әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейрімі көзінде,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде,-депті қарт. -Дүниеде ең жақының кім? -Тату болса –ағайың жақын, Ақылшы болса-апайың жақын, Бауырмал болса-інің жақын, Инабатты болса-келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын-қарындасың. «Кім білгір?» ойыны. Ата мұраң-асыл қазынаң. Жалпы сұрақ: -Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?(Сыйлы қонаққа.) -Қандай жілік қыз балаға берілмейді?(Кәрі жілік.) -«Абысын тату болса - ас көп» деген сөз бар.Сондағы абысын кім?(Ағайынды адамдардың әйелдері.) -Бөле деп кімді айтамыз? (Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балалары.) -Қазақтарда үй иесінің атауы? (Отағасы.) -Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.(Әулет.) Топтарға тапсырма: 1.Отбасында туыстығына қарай ер адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Ақсақал,отағасы,енші алған ұлдары,кенже бала,күйеу бала.) 2.Отбасында туыстығына қарай әйел адамдардың дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Анасы,жасына қарай қыздар,келін.) 3.Ренжіскен ағайындардың бір-бірімен татуласуы керектігі туралы ,әсіресе, қай мейрам кезінде көбірек айтылады?(Айт мейрамы кезінде.) «Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: 1.Бала жетіге келгенше(жерден таяқ жейді.) 2.Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым.) 3.Атаңның баласы болма (адамның баласы бол.) 4.Әке көрген- оқ жонар,(шеше көрген-тон пішер.) 5.Баланың ұяты әкеге,(қыздың ұяты шешеге.) 6.Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі.) 7.Ата-бәйтерек,(бала-жапырақ.) 8.Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды.) 9.Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың.) «Мағынасын түсіндір» ойыны: Топтық тапсырма: І. «Тәрбие жалқауды да адам етер, Еркелік жақсыны да надан етер.»
ІІ. «Баланы өте ерке қылып өсірсең не басын жарады,не басыңды жарады.» ІІІ. «Әкесіне қарап ұлын сына, Шешесіне қарап қызын сына.» Менің жанұямның шежіресі. Оқушылар үйден дайындап келген жанұяларының шежіресімен таныстырады. Бекіту тапсырмалары: І топқа: «Бақытты жанұя. Ол қандай?» ІІ топқа: «Жанұядағы жанжал.Оны шешу жолдары.» ІІІ топқа: «Отбасы мейрамдары.Оларды өткізу жолдары.» Қорытындылау. «Менің жанұямның қызықты сәттері...» Оқушылар әкелген фотосуреттерді қарау. Оқушыларды бағалау. Топтарға берген жауаптары бойынша орын беру. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.Тарауды қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.