.
.
Адам. Қоғам.Құқық «Саясат және билік»
Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 337 | Просмотров: 2229 | Размер: 21.2 Kb | Автор: Тәрбие9 - сынып
Сабақ тақырыбы: «Саясат және билік»
Жалпы мақсат: Оқушыларда тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.сыни тұрғыдан ойландыра отырып,саясат және мемлекеттік билік туралы түсінік алады.
Сабақтың міндеттері: 1.Оқушылар саяси жүйе және саяси қызмет субъектілері,халықтың-билік қайнары екендігін ұғынады.
2. сыни тұрғыдан ойландыра отырып,саясат және мемлекеттік билік туралы түсінік алады.
3.Оқушылар құқықтық тәрбие алады.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 65-68 беттер
2. «Адам. Қоғам. Құқық». Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық 92-97 беттер
Күтілетін нәтиже: Алған білімін өмірде пайдалана алатын тұлға.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын ресурстар: Үлестірмелі қима-қағаздар,бағалау парағы,АКТ
Оқыту әдістері: Джигсо 1 стратегиясы
АКТ, диалогтік оқыту,топтастыру, «Домино», «Мозайка» әдістері, «Әткеншек» тренингі. Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
АКТ-мен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс.
Дерек көздері: «Саясат және билік» тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz
Жамбыл облысы,Сарысу ауданы,Жаңатас қаласы,Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих-география пәндерінің мұғалімі:Арыстанбеков Мақсат Байысбекұлы
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын құру. (3 минут)
Сыныпты топқа бөлу (суреттер арқылы)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сәлемдесемін,кезекші арқылы сынып оқушыларын түгелдеу.
2.«Мозайка» әдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.
3.Бағалау парағы және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.
«Оқушының өзін-өзі бағалау парағы»
«Топ басшысының бағалау парағы»
Оқушының аты-жөні Жеке жұмыс Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Шығарма -шылық жұмыс
Оқушының аты-жөні Жеке жұмыс Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Шығарма -шылық жұмыс
«Бағалау критерийлері»:
1.«15-20» «5»
2.«10-15» «4»
3.«5-10» «3»
4.«0-5» «2» 1.Оқушылар сәлемдеседі,кезекші сыныпта кім жоқ екендігін айтады.
2.Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу
3.Топтың атын қояды.
4.Топ басшысын сайлайды.
5.Өзін-өзі бағалау парағы және бағалау критерийлерімен танысады.
I.Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. «Әткеншек» жұптық және топтық жұмыс тренингі.Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңбер етіп,екішеңбер құруға шақырамын.Сыртқы шеңбердегілер ішкі шеңбердегілерге сұрақ қояды,ішкі шеңбердегілер жауап береді.Сағат тілімен сыртқы шеңбердегілер шапалақтың дауысымен ауысып отыруы керек. 1.Мұғалім айтқан тапсырманы орындау.
II. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру: «Ой қозғау» «Ұлт,ұлтаралық қатынас,саясат және билік» (3 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға «Ұлт,ұлтаралық қатынас,саясат және билік» деген сөздер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.Осы сөздер арқылы оқушылар топ ішінде өзара талқылайды,яғни топтық диалогқа түседі. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің ой-пікірлерімен санаса білу.
«Ұлт,ұлтаралық қатынас,саясат және билік» деген сөздер жазылған қима қағаздар алады.Осы сөздер арқылы оқушылар топ ішінде өзара талқылайды,яғни топтық диалогқа түседі.Топтың бір мүшесі жауап береді.
III.Жаңа сабақ:Мағынаны ашу: «Саясат және билік» (20 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.АКТ-ға жаңа сабақтын тақырыбын жазады,жаңа тақырыптан не түсінгісі, білгісі келетіндіктерін яғни сабақтың мақсатын құрысады. (3 минут) 1.Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады және мақсатын АКТ-ны пайдалана отырып құрады.
IV.Топпен жұмыс (17 минут) Джигсо 1 әдісі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Топтарға оқулықтан мәтіндер бөлініп беріледі.
2.Оны плакатқа суреттер арқылы бейнелейді.
3.Оқушыларға өздерінің шығармашылықтарын көрсетуін сұранамын.
4.Постерді қорғау. 1.Мәтінді топ болып оқиды, талқылайды.
2.Постер жасау.
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру.
3.Оқушылар өздерінің шығармашылықтарын (Өлен шумақтары,сурет арқылы және т.с) көрсетеді.
4.Постерлерін қорғайды.
V.«АКТ –ға қарай оырып сергіту жаттығуын жасау» (3. минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау АКТ-ға қарай отырып сергіту жаттығуын жасайды.
ҮІ.Сабақты бекіту: (4 минут)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. «Домино» әдісі. Деңгейлік тапсырма:Топтарға қима қағаздар (Саяси билікті кімдер жүргізеді?,Саяси жүйе дегеніміз не?,Институт ұғымын қалай түсіндіндер?,Халықтың билігі дегеніміз не?) таратылып беріледі.топ болып болып талқылайды,топтың бір мүшесі АКТ –ға жазады.
2. (Топтық жұмыс) 1.Оқушылар өздеріне тиген терминді топ болып талқылайды,топтың бір мүшесі АКТ-ға сол терминнің түсініктемесін жазады.
ҮІІ.Сабақты қорытындылау. (8 минут)
Қорытындылау: Сабақта белсенділік танытқан топқа алғыс білдіремін. (1 минут)
Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері әсер парағына жазады.(2 минут)
Бағалау: Топ басшылары топ мүшелерін қалай бағалағандығын айтып таныстырады.(4 минут)
Үй тапсырмасы: 1.«Саясат және билік» оқу, 92-97 беттер.
2. «Халық-билік қайнары» тақырыбында эссе жазып келу. (1 минут)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.