Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
жеке тұлға және ұжым -

жеке тұлға және ұжым

Сабақ жоспары | Предметы | Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 559 | Просмотров: 5610 | Размер: 37.5 Kb | Автор:
. Сыныбы 9 «А» Күні:___________
Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлға және ұжым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек ұжымы, ұжымдағы адамдардың қарым – қатынасы, ынтымақтастығы, мәдениеті, сыпайылық, әдептілік ұстанымдары туралы баяндау.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: топтық, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма, видеоролик.
Пән аралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру – оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.
2 Үй тапсырмасын сұрау. Адам және адамдардың өзара әрекеттестігі
Сұрақтар арқылы:
1. Адамдар арасында өмір сүруд егеніміз не?
2. Қарым – қатынас деп нені айтамыз.
3. Адамдардың қарым – қатынас ұғымдарына нелер жатады?
4. Қарым – қатынастың жақтарын ата.
5. Лат. Communication - біріктіремін, байланыстырамын қарым – қатынастың қайжағы?
6. Интерактивті жағы ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
7. Қарым – қатынастың перцептивтік жағын түсіндір.
8. Қарым – қатынас түрлерін ата?
9. Адамдардың өмірлік қызмет аясы қандай?
10. Қарым – қатынастың формаларын ата.

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Еңбек ұжымы, қарым – қатынас мәдениеті және этикет.
2. Ұжымдық қарым – қатынас үдерісіндегі демократиялық.
3. Ұжымдағы адамдардың ынтымақтастығының өндіріс үдерісіне әсері.
4. Қарым – қатынастағы сыпайылық, әдептілік ұстанымдары.
Адамның тағдыры, негізінен, ұжымдағы қызметіне, қәсіпқой ретінде орнығуына,қоғамдық қызмет үдерісінде функциялық міндетін атқаруына, өзін ұстай білуіне тәуелді. Адамның әлеуметтік болмысы алдымен оның өмір сүруінің міндетті түрде қоғамдағы өмірмен шарттандырылатынан көрініс береді. Қарым-қатынас- адамдардың өзара әрекеттесу формасы, өзара ақпараталмасу және эмоциялық қатынас актісі. Мазмұны жағынан ол ресми немесе ерікті (бейресми) түрде болуы мүмкін. Қызмет бабында бірдеі лауазымды жұмыстар атқаратын адамдар – инженер мен инженер, ғылыми қызметкер мен ғылыми қызметкер, дәрігер мен дәрігер, директор мен директор, т. б. тең дәрежеде, еркін сөйлесе алады.

4 Видео ролик
Слайд арқылы: Ұжымдағы адам.
Қарым – қатынастың екі жағдайы.
Демократиялы.
Ұжымдағы қызметі алға басу үшін.
Тіл белгілеріне қарай қарым-қатынас түрлері.
Сабақты бекіту: Үлестірмелі тапсырмалар.
1 - топ
1. ----------- бұл – адамдардың өзара -------- формасы, өзара ----------- және эмоциялық қатынас актісі.
2. Ұжымдағы басшыңызбен қарым-қатынас орнатып, қатынастың қай түріне жататынын анықтаңыз.
3. Тест
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз бұл -
а ) әдебитілдің ауызша, жазбаша нормаларын меңгеру
б) мақсат пен істің мазмұнын іріктей алу
в) ойды тиянақты жеткізу
г) барлығы дұрыс

2 - топ
1 Ұжымдық қызмет алға басу үшін қажетті шарттар.
2 Ұжымыңызбен вербалды емес қарым – қатынас орнатыңыз.
3 Қарым – қатынас түрлерін ата.

3 - топ
1 Қарым – қатынастағы демократиялықты түсіндір.
2 Адамдардың белгілі бір --------- қолданып қарым – қатынасқа түсуі
------------------- қарым – қатынас деп аталады.
3 Адамдар арасындағы қарым – қатынастарда біреудің екіншіге
үстемдік жүргізуі құптарлық әрекет пе?

4 - топ
1. Еріктік қатынас тұрғысынан тең пікірлесушілер қарым – қатынасын көрсетіңіз.
2. Төте және жанама қарым – қатынас айырмашылығына тап көрсетіңіз.
3. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрессте қарым – қатынас қалай жүргізіледі?
Үйге тапсырма: «Жеке тұлға және ұжым»
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.