.
.
Мұғалім жайлы мәлімет 1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 443 | Просмотров: 6398 | Размер: 295.7 Kb | Автор: ТәрбиеАты-жөні: Батаева Дина Муханбетовна
Туған жылы: 17.03.1976ж
Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік Университеті
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педөтілі: 15 жыл
Санаты: I (бірінші)
Жетістіктері:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Дипломы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс Хаты, аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты.
Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде «Ел болашағы – қазақ тілінде» және облыстық «Тіл сақшысы» газетінде «Өркениет өрісі» тақырыбында мақалалары жарық көрсе, облыстық тәжірибе алаңының 10 жылдығына байланысты «Тәжірибе алаңы – кәсіби өсу кепілі» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы, республикалық «Ғылыми зерттеулер әлемі» ғылыми журналында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбындағы жұмысы жарияланды.
Курстан өткен жылдары: 2011ж. «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» ,2013ж.Қ.Р. педагог кадрларының біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) денгей бағдарламасын аяқтады.
Оқушы жетістіктері: Әбутәліпова Құндызша аудандық «I Махамбет оқулары» байқауында III орын, Әбіласан Гүлім қазақ тілі және әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасында III орын, Тұрапқалиева Дина облыстық ғылыми жобалар байқауында I орын алғаны үшін I дәрежелі Дипломы мен Республикалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсында I орын, Абдуалиева Гүлбақыт «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі Диплом, Шаймерден Саида «Абай, Шәкәрім оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша II орын, т.б. Сонымен бірге, Тұрапқалиева Динаның аудандық «Өскен өңір» газетінде «Қорқыттың өнегелі сөздері» тақырыбында мақаласы жарық көрсе, Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы» ғылыми журналында «Қорқыт ата кітабы» және оның тарихи тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми ізденіс жұмысы жарияланды.
Ізденіс тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту
Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап...
Қысқа мерзімді жоспар. 1-сабақ
Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып: 9 Күні: 11.03.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: 1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
№ 1 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. 1917 – 1956 жылдардағы тарихи оқиғалар мен қазақ әдебиетіндегі бағыттардың байланысын аша білу.
2. Осы кезеңдегі поэзия, проза, драматургия жанрларының ерекшелігін айқындау.
3. Жекелеген әдебиет өкілдерінің шығармаларының тақырыптарына тоқталу
Күтілетін нәтиже: 1. 1917 – 1956 жылдардағы тарихи оқиғалар мен қазақ әдебиетіндегі бағыттардың байланысын аша біледі.
2. Осы кезеңдегі поэзия, проза, драматургия жанрларының ерекшелігін айқындай алады.
3. Жекелеген әдебиет өкілдерінің шығармаларының тақырып жағынан аша біледі.
Негізгі идеялар:
Сабақ барысында 1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу жасай отырып, ұлттық құндылықтарымызды қастерлей білуге, адамгершілік пен ұлтжандылық қасиеттер қалыптасады.
Уақыт
мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сәлемдесу.
2 Топтық жұмысқа ұйымдастыруға дайындау.
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша
3 топқа жіктеледі. Қол шапалақтау арқылы мадақтау Қағаз қиындылары
3 Үй жұмысы.
Өткен материалдарды ашық сұрақтар арқылы
пысықтайды. Мадақтау, формативті бағалау
Жаңа сабақтың мақсатын айту, түсіндіру, толық ақпарат беру. «Деректер сөйлейді» Тарихи деректер арқылы 1917 – 1956 жылдардағы тарихи оқиғалар мен қазақ әдебиетіндегі бағыттардың байланысын аша
біледі. Берілген тапсырмаларды бірлесіп,ауызбіршілікпен жұмыс жасайды Элек.оқулық
Ин.тақтасы маркер, плакат
Оқулықта берілген тақырып негізінде тапсырмаларды орындату 1-топ. 1917-1956жж қазақ әдебиетіндегі поэзия саласы
2-топ. Проза саласы
3-топ. Драматургия саласына қатысты мағлұматтарды постерге жазады.
Компьютер, интер.тақтасы
Ой қорыту мақсатында әр топқа бөлек тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Топ болып бір шешімге келіп дәлелдейді.
Авторлардың шығармаларынан үзінділер оқиды
Мадақтау, формативті бағалау. Инт. тақтасы, тапсырмасы бар парақшалар,
Жеке оқушылармен жұмыс Авторлардың шығармаларынан үзінділер оқиды
Бағалау Топтар бірін-бірі бағалайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» Формативті бағалау Кері байланыс парақшалары
Үйге тапсырма Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайында ізденіп келу
Сабақтың сәтті тұстары
Сабақтың сәтсіз тұстары
Қысқа мерзімді жоспар. 2-сабақ
Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып:9 Күні: 13.03.2014жыл
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы
№ 2 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
2. Автор шығармашылығын әдебиет тектері бойынша топтастыру
3. Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау
Күтілетін нәтиже: 1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білетін болады.
2. Автор шығармашылығын әдебиет тектері бойынша топтастыра алады.
3. Қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтай алады.
Негізгі идеялар:
Оқушылар Ж.Аймауытовтың өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, ізденімпаздық пен еңбексүйгіштік қасиеттерге, өнерді қастерлей білуге дағдыланады.
Уақыт
мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сәлемдесу.
2 Топтық жұмысқа ұйымдастыруға дайындау.
Оқушылар бағдаршам түстері бойынша 3 топқа жіктеледі. Қол шапалақтау арқылы мадақтау
3 Үй жұмысы.
«Нақ сұрақ, дәл жауап» 1917-1956 жж қазақ әдебиетіне қатысты ашық сұрақтар қойылады
Мадақтау, формативті бағалау
3 Жаңа сабақтың мақсатын айту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады. Берілген тапсырмаларды бірлесіп,ауызбіршілікпен жұмыс жасайды.
Элек.оқулық
Ин.тақтасы маркер, плакат
Оқушыларға берілген тапсырмалар бойынша бірлескен жұмыс ұйымдастыру
1-топ. Ж.Аймауытовтың өмірі
2-топ. Ж.Аймауытовтың шығармашылығы
3-топ. Әдебиеттегі орны
Берілген тапсырмалар бойынша таныстырылым жасайды. Компьютер, Note book, интер.тақтасы
Ой шақыру мақсатында әр топқа бөлек тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Топ болып бір шешімге келіп дәлелдейді. Мадақтау,форма
тивті бағалау. тапсырмасы бар парақшалар,
Жеке оқушылармен жұмыс Оқушылардың таныстырылым барысында тың деректерді ұсынуы
Бағалау Топтар бірін-бірі бағалайды «Бағдаршам»
Жиынтық бағалау
Үйге тапсырма Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романын оқып келу
Қысқа мерзімді жоспар. 3-сабақ
Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып:9 Күні: 14.03.2014жыл
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы
№ 3 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының мазмұны туралы мағлұмат беру.
2. «Қартқожа» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын түсіну.
3. Романның құрылымына талдау жасау
Күтілетін нәтиже: 1. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының мазмұны туралы мағлұмат алады.
2. «Қартқожа» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
3.Романның құрылымына талдау жасай алады.
Негізгі идеялар:
Оқушылардың бойында қиындыққа мойымай төзімді болуға, жарқын болашаққа деген сенімді көзқарас қалыптасуына ықпал етеді.
Уақыт
мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сәлемдесу. Жағымды ахуал туғызу
2 Топтық жұмысқа ұйымдастыруға дайындау.
Оқушылар Ж.Аймауытовтың поэзиялық, прозалық, драматургиялық шығармалары және аудармалары бойынша 4 топқа жіктеледі. Қол шапалақтау арқылы мадақтау
3 Үй жұмысы.
Оқушылар Ж.Аймауытовтың поэзиялық, прозалық, драматургиялық шығармалары мен аудармалары бойынша талқылау сұрақтарына жауап береді, жекелеген шығармаларына тоқталады. Мадақтау, формативті бағалау Талқылау сұрақтары
3 Жаңа сабақтың мақсатын айту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының мазмұны бойынша топ болып жұмыс жасайды. «Қартқожа» романы
Романдағы бөлімдер бойынша топ ішінде танысып, белгіленген уақытта талқылау, жоба дайындау
Романдағы бөлімдер бойынша шығарманың мазмұнымен танысады, талқылауға, жоба жасауға дайындалады. Компьютер, интер.тақтасы
Ой қорыту мақсатында әр топқа бөлек тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Топ болып бір шешімге келіп дәлелдейді. Мадақтау,форма
тивті бағалау. тапсырмасы бар парақшалар,
Жеке оқушылармен жұмыс Жұқа (А), қалың (В), күрделенілген С)тапсырмалар беріледі.
Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағамдайды.
Бағалау Кері байланыс парақшаларын толтырады. Жиынтық бағалау Ауызша сұхбат
Үйге тапсырма Романды толық оқып келу
Қысқа мерзімді жоспар. 4-сабақ
Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып:9 Күні: 18.03.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы
№ 4 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы өзекті ойды айқындау
2. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін сомдай білу.
3. Жазушының романдағы суреткерлік шеберлігін аша білу
Күтілетін нәтиже: 1. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы өзекті ойды айқындай алады.
2. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін сомдай біледі.
3. Жазушының романдағы суреткерлік шеберлігін аша алады.
Негізгі идеялар:
Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.
Уақыт
мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сәлемдесу.
2 Топтық жұмысқа ұйымдастыруға дайындау.
Оқушылар 1-2-3 санау арқылы 3 топқа жіктеледі. Қол шапалақтау арқылы мадақтау
3 Үй жұмысы.
«Автор орындығы» 3 топтан 3 оқушы шығып, топ мүшелерінің ашық сұрақтарына жауап береді.
Мадақтау, формативті бағалау
3 Жаңа сабақтың мақсатын айту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының тақырыбы негізінде оқушыларды сыни тұрғыда ойлап, өзіндік ой қорыта алу дағдылары қалыптасады. Элек.оқулық
Ин.тақтасы маркер, постер
Топтарға талқылау тапсырмалары беріледі.
1-топ. Романның тақырыбы мен идеясы
2-топ. Шығарманың композициялық құрылысы
3-топ. Шығарманың көркемдік тіл ерекшелігін айқындау
Компьютер, интер.тақтасы
Ой қорыту мақсатында әр топқа бөлек тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Топ болып бір шешімге келіп дәлелдейді. Мадақтау,форма
тивті бағалау. тапсырмасы бар парақшалар,
Жұппен жұмыс Концептуальды кестені толтырады.
Мадақтау,форма
тивті бағалау. тапсырмасы бар парақшалар,
Жеке оқушылармен жұмыс Жұқа (А), қалың (В), күрделенілген С)тапсырмалар беріледі.
«Кейіпкерге хат» Мадақтау,форма
тивті бағалау.
Бағалау Екі жұлдыз, бір тілек Жиынтық бағалау
Үйге тапсырма Ж.Аймауытовтың шығармашылығы жайында тың деректер ізденісі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.