Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне дайындалған аттестаттау тапсырмалары -

8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне дайындалған аттестаттау тапсырмалары

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4227 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Бекітілді»----------------- «Келісілді»--------------- «Қаралды»----------
С.Б.Бектұрсынов З.А.Каирбекова бірлестік жетекшісі
комиссия төрағасы ОІЖДО Хаттама №-----------



2010-2011 оқу жылын аяқтау мақсатында
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне дайындалған
аттестаттау тапсырмалары

Билет

№1
1. Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен аңыз-жырлар
2. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
3. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айт

№2
1. Алып – Ер Тұңғаны жоқтау (б.з.д. YII ғ. – б.з. YII ғ.)
2. Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
3. Метафора дегеніміз не? Мысал келтір

№3
1. Орхон ескерткіштері ( YII ғ.)
2. Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасының негізгі идеясы
3. Поэмадан үзінді жатқа айт

№4
1. Қорқыт ата кітабы ( YIII-IX ғғ.)
2. Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні
3. «Адамның кейбір кездері» өлеңінің құрылысына талдау жаса

№5

1. Қорқыттың нақыл сөздері
2. М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңінің негізгі идеясы
3. Өлеңнен үзінді жатқа айт

№6
1. Оғыз Қаған жыры ( YIII-IX ғғ.)
2. М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының тарихилығы
3. Аңыз дегеніміз не?

№7
1. Әбу Насыр Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі идеясы
2. Жыр алыбы Жамбыл
3. «Екінші ұстаз» ойтолғау

№8
1. Ахмет Йасауи хикметтері
2. Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасы. Кейіпкерлері
3. «Елім менің» деген тақырыпқа ой толғап, шағын шығарма жаз.


№9
1. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабы
2. Абай. Он жетінші қара сөз.
3. Абайдың бір өлеңін жатқа оқы

№10
1.Махмұт Қашқари «Диуани лұғати-т-түрк» кітабы
2. М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің негізгі идеясы
3.М.Қашқари жинаған түркі мақал-мәтелдерін жатқа айт

№11
1.Рабғузи қиссалары. «Қарлығаштың адамға достығы».
2. Қ.Қазиев «Менің шешем» әңгімесіне арқау болған оқиға
3. Миф туралы түсінік бер.

№12
1. Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» кітабы
2. Ә.Рудаки өлеңдері
3. Композиция туралы түсінік бер

№13
1. М.Сұлтанқожаұлы толғаулары
2. Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесінің негізгі идеясы
3. «Баланың ата-ана алдындағы борышы» дегенді қалай түсінесің?

№14
1. М.Дулатұлы өлеңдерінің негізгі идеясы
2.Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңінің мазмұны
3. Ана тіліне арнап өлең жаз

№15
1. Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» кітабының көркемдік ерекшелігі
2. Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің композициялық құрылысы
3. Портрет туралы түсінік бер.

№16
1. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
2. О.Һәйәм рубаиларының мән-мағынасы
3. Лирика туралы түсінік

№17
1. Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
2. Ш.Айтматов «Найман ана»
3. Баяндау, суреттеу дегеніміз не?

№18
1. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің тәрбиелік мәні
2. О.Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңінің басты тақырыбы
3. Қайталау туралы түсінік бер

№19
1. Т.Айбергенов «Ана» өлеңі
2. Д.Исабеков «Әпке» пьесасының композициялық құрылысы
3. Анаға деген сезіміңді өлеңмен не қара сөзбен суреттеп жаз

№20
1. Қ.Мырзалиев «Нұр» өлеңінің көркемдік ерекшілігі
2. «Қаздар қайтып барады» әңгімесіне жоспар құр.
3. «Нұр» сөзі кездесетін мақал-мәтел, афоризмдерді жаз.

№21
1. Махамбет «Мұнар күн» өлеңінің басты тақырыбы
2. Т.А. «Күй аңызы» әңгімесіне жоспар құр
3. Монолог дегеніміз не?

№22
1. Рабғузи «Лұқман хакім» әңгімесіндегі адамгершілік идеясы.
2. Абай «Өлең –сөздің патшасы , сөз сарасы» өлең құрылысына талдау жаса
3. О.С. «Арғымақ» өлеңін жатқа айт

№23
1. Орхон жырларының тақырыбы , негізгі идеясы
2. Жамбыл «Сұраншы батыр» дастанының негізгі идеясы
3. Теңеу дегеніміз не?

№24
1.Абай. «Әбдірахман өлгенде» өлеңіндегі Әбіштің тұлғасын сипаттап жаз.
2. «Батыр Баян» поэмасына сюжеттік-композициялық жоспар жаса.
3. Поэмаға сүйене отырып, Абылай ханға мінездеме бер.

№25
1. М.Дулатұлы «Жас қазақтар қайдасың?» өлеңіндегі ақын ойын қара сөзбен
айтып бер.
2. «Шешенің балаларын сүюі» өлең құрылысына талдау жаса.
3. Эпитет дегеніміз не?

Анықтама

8-сынып бойынша қазақ әдебиеті пәнінен билет құрастыруда Қ.Р. білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім берудің стандарты басшылыққа алынды.
Оқулық авторлары: С.Мақпырұлы, Г.Құрманбай, А.Қыраубайқызы
Алматы: «Мектеп» баспасы , 2004.
Билеттер саны – 25. Әр билетте 3 сұрақ берілген. Оның екеуі – ежелгі дәуір және XIX-XX ғ. әдебиеті, әлем әдебиеті бойынша сұрақтар. Үшінші сұрақ әдебиет теориясы бойынша жасалды және шығармашылық жұмыс, мәнерлеп жатқа оқу, шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау сияқты тапсырмалармен толықтырылды.

Пән мұғалімі: А.К.Асанова
5.05.2011жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.