Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақан сері Қорамсаұлы -

Ақан сері Қорамсаұлы

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 270 | Просмотров: 2157 | Размер: 8.2 Kb | Автор: Тәрбие
. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

№75 мектеп - гимназиясы


Ашық сабақ

Тақырыбы; Ақан сері Қорамсаұлы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі: Иманалиева Гүлжан
Жүсіпбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ақан Қарамсаұлы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – ақынның адамгершілік ізгілік
мәселесін көтерген, достық, махаббат еркін-
дігін аңсаған лирикаларын талдау, лирикалық
қаһарман бейнесін ашу; дамытушылық – Ақан
сері өлеңдерін талдау, барысында сұлулыққа,
әсемділікке лайық бейнелі сөз кестелерін табу
оқушыны шығармашылыққа ізденіске баулу;
тәрбиелік – оқушыны әдемілікке, әдептілікке шынайы,мөлдір сезімді қастерлеуге, ізгілікке тәбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері суреті, шығармашылық жинағы
зерттеу еңбектер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын сабаққа бейімдеу, сабақтың өту
тәртібімен таныстырып, назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап.
III Жаңа сабақ.
1. Ақан шығармашылығы – рухани тазалықтың, әсемділіктің үлгісі.
2. Ақан – сезімі нәзік, толғампаз ақын.
3. Ақынның махаббат лирикасындағы поэтикалық сөз бедері.
4. Ойтолғау
Ақан сері – сегіз қырлы, бір сырлы, ұлы талант иесі. Ақынның шығармашылық өнері – тазалықтың, әсемділіктің көрінісі. Ол жай ғана ақын емес, әнші-ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі орындаған. Бұндай өнер иелері қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында біздің ұлттық өнеріміздің мақтанышы болған, сондықтан (Біржан, Ақан, Мұхит, Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай т.б.) бұлар ақындық пен композиторлық жалын бастаушылары еді.
Ақан жас кезінен ұғымтал, өте сирек болып өседі. Жасынан-ақ ән-жырға әуес болып 16-17 жасында-ақ қолына домбырасын алып, ән салып, өлең шығара бастайды.
Ақанның махаббат туралы өлеңдері – лирикаға толы, сезімтал, шыншыл өлеңдер. Ол жастық, бозбалалық сезімді қызықтады, адал достықты, махаббатты ардақтады. Оның махаббат туралы лирикалық өлеңдеріндегі кейіпкерлері махаббатты шын құрметтеген қазақтың сұлулары мен арулары еді
Ақынның әсем , сазды әндері “Сырымбет” , “Үш тоты” , “Мақпал” , “Балқадиша”, қай-қайсысы болса да сұлулықты сүйген, соған табынған жанның өмірдегі бейнесі еді.
Әйелі төмен етекті санаған заманда оларды осынша дәріптегенің Ақанның махаббат туралы өлеңдерін талдау арқылы көз жеткіземіз. Ақан сері 1843 жылдың қыркүйек айында дүниеге келген.

Әділетсіздікті Ақын Сазгер көп көрген

Жалғыз Атбегі
Жаны таза Ақан Құсбегі бәрінен биік

Ешкімге бас Әнші Елдің имеген еркесі

Міне, осындай ел қайғысы мен өз қайғысы қосыла келіп. Ақан жанын жегідей жеп, жүрегі сыздатады. Өз қайғысы дейтініміз – алған жарларының бірінен кейін бірі қайтыс болуы, сүйікті аты Құлагердің мерт болуы, Базаралы деген тазысы, Көкжендет деген қаршығасы, Қараторы атты қыран бүркітімен айырылуы. Осылар ақынның дертке ұшырауына, өмірден түңілуіне әкеп соғады. Өмірдің соңында елден оқшауланып, елсіз тауда жалғыз күнелтеді. Ақан жанын түсінбеген қараңғы ел оны “Жынданды” есептейді. Осылайша Ақанда Біржан сал секілді өмірінің аяғында трагедиялы ауыр хал кешіп, 1913 жылы дүниеден өтеді.
Ақанның жас шағындағы өлеңдерінің басым көпшілігі адам жанының нәзік сезімдеріне, көңіл-күй иірімдерінің әсері мен әдемілігіне құралған. Ә дегенде ауызға ілінетін – сүйіспеншілік, ғашықтық ынтызарлыққа толы өлеңдері.
IV Қорытынды, бағалау.
Үйге: поэмалардан өздеріне ұнағанын жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.