.
.
Атырау облысы Индер ауданы А. Құнанбаев «Ескендір» дастаны
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 284 | Просмотров: 1613 | Размер: 136.1 Kb | Автор: ТәрбиеМ. Әуезов атындағы орта мектеп
10 орыс сыныбында өткізілген сабақтың тақырыбы:
А. Құнанбаев «Ескендір» дастаны
Өткізген: орыс сыныптарындағы мемлекеттік тіл және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Көккөз Күләш Мақсотқызы
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» дастаны
a) білімділік мақсаты : Абай мұрасын тереңдеп, ақынның «Ескендір»дастанының мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу.
ә) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ізденіс- шығармашылық қабілеттерін шыңдау, мәнерлеп оқуға, көркем мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
б) тәрбиелік мақсаты: оқушыларды әділдікке, адамгершілікке баулу, өз бойларына ізгілік қасиеттерін дамыту, даналықты қастерлеуге үйрету.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: А. Құнанбаев (монографиялық зерттеу) М. Әуезов, «Қазақ әдебиеті» С. Мақпыров Т.Сыдықов, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, әлем әдебиеті
Типі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Түрі: «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы, «СТО» технологиясының элементтері
I кезең
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл- ағартушы
А. Құнанбаевтың өлеңдері туралы
Өткен тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берейік.
1. Ақын өлеңдерін жүйелі түрде, ақындық үлгіде нешінші жылдан бастап жаза бастады? (1882 жылдан бастап)
2. Мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдерін білесіңдер? («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»)
3. Адамгершілікті насихаттайтын ақынның қандай өлеңін білесіңдер? («Әсемпаз болма әрнеге»)
4. Осы өлеңді кім жатқа оқиды?
5. Ақынның алдына қойған мақсаты қай өлеңдерінде айтылатын еді? («Өлең сөздің патшасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»)
6. Абайдың табиғат мерзіміне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер? («Жаз», «Жазғытұры», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Күз» өлеңдері жатады).
7. Кім қандай өлеңін жатқа айтып бере алады?
8. Адамдардың әртүрлі мінез- құлықтарын (жаманнан жиренуге жақсыдан үйренуге шақыратын) қандай өлеңдерін білесіңдер?
(«Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»,
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ») атты өлеңдері жатады.
II кезең
Қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевты тану- бүкіл қазақ жазба поэзиясын тану деген сөз. А. Құнанбаев- XIX ғасырдың соңғы ширегінде реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақ әдебиетін дүниежүзілік ең озық әдебиеттердің деңгейіне көтерген ұлы ақын, кемеңгер ойшыл.
Орыс халқының реалистік поэзиясын Пушкин бастап, Лермонтов одан әрі тереңдетіп әкетсе, қазақ әдебиетінде Абайға қазақ әдебиетінің Пушкині де, Лермонтовты да болуға тура келді. Абай өз елінің алға басуының бірден- бір шарты- озық мәдениетке, соның ішінде, жақындағы озық орыс мәдениетіне терең бойлау деп түсінді. Сондықтан Абай- орыстың Пушкин бастаған ұлы таланттарынан үйренуге ерекше мән берген адам . Өмірден жалпы адамгершілік ұлы мағына іздеген Абай шығыстан, батыстан келер жаңа идеяларды селқос қабылдамаған. Өз халқының алға басуына бар жан-тәнімен берілген ақын ешбір ойды екшемей-талғамай ала салмаған, ол тек халқына пайдалы деген, алға сүйрер ойды ғана алған. Сол алға бастар ойды Абай орыстың ұлы классиктеріне – Пушкиннен, Лермонтовтан, Белинскийден, Чернышевскийден, Толстойдан, Салтыков – Шедриннен тапты.
Академик – жазушы М. Әуезов: «Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер, ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп – төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі– қазақ халқының есте жоқ, ескі заманнан жиып, өсіріп
келген өз даналығы- халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көркейтті.
Екінші бір қол артқан қазынасы – араб, парсы , түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы.
Үшінші үлкен өнер, мол білім алған зор саласы- орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті.
Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді»
Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей Абайдың рухани байлығының үшінші қайнар көзі- орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті.
Міне, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны туралы.
Шығыстың- Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындарының шығармаларымен сусындаған Абай қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытты. Абай мұрасы өте бай. Өлеңдерінен басқа Абайдан қалған үш поэма бар. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы сақталмаған. Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен , соның ішінде бұрынғы шығармаларындай , өз ортасы , өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған.
Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын көбінесе, өзіне қажет ұстаздық , тәрбиелік ой- мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.
Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманисттік ой- пікірін тереңірек танытатыны да- «Ескендір». «Ескендір» поэмасы шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайы» деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Шығыста Ескендір, орыс және Еуропа елдерінің айтуынша Александр – бар дүние жүзі халықтарының аңыздарында, ертегі, дастандарында ерекше орын алған адам.
Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған.
Абай жасаған Ескендір бейнесінің маңыздылығы оның шын өмірі мен әрекеттерін тарихи тұрғыда жақындатты. Ескендірдің прототипі ежелгі Македония шаһарынан шыққан атақты қолбасшы Александр Македонский.
Шығыс әдебиетінде Ескендір мадақталып, «патшаның патшасы» азат етуші деп суреттелсе, Абай оның жауыздық, тойымсыздық қасиеттерін сынға алады.
Абай да Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі болған Александр Македонскийдің өміріне арналған терең философиялық поэмасы негізінде алдын -ала берілген іздендіру тапсырмалар бойынша мынадай сұрақтарға жауап берейік.
1. Ескендір туралы қандай шығармалар, қандай аңыз, әңгімелерді білесіңдер және ол кімнің прототипі?
2. Аристотель деген кім?
3. Дастанның тарихи шындықпен қандай байланысы бар?
III кезең
1 деңгей
Оқушылар, біз Шығыста Ескендір, орыс және Еуропа елдерінің атауынша Александр Македонский тураы жазылған аңыз- әңгімелер, шығармалар туралы жан- жақты таныстық. Дастанның тарихи шындықпен қандай байланыс бар екенін білдік. Енді оқулықтан «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқиық.
Дастан бойынша білімдерімізді бекіту мақсатында жетекші сұрақтарға жауап берейік
1. Ескендір қандай қиындыққа кездесті?
2. Ол қандай сыйлық алды?
3. Аристотель сыйлықты қалай тексерді?
4. Аристотель қандай ғибрат айтты?
5. Ескендір қандай шешімге келді?
Ескендір
Дастандағы кейіпкерлер Аристотель
Мифологиялық аңыздар (жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, ормалға түйілген сүйек.)
Әскер жиып қарулану
Дастандағы Ескендірдің әрекеті жауға аттану
Қырып жою
Қаласын тартып алу
Дәйектеме Шағын мінездеме
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартты.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, көп елді күтінбеген қырды, жойды.
Шөлге шыдамаған қызметшілерді өлтірмек болды.
Ескендір патша деген жер жүзіндегі соғыста бәрін жеңген. Тойымсыз, дүниеқоңыз, көрсе қызар
Жауыз, озбыр, қанішер
Қара басының қамын ойлайды.
Мақтаншақ, даңққұмар
2- деңгей
қолбасшы
ынсапсыз тарихи тұлға
даңққұмар патша
зұлым қатыгез
Александр Македонский
(Абай дастанындағы Ескендір)
Қанағатсыз
Грек философиясының негізін қалаушы
Әлемдегі ұлы ұстаз дана
Аристотель
Александр Македонскийдің бас кеңесшісі
«Салыстырмалы мінездеме»
3- деңгей
Аристотель хәкімге патша келді:
- Мына сүйек қазынасының бәрін жеңді
Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы?- деді
Хәкім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды,- деген жолдардағы «Бір уыс топырақ ненің символы?» тақырыбының төңірегінде ой өрбітсек.
адамгершілік
даналық қанағатшылдық
ақылдылық
кісілік қасиеттерді бойыма жинадым деп ойлаймын
Сабағымызды қорытындылай келе, «Ескендір» поэмасының идеясы әділетсіздікке, басқыншылыққа ғана қарсы шығу емес, адамгершілік қасиеттерін ашып,кісілік мұраттарға жетелейтін қанағат атты сипатты дәріптеп, ұрпақтарына серік ету. Аристотельдің Александр Македонскийдің ұстазы болғанын біз тарихтан білеміз. Ал Абайдың ұлы ойшыл, данышпанның бейнесін сомдау себебі оның ақыл мен білімді, парасаттылық пен даналықты жоғары санағандығынан туған.
Жалпы әлем әдебиеті тарихында Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми, Абай сиякты тұлғалар уақыт өткен сайын, заман өзгерген сайын биіктей беретін тұлғалар деп сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау.
Үйге тапсырма 4 деңгей «Даналыққа бастайтын жол» шығарма жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Абай Құнанбаев (монографиялық зерттеулер) М. Әуезов
2. Қазақ әдебиеті (методичекое руководство) 10 сынып
Алматы «Мектеп» 2006 жыл 79-80 беттер
3. Қазақ әдебиеті I бөлім С. Мақпыров, Т.Сыдықов
Алматы 1995,53-54 беттер
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.