.
.
Әдебиеттік оқу 2 - сынып А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3089 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: автордың өмірі, шығармашылығымен таныстыру; мысалдың мазмұнын меңгерту; тәрбиелік мәнін ашу; бидай, қаңбақ жайлы жаңа мағлұматтар беру; өз ойын, пікірін дәлелдей білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушыларды дауыстап, дұрыс, мәнерлеп, кейіпкердің образына кіріп оқуға машықтандыру; сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: мақтаншақтық, уақытты босқа өткізу, жеңілтектік сияқты жат мінездерден аулақ болуға үйрете отырып адамгершілік қасиеттерге, еңбекке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: сахналық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, оқу, іздену, топпен жұмыс, көрнекілік, сахналау, ББҮ кестесі, эссе.
Сабақтың көрнекілігі: А. Тоқмағамбетов суреті, тақырыпқа байланысты слайд, оқу құралдары, кестелер, бидай мен қаңбақтың атрибуттары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар өмірде,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Әуенмен айтқызу.
б) Үй тапсырмасын қорытындылау:
- Өлең сенде қандай көңіл күй туғызды?
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Біздің облысымыз қүзде қандай дәнді дақылдарды жинайды?
- Күзде пісетін бақша дақылдарын ата.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Жұмбақ шешкізу.
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (Бидай)
2. Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – «Бидай мен Қаңбақ» атты мысалмен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Жаңа ақпараттармен танысу.
- Асқар Тоқмағамбетов кім?
- Бидай туралы не білесіңдер?
- Қаңбақ қандай өсімдік? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
2. ББҮ кестесімен жұмыс. /Кестенің «білемін», «білгім келеді» бөліктерін толтыру/
Бидай Қазақстанда өсіріледі
Бидайдың түрлері
Одан нан өнімдері жасалады
Қаңбақтың пайдасы бар ма?
Қаңбақ – шөп
А. Тоқмағамбетов – ақын, жазушы, жерлесіміз
Нан туралы мақал - мәтел, тақпақ
3. Мұғалімнің түсіндірмесі. /Слайд арқылы/
а/ АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ (19. 09. 1905 — 21. 08. 1983 ж. ж.) Қызылорда облысы., Тереңөзек ауданы, бұрынғы ХҮІІІ партия съезді атындағы кеңшарда дүниеге келген — ақын, жазушы.
1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады:
1. Кеңшар, ауыл өмірі;
2. Елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары;
3. Отан қорғау, ерлік;
4. Халықтар достығы тақырыптары.
Шығармалары: «Біздің Сәуле», «Қош, аман бол», «Бәтиманың хаты», «Күт мені», «Сүйген жарға», т. б. әнге арналған өлеңдері. Тоқмағамбетов проза жанрында «Қыран тұғырдан ұшады», «Ақ - моншақ» (О. Бодықовпен бірге) повесі, «Әке мен бала» романы, «Қарбаласта» т. б. Тоқтағамбетов «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы «Күлкі - сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953). Марапаттаулары: 1 - дәр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
ә/ БИДАЙ — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50 - 70%- ға дейін, ақуыздар 10%- дан 20%- ға дейін жетеді. Сондай - ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
б/ ҚАҢБАҚ – бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Каспий, Арал теңіздері атырауында, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Үстүрттің солтүстігінде, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Мойынқұм, Балқаш – Алакөл ойысының саз топырақты шөлді аймақтарында өседі. Биікт. 15 – 60 см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, бұтағы өте қалың, тікенегі көп болады, тамыр жүйесі әлсіз. Мал азығы, оны әсіресе түйе сүйсініп жейді.
Ақ қаңбақ деген түрі — қалампыр тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның құмды далаларында, өзен жағаларында, тақырланған жерлерде өседі. 1 га жерден 40 — 50 ц пішен алынады. Тамыр ұнтағы жүн жууға, сабын, шампун өндіру өнеркәсібіне қолданылады. Шөбінің тұнбасын бауыр ауруын емдеуге пайдаланады.
4. Оқулықпен жұмыс.
а/. Оқып, талдау.
Мысалды оқып, мазмұнын ашып, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
- Дұрыс айтқан бидай ма, қаңбақ па?
- Бидайдың қандай пайдасы бар?
- Нан қалай жасалатынын айт.
- Төменгі сөздер қай кейіпкерге байланысты айтылған?
«Онда қандай салмақ болсын!»
«Уф» десе, ұшасың,
«Суф» десе, қонасың.
Ұшарыңды жел біліп,
Қонарыңды сай біліп,
Сайран салып жүргенің.
Жиғанымыз дән,
Айналамыз толған ән.
Абырой да, даңқ та,
Ерлік те, жеңіс те –
Барлығы осы егісте.
Көктемде шығып,
Күз болса бұғып.
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
а/ Іштей оқу. ә/ Дауыстап, тізбектей оқу. б/ Рөлмен оқу.
ә/ Топпен жұмыс.
1 - топ. Қаңбаққа мінездеме бер.
2 - топ. Бидайға мінездеме бер.
3 - топ. Мысалды сахналап көрсетіңдер.
2. Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жазады.
Нанға байланысты тыйым сөздер жазғызу.
« Нанды баспа. Ысырап қылма. Жегеннен қалған нанды жерге тастама, обал болады. Нанды бір қолыңмен үзбе».
3. Қорыту.
- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
Кестемен жұмыс. (ББҮ) Кестенің «үйрендім» бөлігін толтыру
............ Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі
(Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай).
Құрамында минералдар бар (калий, кальций, магний, фосфор т. б).
Қаңбақ - мал азығы; облысымызда өседі; тамыр ұнтағы жүн жууға, сабын, шампун өндіру өнеркәсібіне қолданылады. Шөбінің тұнбасын бауыр ауруын емдеуге пайдаланады.
Мақтаншақтық, сөзуарлық, өз қадірін білмеу, жеңілтектік, уақытты босқа өткізу – жаман әдет.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
1. Мысалды мәнерлеп оқып келу, өлеңді өз сөзімен баяндауға дайындалу.
2. « Егер, мен қаңбақ болсам,...» эссе жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.