Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аққу – киелі құс -

Аққу – киелі құс

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2650 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Аққу – киелі құс
Сабақтың мақсаты: 1.Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беру,поэманың тақырыбы мен идеясын ашу.
2.Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
3.Туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке,табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: постер әдісі,сатылай кешенді талдау элементтері,СТО стратегиясы әдістері,сұрақ-жауап,кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үлестірме қағаздар(А3 форматты)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру(сыныпты үш топқа бөлу)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (әр топқа А3 форматты қағаздар беріледі)
Әр топ поэманың бөлімдері бойынша өз сезімдерін қағазға түсіреді.Аққуды бейнелеген суреттерді көрсетеді.

Кіріспе
1.Поэманың авторы кім?
2.Поэманың кейіпкерлері кімдер?
3.Поэма оқиғасы не туралы?

ІІІ.Жаңа сабақ
(тақтаға күн жады,тақырып жазылады,сабақ мақсаты таныстырылады)
Сабақтың эпиграфы: Бес нәрсеге асық бол...
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз,- деп Абай ақын жырлағандай,адам осы бес асыл іске жақын болуы керек.
Ендеше,балалар, бүгінгі сабағымыз осы бес асыл істен- «Талап», «Еңбек», «Терең ой», «Қанағат», «Рақым» атты бес бөлімнен тұрады.

Талап (талап туралы сұралады,үлестірме қағаздар беріледі.Кейіпкерлер туралы өз ой-сезімін қағаздарға түсіреді,оны дәлелдейді)
«Талапты ерге нұр жауар» дегендей,бұл бөлімнің тапсырмаларына кезек берейік.
І топ.Аққу туралы
ІІ топ.Ана туралы.
ІІІ топ.Жылқышы қарт туралы.

Еңбек(еңбек туралы сұралады)
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» - демекші, «Еңбек» бөлімінің тапсырмаларына кезек берелік.

Тақтамен жұмыс.Топтастыру стратегиясы.

Мұқағали кім?

Терең ой(терең ой туралы сұралады)
«Ойлай білсең -дана боларсың,
Ойнай берсең- бала боларсың»- деген халқымыз.Ендеше,ойланып «Терең ой» бөлімінің тапсырмаларына жауап берелік.
1.Жетімкөл қайда орналасқан?Ақын оны неге теңеп суреттеген?
2.Жетімкөлге аққулар оралған ба?
3.Жетімкөл суының қандай пайдасы бар?
4.Бала қандай күйде жатыр еді?
5.Көл жағасында отырған ананың жүрегі неге солқылдап басылады?
6.Ана не себепті қасиетті аққуға оқ атты?
7.Аққулар осындай сәтті күткен бе еді?
8.Жылқы бағып жүрген қартты не мазалады?Ол ананы көргенде не жайында сұрады?
9.Ана үйге оралғанда қандай жағдай болды?
9.Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
10.Қасиет пен қасірет туралы не айтасыңдар?

Кітаппен жұмыс
1.Поэмадан аққулардың Жетімкөлге оралған сәтін тауып оқы.
2.Әке мен ананың диалогын тауып оқы.
3.Аққуды атар кездегі ана әрекеті көрінген тұсын тауып оқы.
4.Мезгілсіз сапарға аттанған аққуларды суреттеген сәтін тауып оқы.
5.Жылқышы мен ананың диалогын тауып оқы.
6.Бала өлімін көрген ананы бейнелеген тұсын тауып оқы.

Мынау кім?
1.«Әй,балам!...
Болмады ғой,болмады ғой...
Қасиет кетті көлден,сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін,ауылға қайт,олжаны қой!»

2. «Ошақ басы,отбасы,көрмеппін ғой,
Дүние-ау,сен осындай керемет пе ең?»

3. «Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі!
Балам өлсе,бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.»

4. «Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?!»

5. «Білмеймін,сор аттың ба,бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деп неге айтты?

6. «Қазір,ботам...
Мінеки,таң атады...
Қазір,ботам,аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың,құлыным...балапаным!» деп неге айтты?

Қанағат(қанағат туралы сұралады)
«Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар»,-деп халқымыз тегін айтпаған.Ендеше,осы бөлімнің тапсырмаларын орындайық.

Дәптермен жұмыс
Тақырыбы –сұлулық,махаббат,зұлымдық
Идеясы – табиғатты аялау,сұлулықты бағалай білу,адамгершілікке тәрбиелеу
Кейіпкерлері – ана,аққу,жылқышы
Көркемдігі- теңеулер (тамшысындай,қарақшыдай)
Эпитеттер(айдын көл,ақ отау,жас бұлбұл,тәтті үн,қомағай көкқұтандар,ақ мүсін,қара орман,қатыгез,сұрқай ойлар,жаралы аққу)
Метафора – (айдын – төсек,ақ төсек – аппақ айдын,аққу - бала)
Диалог,монолог,экспозиция,аллитерация,пейзаж

Шығармашылық жұмыс.РАФТ стратегиясы
Р –мектеп оқушысы
А – ана
Ф – хат
Т –қасиет

Сұрақтар:
1.Қалай ойлайсыңдар,баланы қалай емдеуге болар еді?
2.Ананың орнында сен болсаң не істер едің?
3.Егер сен автор болсаң,поэманы қалай аяқтар едің?
4.Ғасырдың ғаламат ақыны атанған Мұқағали Мақатаев артында қандай мұра қалды?
5.Аққу туралы қандай өнер туындаларын білесіңдер?(С.Сейфулиннің «Аққудың айырылуы»,Қорқыт бабаның,Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері.Айгүл Үлкенбаева. «Аққу» күйін тыңдату)

Рақым(рақым туралы сұралады)
Эвристикалық әңгіме
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақтан қандай әсер алдың?
-Сабақтың қай тұстары саған ерекше ұнады?

Қорытындылау. «Мұқағалидай ақыны бар халық –бақытты халық» деп Фариза ақынымыз айтқандай,ақын поэзиясымен сусындап,өнеге алып отырған сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар.

Үй тапсырмасын беру:поэмадан өзіне ұнаған шумақтарын жаттау

Бағалау.
1.Оқушылардың өз-өзін бағалауы
-Сенің ойыңша қай оқушы сабаққа белсенді қатысты?

2.Мұғалімнің бағалауы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.