Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аңыз әңгімелер. Қожанасырдың тойға баруы. -

Аңыз әңгімелер. Қожанасырдың тойға баруы.

Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 298 | Просмотров: 5772 | Размер: 67.0 Kb | Автор: Тәрбие
. 5 сынып Қазақ әдебиеті
Муслимова Назгуль Муратовна
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
№61 ЖББОМ КММ Қарағанды қаласы
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. Қожанасырдың тойға баруы.
Сабақтың мақсаты:
А) Аңыз-әңгімелер туралы мағлұмат беру, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету.
Ә) Оқушылардың тіл байлықтарын арттырып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, тілдерін дамыту, өз ойын тұжырымдай білуге қалыптастыру.
Б) Аңыз әңгімелер арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру. Ізденімпаз, ұйымшыл, болуға ықпал ету.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың типі:Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, Ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), флипчарт.

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. а) амандасу; б) назарларын сабаққа аудару.
Сабақ оқушылар бір-біріне сәттілік тілеуден басталады.
1 кезең
-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар.
Қазақ халық ауыз әдебиеті ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан. Халық өмірден жинаған бай тәжірибесін келесі ұрпаққа сөз өнерімен жеткізген. Халық ауыз әдебиеті түрлері кейін жазба әдебиетінің жан-жақты дамуына ықпал жасаған.
-Біз халық ауыз әдебиетінің қандай салаларын білеміз?
-Балалар, сызбаны толтырайық. (1 флипчарт сандық)
Халық ауыз әдебиеті

жұмбақтар мақал-мәтелдер жаңылтпаштар ертегілер аңыз-әңгімелер
(ережесін жатқа айту+жұмбақ, мақ.)
Венн диаграмма (салыстыру)

2 кезең
Халық ауыз әдебиеті әдептілікке, әділдікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа,
бірлікке,ынтымаққа, достыққа, еңбексүйгіштікке, батылдыққа үйретеді.
Аңыз-әңімелер ережесін айту, дәптерге жазу.
Жұмбақ жасыру.
Ал енді балалар, қазір біз пазл шешу арқылы бүгінгі аңыз-әңгімеміздің кейіпкерінің атын анықтаймыз. (флипчарт)
т з ъ а ы
қ и а в й
г о п с у
ж э н ц р

Жаңа сөздермен танысу.
Аңыз-легенда
Әңгіме-рассказ
Баяғыда-давным-давно
Біреу-кто-то
Ешкім елемепті-никто не заметил, не обратил внимания
Төр-почетное место
Сыйламау-не уважать
Жең-рукав
Құрметтеу-уважать, оказывать почести
Шапан-верхняя мужская одежда
3 кезең
Мәтінді бөлу
1 топ. Мәтінді оқып, аудару.
2 топ. Мазмұнын айту.
Нақыл сөз. Түріне қарап кісі алма, сөзіне қарап кісі ал.
Қожанасыр мен үй иесі туралы ойларыңды білдіріңдер
Қожанасыр Үй иесі
Қандай?
Өте қу, айлакер, шешен, ақылды Сараң, кісіні сыйламайды
3 кезең
Сергіту сәті.
Мына сөйлемдерді мәтін бойынша дұрыс, бұрыстығын анықта.
Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта аңыз әңгімелерден алған білімімізді тиянақтау үшін сайыс өткізіледі.Сынып оқушылары өз білімін, іскерліктерін байқату үшін сайысқа түседі.
Ой шақыру.
1.Аңыз -әңгімелер дегеніміз не?
2.Бүгін біз қандай аңызды өттік?
3. Орыс әдебитеніде Қожанасырға ұқсайтын қандай кейіпкер бар?
(Иван дурачок, Емеля и т.д) (Алдар Көсе, Ертөстік)
4.Қонаққа бару және қонақ қабылдау дәстүрі түрлері туралы пікір алмасайық.
Мәтінмен жұмыс «Қожаның аты».
Үйге тапсырма: Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін мәтін мазмұнын сахналауға дайындау)
Бағалау.
Толғаныс сәті:
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.