.
.
Сабақтың тақырыбы: «Абай-кемеңгер ақын» «Абай-кемеңгер ақын»
Сабақ жоспары | Предметы | Әдебиеттен ашық сабақтар Загрузок: 365 | Просмотров: 2429 | Размер: 72.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру;
Дамытушылық: қосымша материалдарды ізденуге,ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектерін зерттей отырып, елін сүюге, адамгершілік, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру, монтаж-компазиция сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, зерттеу, дәлелдеу, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, буклеттер, рефераттар,
«Абай елі»бейнефильмі,топтарға арналған тапсырмалар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II.Сабақтың масатымен таныстыру
III.Жаңа сабақ. Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды "қазақтың бас ақыны" деп бағалады. Шынында да, Абай - қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген.
Абай өлеңдері "қиыннан қиысып", "айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен" көңілге ұялайды. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік ой-толғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.
Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат жарасымын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды.
Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.
Сондықтан да ұлы жазушы М. Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі",- деп бағалады
Бүгінгі сабағымызда 2-топ жұмыс істейді.
1-топ. «Зерттеушілер» тобы ( Олар Абай өмірін зерттейтін шығармашыл топ)
2-топ. «Сарапшылар» тобы ( Олар Абай шығармашылығын сараптап, баға берушілер)
1. Сөз кезегін «Зерттеушілер» тобына береміз.
а)Абай өмірбаяны
б)Абай өмір сүрген кезең
в) Абай ұрпақтары
г) Абай достары
Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, кызықты етіп әңгімелеп беретін.
Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.
Абай-ұлы ақын, аудармашы, компазитор, мысалшы, этнограф,
ағартушы ,философ дейсіңдер,қане,кім дәлелдеп береді?
2.Сөз кезегін «Сарапшылар» тобына береміз
а)Абай –ұлы ақын
б)Абай -аудармашы
в) Абай -компазитор
г) Абай –этнограф
ғ) Абай- философ
(Әр топ мүшесі берген бағаларын мысалдармен дәлелдейді)
а)Абайдың түсінігінде ақын-алмасқылыш ұстаған батыріспеттес, ел қамын жейтін ер, патриот азамат. Абай үшін ақындық өнер-қоғам түзетуші құдіретті күш,әділетсіздікті бетке айтатын,қара ылды қақ жарғыш әділ қазы, қараға да, ханға да ой салатын ақылшы,қоғамджы түзетуші ұстаз.
б) Абай Крыловтың,Пушкиннің шығармаларын аударған (түсінік беру
в) Абай әндері -өмірмен байланысты туған. Мәселен «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»деген өлеңінің Біржан әндерін өз аузынан тыңдаудан туған т.б
Сабақты бекіту: «Абай елі» бейнефильмін көрсетемін
Сабақты қортындылау: Тест сұрақтары
«Зерттеушілер» тобына
1.Абай ең бірінші өлеңін неше жасында жазды?
а)11 жаста түйешіге арнаған ә) 10 жаста түйе қуған әйелге
2. Абайдың әжесі мен әкесінің аты
а)Құнанбай,Ұлжан ә) Зере, Құнанбай
3. Абай Семейде неше жыл оқыды?
а)3жыл,10 ай ә) 3жыл
4. Абай Михалспен қайда танысты?
а)театрда ә) кітапханада
5. «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабы қай жылы басылып шықты?
а)1949 ә) 1956
«Сарапшылар» тобына
1.Қарасөз дегеніміз не?
а)арабтың «дана сөз»дегені ә) латынның «асыл сөз»дегені
2. «Адам хайуаннан ақ жүрегімен, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді»нешінші қарасөзі
а)17 сөз ә) 14сөз
3. Абай аудармасын тап
а)Ескендір поэмасы ә) «Теректің сыйы» М.Ю.Лермантов
4. Күн барда қашып құтыла алмайсың, күн жоқта іздеп таба алмайсың. Бүл не? Қандай нақыл сөз шығады
а)көлеңке, дос туралы ә) көңіл күй, байлық туралы
5. Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады өзен..
Қай өлеңнен үзінді, қандай троп кездеседі
а) Жазғытұры, кейіптеу ә) күз, бейнелеу
Қорытынды сөз. Балалар бүгін сендер Абай атамыздың өміріне, шығармашылығына терең зерттеу жұмыстарын жүргіздіңдер.Абайды оқыған ұрпақ қалың елінің қамын жейтін нағыз патриот азамат, Абайды оқымаған қазақ қазақ емес. Абай өлеңдернің, шығармаларының өз өмірлеріңе үлгі алатын тәрбиелік мәні жоғары, құнды туындылар.
Абайдың дүниеден кеткеніне едәуір уақыт болса да, оның көптеген айтып кеткен ойлары әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ және маңызды, қазіргі уақыт талабы мен талғамымен үндес.
Бүгінгі сабағымды Абайдың мына өлең жолдарымен қортындылағым келеді.
Кең дәрен, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып,
Біріңді-бірің –қадыр тұт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Білімді бағалау.
Үй тапсырмасы: «Абай-кемеңгер ақын» шығармаға дайындалып келу.
Султанбекова Шынар Серікқазықызы
1976 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келдім.
Қазіргі таңда Талғар ауданы Еркін ауылы
№26 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Болып жұмыс істеймін. Еңбек өтілі 15 жыл.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.